Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2025 жылдың 25 қыркүйегінде 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттың қатар айналысы аяқталатынын хабарлады.
Ұлттық Банктің мәліметінше:
-
Барлық екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі 5000 теңгелікті үш жыл ішінде жаңа үлгідегі банкнотқа айырбастайды.
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары банкноттарды мерзімсіз айырбастауға қабылдайды.
Сонымен қатар, заңды төлем құралы болып саналатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес құқық бұзушылық болып табылатыны ескертілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жетісу облысындағы филиалы





