Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан кәсіпкерлерге алғыс айтып, жеңімпаздарды марапаттады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Шағын және орта бизнес субъектілері арасындағы «Парыз» сыйлығы Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ақ-Ниет-Агро» ЖШС-не берілді. Ірі кәсіпорындар санатында Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы үздік деп танылды.
«Алтын сапа» байқауында «Үздік индустриалдық жоба» аталымы бойынша Шымкент қаласындағы «Karlskrona LC AB», ал «Үздік инновациялық жоба» аталымында елордадағы «AG TECH» компаниясы жеңімпаз атанды.





