Талдықорған: +22°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда Конституцияның 30 жылдығына орай мерекелік медальдар табысталды

29.08.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда Конституцияның 30 жылдығына орай мерекелік медальдар табысталды

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев ел дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар жетісулық азаматтарға мерекелік марапаттар тапсырды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында көпшілікті облыс әкімінің атынан Конституцияның 30 жылдығымен құттықтаған Әлібек Жақанбаев тәуелсіз ел тарихындағы Ата Заңның рөлі, Жетісу облысының соңғы үш жылда қол жеткізген табыстары туралы қысқаша айтып өтті.

— Бүгін ортамызда отырған ардагерлер, сіздер Конституция қабылданған жылдарда сол елдік шаралардың бел ортасында жүрдіңіздер, сондықтан да бұл тарихи кезең маңызын жақсы түсінесіздер. Қазіргі кезде де қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, бай тәжірибелеріңізбен бөлісіп жүрсіздер. Жалпы бүгін марапатқа ие болғалы отырған қай-қайсыларыңыздың болсын ел дамуына қосқан үлестеріңіз елеулі. Жетісу облысы құрылғаннан бері әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жағынан республикада алдыңғы қатарында келеді. Ол әкімдіктің ғана емес, барша облыс халқының еселі еңбегінің жемісі. Алдағы уақытта да ынтымағымызды танытып, бірлесіп еңбек етеміз деп сенемін, — деген Ә. Жақанбаев 8 жетісулық азаматқа «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалін табыстады.

Марапатқа ҚР Парламентінің депутаттық корпусының ардагерлері, қоғам қайраткерлері Оралбек Жақиянов, Жомартқали Жексенбинов, Ермек Келемсейіт, облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева және жергілікті атқарушы органдарда еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер Айнұр Дауылбаева, Арман Қабаев, Анар Сарымолдаева, Серік Смағұлов ие болды.

Кеудесіне мерейтойлық медаль таққандардың бірі «Ардагерлер ұйымы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Ермек Келемсейіт Конституция қабылданған жылдардағы естеліктерін ризашылықпен еске алады. Өзінің айтуынша, ол кезде Панфилов ауданы «Үлкенағаш» өндірістік кооперативінің төрағасы қызметінде еді.

— Референдумнан бірер ай бұрын газеттерде жаңа Конституцияның 7 тармақтан тұратын жобасы жарияланып, халық арасында қызу талқыланды. Біздің ұжым да бірнеше ұсыныс жолдадық, сол кезеңде жалпы саны 12 мыңдай ұсыныс түсіпті. Олар түгелдей сарапталып, кейін 9 тармақтан тұратын Конституция бекітілді. Сол 1995 жылы 30 тамызда референдумға бала-шағамызбен бірге қуанышты күйде бардық. Өйткені 1991 жылдан бастап тәуелсіз ел болып қалыптасудың, тарихи санамызды жаңғыртудың нақты қадамдары жасалып, халықтың рухы көтерілді, ертеңге деген сенімі берік орнықты. Референдумнан кейін Ата Заң бекітілген соң сол жылдың 9 желтоқсанында алғаш рет қос палаталы Парламенттің депутаттары сайланды. Біздің облыстан екі палатаға 5 депутат енді, сол қатарда Мәжіліске мен де сайланып, елдің құқықтық базасын нығайтуға белсене атсалыстым. Кейін 2022 жылы референдум арқылы Ата заңымызға халықтың көкейіндегі мәселелерді қамтыған тиісті өзгерістер мен толықтырулар жасалғанына, халықтың тұрмыс сапасын көтеруге бағытталған президенттік түбегейлі реформалар жүргізіле бастағанына куә болдық. Конституция – өркенді дамуымыздың бірден бір кепілі. Сондықтан осындай үлкен өзгерістер бізді жаңа белестерге бастайтынына сенеміз, — дейді Е. Келемсейіт.

Еске салсақ, Конституцияның 30 жылдығына орай облыста 300-дей іс-шара өткізілді. Сол қатарда әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды іске қосу, тегін заңгерлік кеңес беру сияқты көптеген ауқымды шаралар бар.

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.