Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақстан мен Марокко парламенттері ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

26 қараша 2025
КҮЛТӨБЕ
Қазақстан мен Марокко парламенттері ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Мәжілістің Баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebook

Рабат қаласында Мәжіліс делегациясы Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Рашид Талби Әл-Аламимен және Кеңесшілер палатасының төрағасы Мұхаммед Ульд Ар-Рашидпен, сондай-ақ Үкімет басшысы Азиз Аханнушпен кездесті, – деп хабарлайды  7-su.kz ақпараттық порталы. 

Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Рашид Талби  Әл-Аламимен кездесуде тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Мәжіліс спикері Қазақстан Президенті Мароккомен серіктестікті дамытуға ерекше мән беретінін айтып, Король VI Мұхаммедке оның жылы лебізі мен ықыласын жеткізді.

Қазақстан мен Марокко арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері біраз салада берік байланыс қалыптасты. Соның бірі – парламентаралық ықпалдастық.  

Әңгіме барысында Ерлан Қошанов осы парламентаралық диалогты тереңдетуге ерекше назар аударды. Марокколық әріптестерін заң шығару саласында тәжірибе алмасып, әсіресе достық топтары, бейінді комитеттер және аппараттар арасындағы іс-әрекетті арттыруға шақырды.

– Біз парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз. Марокко жағынан да дәл осындай ықылас бар. Халықтың өкілдері ретінде екі елдің тығыз араласуына, жақындасуына жол ашуымыз керек. Елдеріміздің парламенттері арасында құрылған достық топтары үнемі байланыста. Биыл марокколық достық тобының Астанаға сапары жемісті өтті. Бұл тәжірибені алдағы уақытта да жалғастыру керек, – деді Мәжіліс спикері. 

Мәжіліс төрағасы әріптесіне елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жайлы айтып берді. Қазақстан Парламентінің қазіргі қызметі жөнінде жан-жақты мәлімет беріп, алдағы парламенттік реформаның мән-жайын түсіндірді. 

Өз кезегінде Марокко Өкілдер палатасының төрағасы Қазақстан Президенті қолға алған реформаларды жоғары бағалады.

– Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын үнемі бақылап отырамыз. Олар елдің дамуына зор септігін тигізуде. Бұл бастамалар Парламент жұмысына да оң ықпал етері сөзсіз. Қазақстан тоғыз жолдың торабында шығыс пен батысты байланыстырып тұрған ел. Сіздермен барлық салада ынтымақтастықты бекемдей түсуге дайынбыз. Марокко Қазақстан үшін Африка нарығына шығатын қақпа болғысы келеді, – деді Рашид Талби  Әл-Алами.

Екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы серіктестікті дамыту жайы Марокко Кеңесшілер палатасының төрағасы Мұхаммед Ульд Ар-Рашидпен кездесуде де кеңінен талқыланды.

– 2014 жылы парламентаралық қатынастарымыздың жаңа кезеңі басталғанын атап өткім келеді. Сол кездегі Марокконың Кеңесшілер палатасының төрағасы Мұхаммед Биядилла Астанаға ресми сапармен келді. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенатының спикері лауазымында Рабатқа қарымта ресми сапар жасады. Бұл қадамдар парламенттеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың берік негізін қалады, – деді Мәжіліс спикері.

Кеңесшілер палатасының төрағасы екі ел ынтымақтастығын арттыруда жоғары деңгейдегі сапарлардың маңызы зор екенін атап өтті.

– Арамыз алшақ болса да, елдерімізді байланыстыратын дүниелер аз емес. Біз Қазақстанды Орталық Азияға жол ашатын ел ретінде қарастырамыз. Көктемде Қазақстанның Сыртқы істер министрі келіп кетті. Бүгін Сіздің ресми сапарыңыз өтіп жатыр. Осындай жоғары деңгейдегі сапарлар байланыстарымыздың көкжиегін кеңейте түсуде. Екі ел депутаттары бірлесіп, Марокко Королі мен Қазақстан Президентінің үмітін ақтаймыз деп сенемін,  – деді Мұхаммед Ульд Ар-Рашид.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов Марокко Үкіметінің басшысы Азиз Аханнушпен кездесті. Онда екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. 

Тараптар сауда-саттықты ұлғайту, инвестиция, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика салаларында серіктестікті одан әрі күшейту мәселелері мен «Орта дәліз» көлік бағытын белсене дамыту жайын ортаға салды. Бұдан бөлек, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және мәдениет саласында да әріптестікті кеңейту жайы сөз болды.

Биыл екі ел азаматтары үшін визасыз режим күшіне енді. Қазіргі уақытта тікелей рейстер ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл екі халықтың бір-бірін жақын тануына жол ашады.

Сапар аясында депутаттар Король V Мұхаммед кесенесіне барып, мемлекеттің негізін қалаған тұлғалар – Король V Мұхаммед пен Король ІІ Хасанның рухына тағзым етті, гүл шоқтарын қойды.

Қатысты жаңалықтар

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Бүгін, 10:12
Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Бүгін, 10:04
Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Бүгін, 10:00
Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Бүгін, 09:58
Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Бүгін, 09:56

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.