Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Таза Қазақстан»: Жетісудың Панфилов ауданында бір жаңа саябақ салынып, тағы екі саябақ жөнделді

24 қараша 2025
КҮЛТӨБЕ
«Таза Қазақстан»: Жетісудың Панфилов ауданында бір жаңа саябақ салынып, тағы екі саябақ жөнделді

Жеңіс Ысқабай, Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында демеушілердің қолдауымен Жетісудың Панфилов ауданы Талды ауылында бір саябақ салынса, келесі жылы Жаркент қаласында тағы бір жаңа саябақтың құрылысы жоспарланып отыр. Сол сияқты жергілікті бюджеттен Атамекен ауылындағы және аудан орталығындағы саябақтар жөнделді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Өңір басшысының айтуынша, Панфилов ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.

— Жаркент қаласында 4 көпқабатты үйдің ауласына ағымдағы жөндеу жасалды. Жаркент, Ақжазық, Аққұдық, Сарытөбе, Кішішыған елді мекендерінде балалар және спорт алаңдары салынып, Надек, Үшарал, Ақжазық, Алмалы, Әулиеағаш, Жаркент-Арасан ауылдарының 8 көшесіне 500-ге жуық жарық шамы орнатылды, — деп атап өтті Б. Исабаев.

Сол сияқты «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер мұражайының маңайы көркейтілген. Головацкий көшесінің Жібек жолы-Масаншы көшелерінің аралығындағы бөлігінде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Еске салсақ, 2023 жылы қоғамдық тыңдалым кезінде тұрғындар «Арбат» типіндегі серуен алаңын жасау туралы ұсыныс айтқан болатын. Соған сәйкес қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, жоспар әзірленіп, қазір «Арбаттың» құрылысы жүріп жатыр. Онда шатырлар, орындықтар орнатылып, шағын архитектуралық формалар қойылып, көпшілік серуендейтін әдемі демалыс орнына айналуда. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады. Оған қоса Жібек жолы даңғылының шығыс бөлігін де абаттандырылуда, құрылыс нысаны келесі жылға өтпелі. 

Осы аталған жобалардың нәтижесінде 500-дей ағаш егіліп, автоматты суару желісі орнатылады. Көшелердің жалпы көлемі 20,7 мың шаршы метр болатын учаскесі абаттандырылады.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы бұл шаралар халықтың қолайлы әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Бүгін, 10:12
Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Бүгін, 10:04
Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Бүгін, 10:00
Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Бүгін, 09:58
Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Бүгін, 09:56

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.