Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Биыл Жетісу облысында «Сарыөзек-Көктал» жолының жөндеу жұмыстары аяқталады

3 қыркүйек 2025
КҮЛТӨБЕ
Биыл Жетісу облысында «Сарыөзек-Көктал» жолының жөндеу жұмыстары аяқталады
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы жылдың күзінде Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолының (0-45 км) жөндеу жұмыстары аяқталады. Сол сияқты «Сарыөзек ауылын айналып өту» (0-7 шақырым) жолындағы құрылыс жұмыстары да бітеді. Бұл туралы Кербұлақ ауданының тұрғындарымен кездесу барысында белгілі болды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Өткен жылғы кездесуде уәде бергендей, «Алацем» зауыты өз қаражаты есебінен «Сарыөзек-Көктал» автожолының бойында ұзындығы 38 шақырым және Сарыөзек ауылын айналып өтетін 7 шақырым технологиялық жолдарын салды. Енді жүк көліктері жаңарған «Сарыөзек-Көктал» автожолын бұзбайтын болады, — деді кездесу кезінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев.

Оның айтуынша, көліктердің шамадан тыс жүк тасымалдауының алдын алу мақсатында былтыр «Сарыөзек-Көктал» автожолының 51-ші шақырымына автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылған. Осындай жүйені биыл қараша айында жолдың 6-шы шақырымына, яғни «Алацем» цемент зауытының жанындағы учаскеге де орнату жоспарланып отыр. Бұл жүйелер ауыр жүк көліктерінің «Сарыөзек-Көктал» жолын бұзуына жол бермейді.

Сондай-ақ «Сарыөзек-Қорғас» автожолының 113 шақырымы жөнделді, ал биыл қалған 135 шақырымын жөндеуге қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары қараша айына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, сөйтіп жалпы ұзындығы 248 шақырым жол толықтай қалпына келтіріледі.

Жергілікті маңызы бар жолдар да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, Шанханай, Шұбар, Көксу ауылдарында жалпы ұзындығы 12,7 шақырым болатын 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Қарашоқы ауылына кіреберіс жолды, Жаңалық, Сарыөзек, Майтөбе ауылдарындағы көпірлерді жөндеу және Малайсары ауылына кіреберіс жолдарды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін толық аяқталады.

Қатысты жаңалықтар

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Бүгін, 09:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.