Талдықорған: +18°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

22.03.2026
АЛТЫН ҚОЛ, ЖАҢАЛЫҚТАР
Дәстүрді жаңғыртқан шебер
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ағаштан түйін түю өнері ежелден ерекше орын алған. Көшпелі өмір салтына бейімделген халқымыз ағашты тек құрылыс материалы немесе тұрмыстық қажетке жарайтын шикізат деп қана қарамаған. Оны табиғаттың тылсым сыйы, күнделікті өмірдің берекесін арттыратын қасиетті дүние ретінде таныған. Сан ғасыр бойы қазақ шеберлері ағаштан бесік, адалбақан, кебеже, асадал, ер-тұрман, ыдыс-аяқ жасап қана қоймай, оған ұлттың талғамын, танымын, рухани болмысын сіңіре білді. Домбыра мен қобыздың үнінде, астау мен тостағанның бедерінде, қарапайым бұйымның өзінде қазақы дүниетаным мен шебер қолтаңба қатар өріліп жатты.

Ағаш шеберлігі – халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, ұлттың болмысын айқындайтын асыл өнердің бірі. Сол өнерді бүгінгі күнмен сабақтастырып жүрген жандардың еңбегі айрықша құрметке лайық. Солардың бірі – Ескелді ауданына қарасты Абай ауылында тұратын ағаш шебер Нұртілеу Рауя.

2013 жылы Қытайдан атамекенге қоныс аударған жас жігіт алғашында Алматыда танысының үйін паналайды. Арманы – журналист болу еді. Алайда тағдыр жолы оны басқа арнаға бұрды. Оқуға бір күн кешігіп қалып, өмірлік жоспары өзгеріп шыға келді. Сөйтіп құрылыс саласына кіріп, еңбекке ерте араласады. Дәл осы кезеңде ағашпен етене жақын танысып, оның сырын ұғына бастайды. Көп адам үшін жай ғана құрылыс материалы саналатын тақтай Нұртілеу үшін мүлде бөлек әлем еді. Оның жанарында әр ағаштың бойында болашақ бір бұйымның бейнесі, бір өнердің табы жататын.

Оның өміріндегі ең маңызды белестердің бірі белгілі шебер Тілеш Намазбековпен жүздесуі. Өнер иесі Нұртілеудің бойынан еңбекқорлық пен табиғи қабілетті бірден аңғарып, алғашқы шәкірті етеді. Осы тұстан бастап Нұртілеудің ұлттық қолөнерге бет бұрған жолы айқындала түседі. Домбыра мен қобыз секілді киелі мұралардың жасалу технологиясын үйрену, ағаштың мінезін тану, оны өңдеудің нәзік қырларын меңгеру – жас шебердің кәсіби қалыптасуына үлкен мектеп болды.

Алғашында танысымен бірге жиһаз жасап жүргенде, көңіл түкпіріндегі ұлттық бұйымдарға деген ықылас бір сәт те бәсеңдеген жоқ. Бір күні құрылыс үстінде жерге құлаған қарапайым тақтай оның ойына астаудың пішінін әкеледі. Сол сәттен бастап қазақтың ет тартатын, ас ұсынатын қасиетті ағаш ыдысы – астауға деген қызығушылығы шынайы іске ұласады. Алғашқы жасаған астауы бірден өтіп, шеберді жаңа бағытқа жетелеп әкетеді.

Содан бері Нұртілеу ұлттық ыдыс-аяқ түрле- рін – астау, тостаған, қымыз құятын шара, пиала секілді бұйымдарды жасап, қазақы тұрмыстың мәнін қайта жаңғыртып келеді. Оның бұйымдарында тек қол икемі ғана емес, ұлттық дүниетаным да көрінеді.

Бүгінде Нұртілеу Рауя өз кәсібін толық жолға қойған шебер. Оның шеберханасында заманауи станок бар, өндіріс жүйесі қалыптасқан, дайын өнімдері еліміздің түкпір-түкпіріне тарайды. Ол қарағаш, қайың, жаңғақ секілді ағаш түрлерінен ұлттық ыдыс-аяқ, баспалдақ бөлшектері, интерьерге арналған сәндік және тұрмыстық бұйымдар жасайды.

Нұртілеудің тағы бір ерекшелігі – үй жиһаздарын ұлттық нақышпен жасап шығаратындығы. Ол тек ыдыс-аяқ пен бұйымдар жасаумен шектелмей, заманауи үй интерьеріне қазақы өрнек пен дәстүрлі сәнді үйлестіре отырып, ерекше жиһаз түрлерін де дайындайды. Осы арқылы күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым жиһаздың өзін ұлттық рухпен байытып, үй ішіне қазақы жылылық пен болмыс дарытады. Ұлттық нақышты заманауи талғаммен ұштастыру – оның басты артықшылықтарының бірі. Аудан әкімдігінің қолдауымен апатты ағаштарды өңдеуге алып, оны тиімді іске жаратуы да – табиғатқа ұқыптылық пен кәсіпке жауапкершіліктің көрінісі.

Ол ағаш шебері ғана емес, жанына өнер мен серілікті қатар серік еткен көпқырлы азамат. Ол спортқа да етене жақын. Ұзақ қашықтыққа жүгіруді жанына серік еткен шебер бұл бағытта да шыңдалып, төзім мен табандылықты талап ететін спорт түрінде өзіндік қырын танытып жүр. Сонымен бірге ақынжанды Нұртілеу бос уақытында өлең жазып, көңіл көкжиегіндегі ойларын қағазға түсіреді, жан сырын жырға қосады. Тіпті облыстық мүшәйраларға қатысып та жүр. Бұл оның болмысында шеберлік пен сезімталдықтың, еңбек пен өнердің, қайсарлық пен нәзік жан дүниенің әдемі астасқанын аңғартады.

Шебердің зайыбы Қанипа Еркін сұлулық саласында еңбек етеді. Ал екі ұл, екі қыздан төрт перзенті оның өміріне қуат, көңіліне шабыт береді. Шебер үшін отбасы тек тұрмыстық сүйеніш емес, рухани демеу. Өйткені әр жасалған бұйымның артында маңдай тер ғана емес, жақындарының қолдауы, балаларының болашағына деген сенім де жатыр. Бүгінде оның шеберханасында 5 адам еңбек етеді. Әрқайсысы әр бұйымға жан бітіріп, қазақы нақыштың қадірін арттыруға үлес қосып жүр.

Шебердің жаңа жобалары да назар аудартады. Солардың қатарында ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойында қолданылған стильге ұқсас мельхиордан жасалатын ыдыс түрлері бар. Бұл ұлттық пішінді сақтай отырып, оны жаңа материалдармен сабақтастыруға деген талпыныс. Яғни Нұртілеудің еңбегінен біз дәстүр мен жаңашылдықтың астасуын көреміз.

Нұртілеу Рауяның өмір жолы ұлттық мұраға деген құрмет, тынымсыз еңбек пен шынайы шеберліктің тоғысқан тағылымды үлгісі. Оның әрбір туындысында қазақ даласының иісі, ата-бабаның қолтаңбасы, ұлттық болмыстың бедері бар. Мейлі ол домбыра, мейлі қобыз, мейлі астау не тостаған болсын – бәрінен де шебердің ішкі жан дүниесі мен халқына деген ілтипаты сезіледі. Сондықтан оның еңбегі жай ғана кәсіп емес, мәдени мұраны тірілтудің нақты көрінісі.

Қажет АНДАС
 Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алакөлдіктер жыл басын сән-салтанатпен қарсы алды

Алакөлдіктер жыл басын сән-салтанатпен қарсы алды

22.03.2026
Жетісудағы Наурыз: Цифрлық киіз үй, робот-биші және дронмен жеткізілген бауырсақ

Жетісудағы Наурыз: Цифрлық киіз үй, робот-биші және дронмен жеткізілген бауырсақ

22.03.2026
Нарциссизм ұғымы қайдан шықты?

Нарциссизм ұғымы қайдан шықты?

22.03.2026
Мейрамның белгісі – семени

Мейрамның белгісі – семени

22.03.2026
Шаттықтың мәні – шаңырақ

Шаттықтың мәні – шаңырақ

22.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.