Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Бізде неге философия мектебі жоқ?

15.01.2026
РУХАНИЯТ
Бізде неге философия мектебі жоқ?

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Қай қоғамды алып қарасақ та, оның рухани деңгейін айқындайтын басты өзек – ойлау мәдениеті. Себебі терең пайым-парасат қалыптаспай, ғылым да, өркениет те толыққанды дамымайды. Бүгінгі математика, физика, биология сияқты нақты ғылымдардың өзі әуел баста дербес сала болмаған. Олардың түп-тамыры адам мен әлемді тұтас қарастырған философиядан бастау алған. Сол себепті көне замандарда білім иелерін ғалым деп емес, данышпан деп атады. Олар табиғат заңдылықтарынан гөрі, өмірдің мәнін, адамдық өлшемді теңдей таразылады.

Ал бізде осы ой ілімін өмірлік құрал ретінде пайдалану әлсіз. Көбіне оны күрделі, қажеті шамалы түсініктер жиынтығы ретінде қабылдаймыз. Шын мәнінде, бұл таңның атысы, кештің батысына дейін абстрактілі ойға беріліп отыру емес. Ол адамгершілікке жетелейтін бағыт, тәрбиенің терең қабаты, болмысқа сергек көзқарас. Адам мен қоғам арасындағы байланыс, табиғатқа құрмет, махаббат пен мейірімнің шынайы мағынасы дәл осы философия мектебінде қалыптасады.

Басқа елдерде ойшылдықты дәріптейтін арнайы білім ордаларының болуы бекер емес. Ондай ортада адам күмәндану, кез келген дүниені саралау секілді адами құндылықтарға баса назар аударады. Мұндай жүйеден өткен тұлға қатыгездіктен ада, мейірімділікке бейім келеді. Себебі ол әр қадамын аңдап басады. Ал бізде дәл осындай орта жүйелі түрде қалыптаспаған. Бар болған күннің өзінде, ол ұлттық дүниетаныммен қабыса бермейді.

Қазақтың ойлау дәстүрі ешқашан таяз болған емес. Жыраулардың толғауы, билердің кесімді сөзі, ақындардың терең пайымы бәрі де өмірді тұтас қамтыған зерденің жемісі. Онда заң да бар, тәрбие де бар, адам мен қоғамға қатысты анық ұстаным да бар. Алайда осы бай қазынаны заманға сай философия мектебіне айналдыра алмадық. Соның салдарынан жас буын сырттан келген үлгілерге еліктеп, жанына жақын дүниеден алыстай бастады.

Егер бізде философияға негізделген мектептер жүйелі түрде қалыптасса, қоғамның кескіні де басқаша болар ма еді деген сұрақ туады. Қаталдық көбейіп, жанашырлық азайған тұста ең әуелі ойлануға үйрету қажет. Себебі терең пайымға дағдыланған адам өзгенің тағдырына немқұрайды қарай алмайды.

Ұлттық ойлау дегеніміз – қарапайым қазақша ойлау. Ол өткенді дәріптеуден бұрын, сол рухани өзекті бүгінгі өмірмен ұштастыру. Қазақы пайым кеңдікке, сабырға, сөзге тоқтауға, арды биік қоюға негізделген. Егер осы құндылықтар ой мектебінің іргетасына айналса біздің мәдениет пен руханият жақсы жаққа өзгереді.

Қысқасы, ұлт ретінде өсу үшін ең алдымен ойлау мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Сонда ғана сапалы адамдық болмыс биіктей түспек.

Жазушы-этнограф Ақселеу Сейдімбектің: «Берісі қазақтың, әрісі көшпенділердің философиясы олардың тілінде, дінінде, дәстүрінде, фольклорында, өмір салтында, парықшылдығында және адамдық сапасында» деген тұжырымы терең пайымнан туған салмақты ой. Бұл,  әрине, тұтас ұлттың рухани картасын айқындап тұрған анықтама деуге болады. Өйткені халықтың ойлау жүйесі арнайы трактаттарда деуге келмейді, керісінше, олардың күнделікті тіршілігінде, сөйлеген сөзінде, ұстанған жолында қалыптасады.

Шын мәнінде, осы құндылықтардың бәрін бойымызға сіңіре алсақ, кемел қоғам құруға толық негіз бар. Тілі сақталған ел қазақи жадын жоғалтпайды, дәстүрі үзілмеген жұрт тамырынан ажырамайды. Сонда ғана адамдық сапасы биік халықтың болашағы баянды болады.

Алайда бүгінгі шындық бұл тұжырыммен әрдайым қабыса бермейді. Заман өзгерді, нарық үстемдік құрды. Әлеуметтік орта алдыңғы орынға шықты. Ал белгілі бір орта қандай болса, сол кеңістікте қалыптасқан адам да соған ұқсайтыны жасырын емес.

Өкінішке қарай, біз көптеген дүниені табиғи жолдан гөрі, жасанды түрде қалыптастырдық. Өмір сүру сапасын арттырамыз деген ұмтылыс ұлттық санадан ажыратып барады.

Материалдық молшылықты басты мақсатқа айналдырып, рухани өзекті кейінге ысырып қойдық. Нәтижесінде сыртқы жағдайы түзелгенмен, ішкі әлемі қуыстана бастаған ұрпақ өсіп келеді. Осындай жағдайда бір сауал еріксіз туындайды: егер рух әлсіресе, ұрпақтың үлде мен бүлдеге оранып отырғанының қандай мәні бар?

Ұлттық дүниетаным өткеннің сарқыншағынан бұрын, болашаққа бастайтын бағдар. Одан айырылу өзіңді өзің танудан бас тартумен тең. Соған қарамастан, осы қазынаны жүйелеп, жарыққа шығару ісі кенжелеп тұр. Берісі елу том, әрісі жүз том кітапқа татитын рухани мұраны жинақтап, ел игілігіне ұсынуға келгенде, демеуші табу қиын да, ал жастардың санасын улайтын, жеңіл дүниелерге қаржы аямай құйылатын жағдай қалыпты көрініске айналды. Бұл қоғамның қай бағытқа басымдық беріп отырғанын айқын көрсететін белгі.

Ұлттың санасын көтеру үшін алдымен жеке адамның өзін тануы маңызды. Өзін таныған, тамырын сезінген, кім екенін ұққан ұрпақ елдік мүддеге бейжай қарай алмайды. Керісінше, ондай буын қоғамның да деңгейін биіктетеді. Өйткені ұлттық сананы сырттан күштеп енгізу мүмкін емес, ол ішкі түсініктен, ортадан қалыптасады.

Ақселеу Сейдімбек айтқан тіл, дәстүр, фольклор, өмір салты, адамдық қасиет – бұлар бөлек-бөлек ұғымнан бөлек, бірін-бірі толықтырып тұрған тұтас жүйе. Осы жүйе әлсіресе, ұлт та әлсірейді. Ал оны сақтап, заманға бейімдей алсақ, жаһандану кезеңінде жұтылып кетпей, өз болмысымызбен алға жылжимыз.

Сондықтан бүгінгі басты міндет – рухани мұраны ұран деңгейінде қалдырмай, нақты іске көшіру. Ұлттың байлығын санамен өлшейтін уақыт жетті. Рухы берік ел ғана қандай заман келсе де, өз жолынан жаңылмайды.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Әскерде тағы бір сарбаз қаза тапты

Әскерде тағы бір сарбаз қаза тапты

28.01.2026
Қазақстан мен «ExxonMobil»: Энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңі

Қазақстан мен «ExxonMobil»: Энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңі

28.01.2026
Экономист: Зейнетақының өсуі бюджетке жасырын қауіп төндіреді

Экономист: Зейнетақының өсуі бюджетке жасырын қауіп төндіреді

28.01.2026
Жүргізушілер жұмысқа шығудан бас тартты

Жүргізушілер жұмысқа шығудан бас тартты

28.01.2026
Тоқаев әлемдегі ең үздік 50 педагог қатарына енген мектеп мұғалімін құттықтады

Тоқаев әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енген мектеп мұғалімін құттықтады

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.