Талдықорған: +40°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ем іздеп, кәсіп ашқан жан

16.08.2026
КҮНДЕРЕК
Ем іздеп, кәсіп ашқан жан
WhatsAppTelegramFacebook

Адамның өзіне қажет нәрседен кәсіп табуы – ізденістің, еңбекқорлықтың және табандылықтың нәтижесі. Сәуле Дүйсембекованың жүн өнімдерінен түрлі бұйым жасап, кәсіпке айналдырғаны осының айқын дәлелі. Елорда төріндегі жәрмеңкеде шебер қолынан шыққан әдемі бұйымдарын ұсынды.

Төрт жылдан бері жүнді кәдеге жаратып, одан ұлттық нақыштағы әрі күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасап жүрген Сәуле Дүйсембекова бұл кәсіпке денсаулығына байланысты келген. Негізгімамандығы – энергетик. Алайда аяқ сырқатыоның өміріне жаңа бағыт әкеліп, жүн өнерінмеңгеруіне себеп болған.

Аяғым ауырып, артроз диагнозы қойылғаннан кейін массаж алуға бардым. Сол жерде мамандар жүннен аяқ киім киюгенемесе жүнмен массаж жасауға кеңес берді. Содан ауылдан жүн алдыртып, ғаламтордан қарап, өзіме аяқ киім жасапкидім. Кейін тағы да жасап көрдім. Осылайша денсаулығымды жақсартуменқатар, кәсіпкер болып шыға келдім, – дейдіол.

Жаңа істі қолға алмас бұрын СәулеДүйсембекова үш ай бойы жүн өңдеу мен одан бұйым жасау тәсілдерін зерттеген. Арнайы маманнан дәріс алмай, көп нәрсеніөз бетімен үйренген. Алғашқы кезде ауылданжүн алдырып, оны өзі жуып, түтіп, тазалапдайындаған. Бүгінде жұмысы жолғақойылып, өңделген, таза жүнді дайынкүйінде сатып алады.

Шебердің айтуынша, кейде тапсырыскөбейіп, бір айда 20 келі жүннің өзіжеткіліксіз болып қалады. Бұл оныңөнімдеріне деген сұраныстың артып кележатқанын көрсетеді.

Сәуле жүннен аяқ киім, шұлық, тақия, шапан, кәжекей және заманауи үлгідегікүртеше жасайды. Әр бұйымның дизайнында өзі әзірлейді. Ұлттық нақышты заманауисәнмен ұштастыруға тырысатын шебердіңөнімдері өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Жүнді бояу үшін Түркияның арнайыбояуларын аллады.

Жүннен жасалған бұйымдардың ішіндеаяқ киімге сұраныс ерекше. Әсіресе Астана тұрғындары шебердің өнімдерінжәрмеңкеден көріп, тез арада сатып алуда. Сәуле үшін мұндай жәрмеңкелер – тек саудажасайтын орын емес, тәжірибе алмасып, жаңа адамдармен танысатын, өз өнімінкөпшілікке таныстыратын орта.

Жәрмеңкеге келген әр адамға шебержүннің қасиеті, одан жасалған бұйымдардыңерекшелігі туралы айтып, өз тәжірибесіменбөліседі. Денсаулығына байланысты осы кәсіпті бастағандықтан, оның әңгімесікөпшілікке қызықты.

Сәуле Дүйсембекова ІІ топтағы мүгедектігіне қарамастан, еңбектен қол үзбей, керісінше, өзгелерге жол көрсетіп келеді. Ол Дүниежүзілік инклюзивті форумға қатысып, жүлделі III орынға ие болған.

Шебердің қоғамға берер тағы бір үлкенүлесі – мүмкіндігі шектеулі жандарға бұлөнерді тегін үйретуі. Оның айтуынша, адамның бойында қызығушылық пен ынтаболса, кез келген істі меңгеруге болады.

Жүн өніміне қызыққандарға тегінүйретемін. Жастар кешке дейін телефонғақарамай, осындай іспен айналысып, табыстапса деймін. Көмек сұраған адамдардыңүйіне барып, өзім үйретіп жүрмін. Олардыңқоғамнан шет қалып қоймағанын қалаймын, – дейді шебер.

Бұл сөздің астарында Сәуленің жекекәсібінен бөлек, қоғамға дегенжанашырлығы жатыр. Ол өз білгенін өзгеменбөлісу арқылы адамдарға жаңа мүмкіндіксыйлауды көздейді. Бір адамның қолөнергедеген қызығушылығы ертең кәсіпке, ал кәсіптұрақты табысқа айналуы мүмкін.

Шебердің ендігі үлкен арманы – жүнөнерін дамытатын шағын орталық ашу. Олжерде жүн өңдеу мен одан бұйым жасауғақызығушылық танытқан жандарға шеберліксабақтарын өткізіп, әсіресе мүмкіндігішектеулі азаматтар мен жастарды қолөнергетартқысы келеді.

Сәуле Дүйсембекованың шағыншеберханасы бүгінде өз үйінде орналасқан. Осында отырып-ақ тапсырыс қабылдап, бұйымдарын дайындайды. Бір кездеріденсаулығын жақсарту үшін жүннен аяқ киімжасап көрген шебердің қарапайымтәжірибесі бүгінде кәсіпке айналды.

Оның тарихы – қиындыққа мойымай, өзмүмкіндігін тиімді пайдалана білген жанныңөнегесі. Денсаулығын түзетуге себеп болғанжүн бүгінде Сәуле үшін табыс көзіне, шығармашылыққа және өзгелерге жолкөрсететін кәсіпке айналып отыр.

Кәсіпкердің өнімін алған астаналық Роза Қалиасқардың қуанашында шек жоқ. Ол: «Расымен жүннің пайдасын біле бермейді екенбіз. Өткен жолы кітап оқып, адам денсаулығына пайдасын білгенде бірден іздестірдім. Таза жүннен жасалатын өнім біздің елде тым аз екен. Жетісудың жәрмеңкесіне аяқ асты келе салған ем, іздегенімді таптым. Бағасы да қолжетімді.  Бас киім, аяқ киім алдым. Осындай дүние жасайтын қолы алтын шеберлерді қолдау керек», – дейді астана тұрғыны.  

Жәрмеңкеден табыс тауып қана қоймай, жаңа адамдармен танысып, өз өнерін көпшілікке таныстырып жүргеніне шебердің өзі де қуанышты. Себебі оның әр бұйымының артында еңбекпен келген тәжірибе, ұлттық өнерге деген құрмет және адамға пайда тигізсем деген ниет жатыр.

Жүннен бұйым жасап, одан кәсіп тапқанСәуленің мақсаты – тек өнім өндіру емес. Олөз еңбегі арқылы «мүмкіндік әр адамда бар» деген сенімді дәлелдеп, өзгелерге де жаңажол ашуды көздейді.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Суреттерді түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ

Астана қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Ем іздеп, кәсіп ашқан жан

Ем іздеп, кәсіп ашқан жан

16.08.2026
Қиындыдан құндылық жасаған шебер

Қиындыдан құндылық жасаған шебер

16.08.2026
Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер

Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер

16.08.2026
Жетісудың киносы елордалықтардың назарында

Жетісудың киносы елордалықтардың назарында

16.08.2026
Бақытты бала – қуатты қоғамның негізі

Бақытты бала – қуатты қоғамның негізі

16.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.