Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния Премьер-министрі Никушор Данды ұлттық мереке – Бірігу күнімен құттықтады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Президент жеделхатында екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сан қырлы ықпалдастық алдағы уақытта да екі халықтың игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данға жауапты қызметінде табыс, ал румын халқына құт-береке тіледі.





