Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Әскери бөлімде ашық есік күні өтті

9 желтоқсан 2025
КҮЛТӨБЕ
Әскери бөлімде ашық есік күні өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «Өзіне оралу» атты 16 күндік республикалық ақпараттық науқан аясында 5514 әскери бөлімінде мазмұнды ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, жасөспірімдерге әскери қызмет туралы түсінік беру және патриоттық тәрбиені күшейту болды.

Іс-шараға Талдықорған қаласындағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығы мен «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері қатысты.

Келушілер үшін әскери бөлімнің қызметі жан-жақты таныстырылды:

  • Қонақтарға әскери техника мен қару-жарақтың үлгілері көрсетіліп, олардың қолданылу тәртібі туралы түсіндірілді.
  • Кинолог мамандары қызметтік иттермен із кесу, бұйрықтарды орындау және нысанды ұстау бойынша көрнекі көрсетілім жасады.
  • Сарбаздардың күнделікті киім-кешегі, жабдықтары және жатын бөлмелері таныстырылды.
  • Қатысушылар әскери бөлімнің асханасында сарбаздардың тамақтану тәртібімен танысып, ас әзірлеу процесін көрді.
  •  Бөлімдегі 3-дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, батыр Аманов Айбат Ерболұлына арналған естелік бұрыш таныстырылып, оның ерлік жолына тоқталды.

Іс-шараның рухани мазмұнын арттыру мақсатында бөлім клубында «Айналайын» орталығының тәрбиеленушілері сарбаздарға патриоттық өлеңдерін орындады. Отанды сүюге, ерлікке үндейтін бұл өнерпаздық бағдарлама әскери қызметшілерге жылы әсер қалдырды.

Сонымен қатар, «Жанұя» орталығының психологы қатысушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз қарым-қатынас мәдениеті туралы қысқаша ақпарат беріп, осы бағыттағы бейнероликті көрсетті.

Ашық есік күні балалар үшін тәрбиелік мәні зор, қызықты әрі танымды шара болды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің патриоттық сана-сезімін қалыптастырып, әскерге деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Бүгін, 10:12
Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Бүгін, 10:04
Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Бүгін, 10:00
Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Бүгін, 09:58
Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Бүгін, 09:56

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.