Ақмола облысының Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Төтенше жағдай туралы хабар түскен соң, 5 минут ішінде Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жеткен. Облыс әкімдігінің мәліметінше, жарылыс салдарынан барлығы 26 адам зардап шеккен.
Олардың ішінде 7 адам қаза тапқан, соның бірі – 16 жастағы жасөспірім қыз. Тағы 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына жеткізілсе, 6 адам амбулаториялық бақылауға алынған.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы қосымша медициналық бригадаларды жедел түрде жасақтаған. Барлық қажетті ресурстар, оның ішінде медицина мамандары, дәрі-дәрмектер мен санитариялық авиация оқиға орнына бағытталған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың шығу себептері анықталуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





