Жетісу облысында «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне Наурыз мерекесіне арналған арнайы шара өтті.
Шекарашылар балаларға мерекелік сыйлықтар табыс етіп, балалармен бірге мерекелік көңіл-күйде уақыт өткізді. Балалар өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.
Ұжым басшысы шекара сақшыларына жылы лебізін білдіріп, алғыс айтты. Мереке балалар үшін ерекше әрі ұмытылмас сәттерге толы болды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департементі





