Жетісу облысында полицейлер мас жүргізушіні дер кезінде тоқтатып, жол-көлік оқиғасының алдын алды.
Көлік құралын алкогольдік мас күйде басқару – бұл тек заң бұзушылық емес, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп. Мас күйде рөлге отырған әрбір адам өзіне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Себебі бір сәттік қате әрекет орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Талдықорғанда дәл осындай жағдайда полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Ер адам Nissan Almera автокөлігін мас күйде жүргізіп, жүргізуші куәлігінсіз жүргені анықталды. Автокөлік айыптұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай әрекет үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Іс материалдары сотқа жолданды.
Қырағы полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды. Құқық қорғау органдары жүргізушілерге мас күйде көлік басқармауды және өз өмірі мен өзгенің өміріне қауіп төндірмеуді ескертеді.
Дереккөз: Polisia.kz





