Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

14.03.2026
ӘЛЕУМЕТ, ЖАҢАЛЫҚТАР
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

2023-2025 жылдары Қазақстанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мыңнан астам оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салынды. Жаңа мектептер оқу орындарындағы орын тапшылығы мәселесін шешуге, қолданыстағы мектептерге түсетін жүктемені азайтуға және жүздеген мың балаға қолайлы білім алу жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның іске қосылғаны туралы Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Токаев алғаш рет 2022 жылы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында мәлімдеген болатын. Сол кезде Мемлекет басшысы орта білім сапасы табысты ұлт қалыптастырудың маңызды факторы екенін атап өтті.

Жобаның негізгі міндеті — оқу орындарына сұраныс жоғары қалалар мен қарқынды дамып жатқан елді мекендерде жаңа форматтағы мектептер салу. Барлық мектептер заманауи жабдықтармен және негізінен отандық өндірістің жиһаздарымен қамтамасыз етілген.

Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға ерекше көңіл бөлінді. Жаңа нысандардың жартысына жуығы ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білімге тең қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Жаңа форматтағы мектептер заманауи сәулетімен және тиімді жоспарланған инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Олардың жалпы ауданы типтік мектеп ғимараттарымен салыстырғанда 15-20 пайызға кең, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Өңірлердің қажеттілігіне қарай жоба аясында 300-ден 2500 орынға дейінгі әртүрлі сыйымдылықтағы мектептер салу қарастырылған. Бұл ретте аумақтардың климаттық және инфрақұрылымдық ерекшеліктері ескерілді.

Жобаның маңызды бағыттарының бірі — инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы кабинеттер мен жеке санитарлық бөлмелер қарастырылған. Ғимараттарда лифтілер, пандустар және навигациялық көрсеткіштер орнатылған, сондай-ақ психолог, логопед және дефектолог кабинеттері жұмыс істейді. Сонымен қатар мектеп құрылысы тәжірибесінде алғаш рет әр блокта оқушылар мен педагогтерге арналған демалыс аймақтары қарастырылды.

Қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылды. Мектептер заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, олардың бейнесі жедел басқару орталықтарына шығарылады. Сонымен қатар дабыл түймелері, дыбыстық хабарлау жүйелері, есіктерді автоматты түрде бұғаттау жүйесі және лицензияланған күзет қызметі қарастырылған.

Жаңа форматтағы мектептердегі тәрбие жұмысы «Адал азамат» тұлғаны қалыптастыру бағдарламасының қағидаттарына негізделген. Білім беру ортасы қоғам дамуына үлес қосуға дайын, жауапты, адал әрі бастамашыл азамат тәрбиелеуге бағытталған.

Осылайша, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы соңғы жылдардағы білім беру саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық бастамалардың біріне айналды. Жаңа мектептер заманауи білім беру ортасын қалыптастырып, елдің адами капиталын дамытуға берік негіз қалайды.

Қатысты жаңалықтар

Қайыршылар қайырымдылыққа мұқтаж ба?

Қайыршылар қайырымдылыққа мұқтаж ба?

14.03.2026
Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

14.03.2026
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

14.03.2026
Атажұрт пен Анадолы арасы – тағы бір түрік баласы

Атажұрт пен Анадолы арасы – тағы бір түрік баласы

14.03.2026
Қауіпсіздік қалқаны

Қауіпсіздік қалқаны

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.