Талдықорған: +40°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер

16.08.2026
КҮНДЕРЕК
Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Астана қаласындағы Qazaq Creative алаңында өтіп жатқан «Жетісу – Елорда төрінде» мәдени-креативті жәрмеңкесінің екінші күні. Бас қаланың тұрғындары таңмен таласа көрмеге келіп, өздеріне ұнаған бұйымдарды тамашалап, Жетісудың дәмінен ауыз тиіп, қалаған дүниелерін сатып алуда.

Жәрмеңкенің WELCOME ZONE аймағы – Жетісудың табиғатын, тарихын және туристік мүмкіндіктерін заманауи цифрлық шешімдер арқылы таныстыратын мазмұнды кеңістік. Мұнда табан тіреген меймандар Жер жаннаты Жетісудың тұмса табиғатын цифрлық кеңістіктен тамашалап, ерекше әсер алуда.

Көпшіліктің назары Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жас ғалымдары құрастырған смарт электромотоциклге түсті. Жас ғалымдар әйгілі «Harley-Davidson» моделінің негізінде электрлі мотоцикл жасап шығарған. Көлікті мүмкіндігі шектеулі жандар да оңай басқара алады. Ол экологиялық тұрғыдан таза әрі жүк тасымалдауға да қолайлы.

Ғалымдар командасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына қатысып, грант жеңіп алған. Қазіргі таңда университет ғалымдары электр энергиясымен жұмыс істейтін үнемді әрі ыңғайлы көлік құралдарын өндіретін цех ашып, отандық өндірісті дамытуға өз үлестерін қосуда. Көпшілікті қызықтырған бұл көліктің де өз иесі табылып, ғалымдарды қуантты.

Дана халқымыз «Шебердің қолы ортақ» деп текке айтпаған. Кең әрі жарық залда қолөнершілер Сайдылхан Зайт пен Бақытжан Егеннің бұйымдары қойылған. Жәрмеңкенің алғашқы күнінен-ақ шеберлердің қолынан шыққан қазақы ою-өрнекпен нақышталған былғары белдіктер, асқан төзімділік пен қажырлы еңбекті талап ететін бәкі-пышақтар және сәнді әшекей бұйымдар көпшілік көңілінен шығып, саудаға түскен.

Шебер Сайдылхан Зайттың айтуынша, жеке кәсібін «Атамұра» деп атауының да өзіндік тарихы бар. Себебі кәсіп атадан әкеге, әкеден балаға мұра болып жалғасып келеді.

– Атам да, әкем де мықты шебер еді. Осы бұйымдарды жасауды бала күнімізден көріп өстік. Енді міне, өзіміздің отбасылық кәсібімізге айналды. Ұл-қызым да өнерге жақын. Атажұртқа көшіп келіп, Текелі қаласына қоныстандық. Жаман болған жоқпыз. Ата кәсібімізді одан әрі жаңғырттық. Жәрмеңкеге шағын шеберханамыздан шыққан 200-ден астам бұйым алып келдік. Астана жұртшылығына ұнап жатыр. Сатып алып, алғыс айтып жатқандар көп, – дейді шебер.

Сайдылхан Зайттың қызы Айдана Жаркеннің де өз қолымен жасаған бұйымдары көз жауын алады. Жас шебер алғашында білезік жасаудан бастап, кейін жүзік жасауға ден қойған. Енді алдағы уақытта қыз-келіншектерге арналған түрлі алқа жасауды жоспарлап жүр. Шеберлер күмісті тікелей Қытайдан алатындарын айтты. Себебі ол жақтан алынатын күмістің сынамасы – 999,9. Мұндай күміс өзінің тазалығымен ерекшеленеді екен.

Дәстүрлі қолөнермен, соның ішінде ер-тұрман және ат әбзелдерін жасаумен айналысатын шебер Бақытжан Егеннің күміспен көмкерілген ертоқымы ер азаматтардың көзіне бірден түсті. Оған қызықпаған адам кемде-кем. Алтынмен апталған, күміспен қапталған құрама ертоқымға шетелден де тапсырыс беретіндер жоқ емес.

Кейіпкеріміз Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында көркем қыш (керамика) және мүсін мамандығы бойынша кәсіби білім алған. Бұл бағыт мүсін, дизайн және бейнелеу өнері салалары бойынша маман даярлауды қамтиды.

– Көксу ауданынан арнайы отбасымызбен келдік. Ата-анам, інім, келінім – бәріміз де қолөнермен айналысамыз. Ата-анамның қолынан келмейтіні жоқ. Өзімнің қолөнерге деген алғашқы қызығушылығым 3-сыныпта оқып жүрген кезімде басталды. Есім жазылған қолға тағатын білезік жасап, кейін оны мектепке апарып саттым. Осылайша алғаш рет өз еңбегімнің жемісін көріп, табыстың дәмін таттым. Содан бері ата-анамнан түрлі бұйым жасаудың қыр-сырын үйреніп келемін.

Неке жүзігін жасау аса қиын емес. Алдымен адамның саусақ өлшемін алып, күмісті балқытып, қажетті қалыпқа келтіреміз. Бұл – сүйіп атқаратын ісім.

Осы көрмеге шақырғанда қуана келістім. Себебі бүгінгі жастардың не істеп, қандай іспен айналысып жүргенін көпшілікке көрсететін кез келді деп ойлаймын. Әдетте үлкендердің «қазіргі жастарға көңіліміз толмайды» дегенін жиі естиміз. Ал біз сөзбен емес, нақты іспен дәлелдеп жүрміз. Еңбегімізбен өз жолымызды қалыптастырып, ата-анамыздан алған өнерді әрі қарай жалғастырамыз, – дейді жас шебер.

 

Ағаштан жасалған бұйымдар таныстырылатын QAZYNA HALL аймағында да жұрттың қарасы қалың. Дәстүрлі музыкалық аспаптарды тамашалаған көпшілікті күймен қарсы алған Тілеш Намазбековтың осы салада еңбек етіп жүргеніне 35 жылдай уақыт болған. Музыкалық аспап жасайтын шеберханасынан шыққан дүниелерге сұраныс жоғары.

Жәрмеңкеге шебер ұмыт болып бара жатқан қалақ домбыраны ерекше әдіспен жаңғыртып алып келген. Ол әр аспапқа үлкен жауапкершілікпен қарайды. Шебер үшін домбыра жасау – жай ғана қолөнер емес, ұлттық аспаптың табиғатын терең түсініп, дәстүрін сақтауды талап ететін өнер.

– Белгілі күйші Қаршыға Ахмедияров та домбыра жасауда қалыптасқан өлшемнің маңыздылығына ерекше мән беру керектігін айтқан. «Домбыраны әркім өзінше жасамай, өлшемін қою керек» деген еді. Сондықтан мен осы сөзге тоқтап, белгілі бір өлшем қалыптастырдым. Бүгінгі көрмеге жаңашылдық енгізуді ойлап, ерекше домбыраларға тұғыр жасадым. Ол тұғырдың өзін табиғат жасап берді десем, артық айтқаным болмас. Мәселен, Қаратал өзенінің жағалауына жиі барып, ағаштардың тамырларын, ерекше бұталарды іздеймін. Бір күні судың шетінен ерекше майысқан ағаштың тамырын таптым. Жоғарғы жағы қыран бүркітке ұқсағандықтан, домбыраға да құс бейнесін өрнектедім. Бір қарағанда ерекше көрінеді. Міне, адам табиғатпен етене байланыс орнатуы керек, – дейді Тілеш Намазбеков.

Жәрмеңкенің алғашқы күнінде-ақ 200 мың теңгелік домбырасын сатқан шебер Ертай Өміртай Түркі әлемінің аспаптарын жасаумен айналысады. Үшарал қаласындағы шеберханасында 10 шәкірт тәрбиелеп келеді. Ол қазіргі заман талабына сай түрлі кәдесыйлар да жасайды. Шертпе күйге ойқастай билеген «Ортеке» қуыршағы да көпшіліктің қызығушылығын арттырды.

Сырымбет ауылында тұратын қолөнер шебері Шәмен Жұманұр – ұлттық өнерді ұлықтап, атадан балаға жалғасқан қолөнер дәстүрін дәріптеп жүрген жандардың бірі. Ол 2010 жылы Қытайдан атамекенге қоныс аударып, қазақтың дәстүрлі қолөнеріндамытуды қолға алған.

Шебер алғашқы кезде бұйымдарын түгелдей қолмен жасаған. Уақыт өте келе кәсібін жетілдіріп, бүгінде арнайы станоктың көмегіне жүгінеді. Дегенмен, әр бұйымның өзіндік ерекшелігін сақтап, дәстүрлі әдіс пен заманауи мүмкіндікті ұштастырып келеді.

Шәмен Жұманұрдың қолынан шығатын ерекше бұйымдардың бірі – сиыр терісінен жасалған торсық. Теріні өңдеп, оған ұлттық нақыш бере отырып, тұрмыста қолдануға да, кәдесый ретінде ұсынуға да жарайтын көркем дүниелер жасайды. Шебер үшін бұл – кәсіп қана емес, бабадан қалған өнерді бүгінгі ұрпаққа жеткізудің бір жолы.

Жәрмеңке сөресіне тізілген шебердің әдемі астауларын өзге этнос өкілдері асқан қызығушылықпен тамашалап, сатып алып жатқандары қуантты.  

Жәрмеңкенің алғашқы күнінде 2 миллион теңгеден астам өнім сатылды. 4 мың 100 елордалық мейман Жетісудың тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық қолөнерін, туристік әлеуеті мен заманауи креативті индустриясын тамашалауға келді. Қазақи нақышты заманауи стильмен ұштастырған атақты дизайнер Зере Есенбай 40 миллион теңге көлемінде келісімшарт жасасты. Елорда төріндегі бұл шара өңірдің тек табиғаты көркем өлке ғана емес, өнері өркендеген, талантты жастары мен еңбекқор шеберлері бар аймақ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Бекайдар Ғалымжан, Астана қаласының тұрғыны:

– Жетісу облысының жәрмеңкесі өтетінін естіп, алдын ала дайындалдым. Бес жасар ұлым Ахметті де ертіп келдім. Өзіме ат әбзелдері, ұлттық музыкалық аспаптар қатты ұнады. Шеберлердің ой-қиялынан шыққан қайталанбайтын дүниелер таңғалдырды. Ертоқымға қатты қызықтым. Жылқым болғанда ойланбастан алар едім. Балам ұлттық дүниелерімізді көзімен көрсін, қазақтығын ұмытпасын деген мақсатта әр заттың тарихын айтып, қолымен ұстатып көрсеттім. Естелікке музыкалық аспап аламын. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.

 

Александра КУСТОВСКАЯ, қала тұрғыны:

– Әр облыстың өзіндік тарихы бар. Біз барлық өңірдің жәрмеңкесінде болдық. Бірақ Жетісудан бір ерекше жылылық байқадық. Әсіресе келген әр қонаққа ұсынылған құрт, жент, ірімшік, бауырсақ, қымыздың дәмі ерекше ұнады. Отбасыммен Ташкен, Әзербайжан мемлекетіне шипажайға барамыз. Ал радонды және минералды сулары мен емдік балшығы бар «Жаркент-Арасан» шипажайын білмеппіз. Осыдан бірнеше жыл бұрын Дагестаннан тәтті салатын ағаш ыдыс алған едім. Оны сонау жерден көтеріп жүрсем, өзіміздің шеберлеріміз де одан да әдемісін жасапты. Тіпті, жүннен жасаған бұйымдарды көріп таңқалдым. Торғай облысында 83 жастағы анам қой ұстайды. Бірақ біз тек етін пайдаланамыз. Ал Жетісудан келген шеберлер жүннен қаншама әдемі дүние жасаған. Жетісу өлкесінің кеңдігіне, адамдарының мейірбан, шебер екеніне көзімжетті. Жәрмеңкеден астау, бал тағы өзіме қажетті бірнеше зат алдым.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Суреттерді түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ

Астана қаласы

Қатысты жаңалықтар

Ем іздеп, кәсіп ашқан жан

Ем іздеп, кәсіп ашқан жан

16.08.2026
Қиындыдан құндылық жасаған шебер

Қиындыдан құндылық жасаған шебер

16.08.2026
Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер

Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер

16.08.2026
Жетісудың киносы елордалықтардың назарында

Жетісудың киносы елордалықтардың назарында

16.08.2026
Бақытты бала – қуатты қоғамның негізі

Бақытты бала – қуатты қоғамның негізі

16.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.