Талдықорған: +13°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Көксу ауданында суару желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

15 сәуір 2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Көксу ауданында суару желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Көксу ауданы әкімінің баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданында ауыл шаруашылығы саласының маңызды бағыттарының бірі – суару жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың барысы аудан басшылығының тұрақты бақылауында, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Аудан әкімі Дәулет Халелов ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Данияр Сайлауұлымен, сондай-ақ ҚР СРИМ «Қазсушар» ШЖҚ РМК Жетісу филиалының Көксу өндірістік учаскесі өкілдерімен бірге суару желілерінде жүргізіліп жатқан құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарының жай-күйімен танысты.

Атап өту керек, суару желілерін қайта қалпына келтіру жобасы Ислам даму банкі қаржысы есебінен жүзеге асырылуда. Жоба аясында жалпы ұзындығы 108 шақырымды құрайтын каналдар жаңғыртылып, ескірген гидротехникалық құрылымдар кезең-кезеңімен ауыстырылуда. Сонымен қатар, Г-блоктар мен темірбетон науаларды жаңарту жұмыстары жүргізіліп, су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жаңа инфрақұрылым қалыптастырылуда.

Жобаның бірінші кезеңі шеңберінде Жарлыөзек ауылдық округіндегі «Р-1», «Р-3» каналдары мен Лабасы ауылдық округіндегі «Көк-тоган» каналында жөндеу жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда бұл нысандарда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы алғанда, құрылыс алаңдарында 16 техника мен 62 жұмысшы еңбек етуде.

Ал жобаның екінші кезеңінде ұзындығы 157,7 шақырым болатын 27 каналды қайта жаңғырту жоспарланған. Бүгінде Лабасы ауылдық округіндегі Мамбет каналы, Балпық ауылдық округіндегі Ақшатоган және Нұрабай каналдары, Жарлыөзек ауылдық округіндегі «Р-3» каналы, сондай-ақ Мұқаншы ауылдық округіндегі Бақытжан каналында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысандарда 16 техника мен 73 жұмысшы жұмылдырылған.

Жалпы, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар суару жүйесінің тиімділігін арттырып, егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ауданның аграрлық әлеуетін арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін көбейтуге оң әсерін тигізбек.

Қазіргі уақытта суару науқанына қажетті барлық нысандарды дайындау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аудан әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуы қатаң бақылауға алынған.

Қатысты жаңалықтар

Жас мергендер жүлделі оралды

Жас мергендер жүлделі оралды

Бүгін, 14:00
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38
Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.