Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Президенттің өткен жылғы жұмыс кестесі несімен есте қалды?

11.01.2026
САЯСАТ
Президенттің өткен жылғы жұмыс кестесі несімен есте қалды?

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Бір жылдың ішінде 252 сағатты ұшақта өткізіп, 23 мемлекетке арнайы барған. Оның екеуі Ресей мен Өзбекстанға мемлекеттік сапар болса, бесеуі Қытай, Түркия, Иордания, Қырғызстан мен Жапония елдеріне ресми сапар ретінде тіркелген. Қалғаны жұмыс сапарлары. Бұл – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы жұмыс кестесіндегі көрсеткіштің бір парасы.

Былтыр негізінен, көрші елдерде өткен халықаралық саммиттерге барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге 18 рет, Қырғызстанға 7 рет сапар жасап, жаһандық мәселелерді талқылау үшін Нью-Йоркте Владимир Зеленскиймен, Вашингтонда Дональд Трамппен кездесу өткізді.

Шетелдік сапарлар аясында Мемлекет басшысы сауда-саттық, экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ықпалдастықты нығайтуға айрықша мән беріп, халықаралық кездесулерде жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойған. Ел ішінде де атқарылған жұмыс қыруар. Кең-байтақ Қазақстанның 9 өңіріне барған Президент 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап, 16 облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдаған.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың пікіріне қарағанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6 пайыздан асқан.

– Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстан тарихында тұңғыш рет ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллардан асты. Ол жан басына шаққанда 15 мың доллардан келеді, – деген Желдібай елімізде жалпы құны 1478,1 миллиард теңгені құрайтын 185 жоба пайдалануға берілгенін, 22,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылғанын алға тартады.

Жобалардың барлығы толық қуатына көшкен кезде экономикаға айтарлықтай серпін береді. Өндіріс көлемі 2,3 триллион теңгеге жуықтайды.

Былтыр Достық – Мойынты теміржолының екінші желісін, Қостанай облысындағы KIA Qazaqstan автокөлік зауытын іске қосқан Президент Шымкент және Қызылорда әуежайларының жаңа терминалдарын аралап көріп, Астанадағы Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагонымен танысты.

Сондай-ақ, былтыр 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмыстары басталды. Оның ішінде жаңа жолдардың ұзындығы 1,9 мың шақырым. Стратегиялық тұрғыдан маңызды күрежолдар қатарында Орталық – Батыс автомагистралы, Қарағанды – Жезқазған, Ақтөбе – Ұлғайсын, Атырау – Доссор бағыттары бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Зайсан, Қатонқарағай және Кендірліде үш жаңа әуежай құрылысы басталып, Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.

Президент әуе арқылы жүк тасымалдайтын алғашқы ұлттық компанияны құру бастамасын қолдады. Бұл еліміздің көлік әлеуетін дұрыс пайдаланып, әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

– 2025 жылы ел нарығына бірқатар жаңа авиакомпания кірді. Бұдан бөлек, 35-тен астам жаңа бағдар, соның ішінде тұңғыш рет Шанхай, Гуанчжоу мен Мюнхенге тікелей рейстер ашылды, – деген Руслан Желдібай Қызылжар – Мойынты екінші жолының, Алматы маңындағы айналма жолдың, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз жаңа теміржол желілерінің құрылысы мен еліміздегі 124 вокзалға күрделі жөндеу, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Жалпақ жердің бетінде Ұлы Дала деп аталған еліміздің топырағы құнарлы, суы мөлдір, өнімі мол келетіні белгілі. Осыған орай өткен жылы аграрлық салаға инвестиция құю 20 пайызға ұлғайып, 790 миллиард теңгеге жеткен. Соның арқасында соңғы 3 жылдағы еңбек өнімділігі 37,3 пайызға артса, ауыл шаруашылығына жеңілдікпен берілген несие көлемі 1 триллион теңгеден асқан. Елімізде шығарылатын агроөнеркәсіп өнімдері әлемнің 70 еліне экспортталады. Оның жалпы құны 5 миллиард доллардан асады.

Былтыр жер емген диқандар 27 миллион тонна астық жинады. Ел қамбасын толтыруға барлық өңір атсалысты. Көрсеткіш молая түсуі үшін заманауи технологияны айналымға енгізіп, өнім алу жолдарын жасанды интеллектімен жобалаудың тиімді екенін ескерткен Президент биыл «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жаңа дәуірдің талабынан туындаған тәртіпті қалыптастырудың жолдарын қарастырды. Осыған орай Қазақстанды алдағы 3 жылдың ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойған Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Заңды қабылдап, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құрды. Ғылыми технология қарқынды дамыған заманда жасанды интеллектіні меңгеру аса қажет. Сондықтан компьютерлік шешімдерді игілікті жолға жұмсауды пайдалануымыз әлемдік жұртшылықтың алдыңғы қатарында екендігімізді көрсетсе керек. Мысалы, Президенттің өткен жазда Астанада Аlemcloud ұлттық суперкомпьютерін ресми түрде іске қосуы жаһан назарын елімізге аудартты. Қараша айында өткен тестілеу нәтижесінде аталған жүйе суперкомпьютерлердің әлемдік TOP-500 рейтингінде 86-орынға ие болғанын көзіқарақты оқырман оқып, біліп отыр.

Жалпы, Қасым-Жомарт Кемел-ұлының тапсырмасына орай елімізде жасанды интеллектіні меңгеруге қажетті қадамдар жасалып, түрлі шаралар өткізілуде. «Қазақтелеком» АҚ-ның Алматыға екінші AlFarabium суперкомпьютерін жеткізуі, елімізде ЖИ саласындағы арнаулы зерттеу университетін құру бастамасы, Астанада Alemai халықаралық жасанды интеллект орталығының ашылуы, студенттерге арналған AI-Sana бағдарламасы іске қосылуы соның қатарына жатады. Жақында өткен Үкімет отырысында цифрлық технологияларды, оның ішінде озық ІТ-технологияларды қарқынды дамытуды жалғастыратынын алға тартқан Премьер-Министр Олжас Бектенов медицина, білім, экономика салаларын дамыту, төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өткен болатын. Осының өзі еліміздің дәуір тудырған талаптарды еңсеруге деген құлшынысын көрсетеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр сапарында сол елдегі қазақ жастарымен арнайы кездесуі алыста жатқан Отанның жүрек қағысын анық танытатынын айтқымыз келеді. Жапонияда білім алып, жұмыс істеп жүрген жас толқынмен кездесу кезінде сумошы Ерсін Балтағұлмен оңаша сөйлесуі қарға тамырлы қазақтың бойындағы қанын бір ойнатты. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деген қарғысқа жақын мәтелді қорықпай айтатын ұлттың ұланы өзінің алыптығын, жүрегінің кеңдігін Президентпен кездесуінде бір паш етті. Осылайша миллиардтаған келіссөздерден гөрі алып мұхиттың ортасында жатқан құрлықта жүздескен екі қазақтың өзара әңгімесі жүректерге сезімі жоғары жылу таратты. «Қарға тамырлы қазақ» деп айтылатын ұлттық анықтаманың айқын көрінісі өткен жылдың бедерінде осылайша көрініс тапты.

Өткенге салауат, келешекке береке берсін! Былтырғы жылы орын алған жақсылықтар мен жетістіктер биыл да жалғасып, мол табысқа, зор өнімге жеткізеді деп сенеміз.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026
Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

28.01.2026
Экстремизмнің алдын алудағы отбасының рөлі

Экстремизмнің алдын алудағы отбасының рөлі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.