Талдықорған: +7°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЗАН ШАЙҚАЛСА ЫРЫС ШАМДАНАДЫ

22.02.2025
РУХАНИЯТ
ҚАЗАН ШАЙҚАЛСА ЫРЫС ШАМДАНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Қазаның оттан түспесін». Қандай жып-жылы бата-тілек десеңізші?! Шіркін, шынымен де қазақтың әр отбасы осы сөздің қадірін білсе, қара қазанды төбеге көтеріп, құрметтер еді. Жүректен шыққан бір-ақ ауыз сөзде қаншама жылулық, береке, ауызбіршілік жатыр. Ас-ауқат әзірлейтін қарапайым ғана қара қа-зан – ырыстың, берекенің бастауы болуы да тектен-тек емес. 

Асханада тұрмысқа қажетті түрлі ыдыс жетерлік. Бірақ дәл осы қара қазанның орны тым бөлек. Біз тұтынатын барлық тағам осы қазанда қайнап, піседі. Қастерлі, қасиетті, киелі ыдысты ертеректе көші-қон кезінде қазанқапқа салып, арбаның артқы жағына немесе түйенің ашамайына іліп алып жүрген. «Құламерген» жырының желісіне ерекше назар аударған Әлкей Марғұлан қазанға байланысты мынадай пікір айтқан. «Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан – шаңырақ сияқты, бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды». Демек, елдің тұтастығын арттырып, берекесін тасытқан қасиетті қара қазандағы ырыс-несібені, тоқтық пен кеңдікті, молшылық пен адалдықты төгіп-шашпай  ұстауға біздер міндеттіміз.

Киелі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі «Тайқазан» тұтастығымыздың, береке-бірлігіміздің айқын символы болып тұрғанын көпшілік жақсы біледі. Оған тәу етіп барып жүрген жұрттың есебі жоқ. Ал ауыр аяқ келіншек толғатқанда үлкендер жағы қазан көтеріп «Жарысқазан» ырымын жасап, толғақты жеңілдеткен. Жаугершілік заманда қара қазан талай қазақ баласын өлімнен арашалаған. Қиын-қыстау кезде аналар перзентін төңкерілген қазан астына жасырып, аман алып қалған. Сондықтан да қазақ үшін қара қазаннан айырылу, оны төңкеру – құт-берекеден, молшылықтан айырылуымен тең. 

Бүтіндей бір әулеттің ізін жалғайтын ешкімі қалмаған кезде қара қазан сол әулеттің зиратында төңкеріліп тұрады екен. Ал суға кеткен адамды қазанмен іздейтінін білетін бе едіңіз? Үлкендердің сөзіне сүйенсек, суға қара қазанды тастап, бақылаған. Су бетiнде ұзақ қалқыған қара қазан дәл адам жатқан жерге келгенде өз-өзiнен батып кеткен. Осылайша су астында мерт болған адам табылған. Міне, ғажап дерсіз! Сенбейін десек, кей деректерде теңізшілер дәл осы әдісті күні бүгінге дейін қолданады-мыс. 

Оң босағадан ұзатылған қыз баланың төркіні төсек-орнына түрлі ыдыс-аяқ, көрпе-жастық бергенде дәл қара қазанды бермейді. Бұл «ырысым өзге үйге кетіп қалады, құтым қашады» дегенді білдіреді. Осыдан-ақ үлкендердің «Қазанды төңкерме» деп ескерту жасауының астарында үлкен мән мен мағына барын ұғынуымыз қажет. 

Тәуке хан тұсындағы «Жеті жарғының» «Жеті ауыр айыбы» заңнамасының бірінші айыбы «Қара қазан» деп аталады. Өлім жазасына кесілген жан жеті айып төлеп құтыла алады. Бірінші айып – қара қазан беру. Оның жазасы – айыпкер шаңырағының ортасына түскендігінің белгісін білдіреді.

Қара қазанның киесі мен қасиетін айшықтайтын тағы бір наным-сенімді келтіре кетейік. Сәбиге тіл-көз тигенде қазанның қара күйесін алып, ұшықтаса бала өзін жеңіл сезінеді екен. Ал таңдай тісі жарып шыққандағы ауруды басу үшін күйе басқан жөн. 

Ата-бабаларымыз қара қазанды тіршіліктің қайнар көзіне, бастауына балаған. Тіпті, қиын-қыстау кезде де қазанды ескі жұртқа тастамай, жер қазып, сонда көміп кеткен. 

Қара қазанның қадіріне жетіп жүрген Бижамал Әскерқызының айтуынша, қазанды ашық қалдыруға болмайды. «Қазір көп отбасынан байқаймын, қазанды жуған соң төңкеріп қояды. Жастар дейін десем егде тартқан әйелі бар шаңырақта да осы  көрініс жиі  көзге  ұшырайды. Мұны  әдейі емес, білместіктен жасайды ғой. Барынша айтып, түсіндіруге тырысамын. Десек те қазір ырым-тыйымдармен қорғалып келген қасиетті қара қазанға көп мән беріп жатқандар шамалы. Әсіресе, жастар. Мода деп тамақ пісіріп, қазанды төңкеріп, қасықпен ұрғылап жатқандарын көргенде жүрекке салмақ түседі. Басқа ыдысты сындырса да, төңкерсе де, сатса да өздері білсін, тек қасиет қонған қара қазанды алтыннан да қымбат қазына деп қадір тұтулары тиіс. Ас әзірлерде «қасиетті қара қазандағы асқа адалдық, тоқшылық заман бер» деген тілектен бастаймын. Халқымыздың әр ырым-тыйымдарына мән беріп қарасақ, ешқайсысы тегін емес. Ата-бабаларымыз біз түсіне бермейтін, астарына терең үңілмейтін қауіп-қатерден барынша қорғаған. Елдің ырысы мен берекесін, бірлігі мен татулығын сақтаймыз десек қара қазанның қасиетінен айырылмайық», – дейді ол. 

«Қазан шайқалса, ырыс шамданады» деген текті халықтың ұрпағы ретінде басқа қонған бақты бағалап, ата-бабадан қалған ырым-тыйымға құлақ түріп, өмірде қажет кезде пайдаланып жүруді әдетке айналдырайық. Бар құтымыз бен берекемізді, тоқшылығымыз бен ырысымызды қасиетті қазаннан төгіп алмайық.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.