Көксу ауданы Талапты ауылынаншыққан шебер Шынар Онжанованыңқолөнер бұйымдары Qazaq Creativtалаңында өткен «Жетісу – Елордатөрінде» мәдение-креативті жәрмеңкесіндекөпшілікке ұсынылды. Ұлттық өнер мен тарихи мұраны сабақтастырып, атадан балаға жалғасқан дәстүрді жаңғыртқан шебердің өніміне екі күнде де сұраныс артты.
Түрлі түсті маталарды үйлестіріп, көз тартарлық өрнек шығаратын бұл өнер шеберлікті ғана емес, төзім мен талғамды қажет етеді. Дәстүрлі өнерді заманауи сипатта дамытып жүрген шеберлердің қолынан шыққан әрбір бұйымнан ұлттық нақыш пен туған жерге деген сүйіспеншілік аңғарылады.
Шынардың құрақ өнеріне деген қызығушылықты, шеберліктің қыр-сырын әжесі Келіман Рамазановаға қарап үйренген. Келіман апа да қолынан іс келетін, өнердібағалаған шебер жан болған. Әжесініңісмерлігін көріп өскен кейіпкеріміз ұлттықөнерді бойына сіңіріп, бүгінде оны өзқолтаңбасымен жалғастырып келеді.
Шебердің шығармашылығындағы ерекше бағыттың бірі – туған жердің тарихын құрақ өнерімен сабақтастыру. Шынар Онжанова Талапты ауылы маңындағы Ешкіөлмес тауында орналасқан тарихи петроглифтерден шабыт алып, көне дәуірден жеткен таңбалар мен бейнелерді құрақ арқылы жаңғыртып,мәдение-креативті жәрмеңкеге келушілерге ұсынды.
Түрлі түсті маталарды ұқыпты үйлестіре отырып жасалған бұл туындыда ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымынан сыр шертетін петроглифтер заманауи қолөнер үлгісінде көрініс тапқан. Бұл – құрақ өнерін тек тұрмыстық бұйым жасаудың тәсілі ретінде емес, тарихи-мәдени мұраны дәріптеудің тиімді құралы ретінде пайдаланудың өзіндік үлгісі. Көне петроглифтердің құраққа түсуі арқылы Талапты жерінің тарихы жаңа сипатта көпшілікке ұсынылды. Шебердің бұл еңбегі туған жердің мәдени мұрасына деген құрметін ғана емес, ұлттық өнердің мүмкіндігі мол екенін де көрсетеді.
Шынар Онжанова – кәсіби шеберлігін түрлі байқау мен шығармашылық жобада да дәлелдеп жүрген ісмер. 2022 жылы «Құрақкөрпе» байқауында жүлделі орын иеленсе, 2023 жылы Қытайда өткен халықаралықфестивальде II орынға ие болған. Сондай-ақ«Аламан құрақ» жобасына қатысып, ұлттыққолөнерді насихаттауға өз үлесін қосыпкеледі. Шебердің қатысуымен өткен ЮНЕСКО-ның құрақшылар байқауында рекорд жасалып, нәтижесінде ұлттық өнердің бұл жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енген. Мұндай ауқымды жобаларға қатысқан шебер ауылда отырып-ақ ұлттық өнерді әлемдік деңгейде танытуға болатынын дәлелдеді.
Ісмердің еңбегіне мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілген. 2022 жылы мемлекеттікбағдарлама аясында 555 мың теңгекөлемінде қаржылай қолдау алып, қажеттітігін машинасын сатып алған. Бұл мүмкіндікшебердің жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, тапсырыс көлемін арттыруына жол ашқан.
Бүгінде Шынар Онжанованың өз үйіндешағын шеберханасы бар. Мұнда ол қызжасауын, құрақ көрпе, төр көрпе және басқада ұлттық нақыштағы бұйымдардытапсырыспен жасайды. Әр бұйымға шеберүлкен жауапкершілікпен қарап, матаныңтүсін, өрнектің үйлесімін, әр бөлшектіңорналасуын мұқият таңдайды.
– Мен үшін құрақ тігу – жай ғана кәсіп емес. Бұл қасиетті өнер әжемнен, анамнан қалған аманат. Мен осы істі ары қарай жалғастыру, туған жердің тарихын дәріптеу, ұлттық өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізуді өзіме аманат етіп алдым. Кешелі бері біраз сыпыра саттым. Астаналықтарға қатты ұнады. Құрақтарым да жақсы өтіп жатыр. Осындай мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Қазақтың иісі аңқып тұратын дәл осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылса екен, – дейді қолы алтын ісмер.
Беркелі шаңырағында отырып-ақ Шынар Онжанова Жетісудың тарихын, табиғи-мәдени мұрасын құрақтың әр қиындысына сыйғызып келеді. Әжеден жеткен аманатты ардақтап, тарихты құраққа таңбалаған Шынардың шебер қолы осылайша Жетісудың рухани мұрасын жаңғыртып келеді. Бәлкім, бүгінгі құраққа түскен көне таңбалар ертеңгі ұрпаққа туған жердің тарихын танытатын тағылымды мұраға айналар.
Еңлік КЕНЕБАЙ
Суретті түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ
Астана қаласы





