Талдықорған: +11°C
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Қатардан қалмаймын деп, қапыда қалма!

18.04.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Қатардан қалмаймын деп, қапыда қалма!

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

«Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» деген ұғым бүгінде сын сағатында тұр. Жылдар жылжыған сайын жас буынның ертеңіне балта шабатын қатердің қатары сиреудің орнына керісінше көбейіп барады. Абыройды айрандай төгетін алкоголь мен сананы сарсаңға салатын синтетиканың зардабы аз болғандай, енді ұрпақ болашағын тұманға тұншықтырған тағы бір кесел пайда болды. Ел жастарының ендігі ермегі – электронды темекі.

Көшеде, саябақта, тіпті білім ордасының алдында аузынан түтін будақтатқан азамат пен азаматшаларды көру қалыпты жағдайға айналды. Өкініштісі бұл қатардың алдыңғы шебінде мектеп оқушылары мен студенттер тұр. Бірі мұны есеюдің белгісі санаса, енді бірі заманның сәні көріп, күнделікті әдетіне айналдырған. Алайда сол «тәтті будың» артында қандай ащы қасірет жатқанын ойлап жүргендер некен-саяқ.

Ғалымдар 2017-2025 жылдар аралығында жарияланған іргелі ғылыми еңбектерді сараптай келе, адам шошырлық қорытындыға табан тіреді. Вейп қолдану адамның ДНҚ құрылымына тікелей өзгеріс енгізіп, жасушалардың қалыпты тіршілік циклін бұзады. Бұл процестің соңы қайтымсыз қатерлі ісік қаупінің күрт артуына әкеледі. Маркетингтік құрбаны болған қыз-жігіттер вейпті «қауіпсіз балама» деп қарастыруы қате түсінік. Жарнамадағы «қауіпсіз» деген сөз өндірушілердің қалтасын толтыру үшін ойлап тапқан қақпаны екенін ешкім түсініп жатқан жоқ. Хош иісті аэрозоль тыныс алу жолдарының нәзік тіндерін зақымдап, өкпе обырының бастауына айналады. Бұған қоса, ауыз қуысының табиғи микробиомасын өзгертіп, созылмалы қабыну процестерін қоздырады.

Жастар арасында электронды темекінінің тілін түсіну – белгілі бір топқа тиесілі болудың, «заманауи» көрінудің символына айналып кеткендей. Әлеуметтік желілер мен кино индустриясы «түтін будақтатқан» бейнені еркіндік пен өзіне сенімділіктің белгісі ретінде насихаттайды. «Барлығы істеп жатқан соң, менің қай жерім кем?» деген психология жастар арасында ықпалды күшке ие. Осылайша құрдымға кетпеуді емес, қатардан қалмауды ойлайтын жеткіншек еріксіз электронды темекіге қол созады.

Медицинада өкпенің тыныс алу функциясын біржолата тежейтін «попкорн ауруы» дәл осы электронды темекі тұтынғаннан пайда болады екен. Сонымен қатар никотин мен аэрозоль құрамындағы ауыр металдар қан тамырларын тарылтып, қан қысымын көтереді. Нәтижесінде, 18-20 жастағы бозбаланың жүрегі мен тамыр жүйесі 50-60 жастағы қарт адамның деңгейіне дейін тозып, ерте инфаркт алу қаупін тудырады.

Жастар вейпті кәдімгі темекінің баламасы деп қабылдап, үлкен қателікке бой алдыруда. Шын мәнінде, біз қазір медицинада ‘EVALI’ (электронды темекіні қолданудан туындайтын өкпе зақымдануы) деген жаңа терминмен бетпе-бет келіп отырмыз. Тың деректерге сүйенсек, электронды шылымның буы жай ғана су емес, ол ультрадисперсті аэрозоль. Оның құрамындағы металл микробөлшектерінің ұсақтығы соншалық, өкпе сүзгісінен өтіп, тікелей қанға араласады да, адамның ДНҚ құрылымын зақымдайды. Бұл дегеніміз бүгінгі ермек ертеңгі күні дүниеге келетін ұрпақтың генетикалық ақауларына әкелуі мүмкін деген сөз, – дейді педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының онкогематологы Асем Сартбаева.

«Қой терісін жамылған қасқырдай» кейіп танытып, шылымның вейп дейтін электронды түрі темекінің ащы дәмі мен жағымсыз иісінен қашқан жастар үшін нағыз «олжа» көрінді. Өндірушілер мұнда психологиялық айла-шарғыны шебер қолданған. Мангоның экзотикалық дәмі, жаңа піскен құлпынайдың хош иісі немесе шоколадтың тәтті дәмі жасөспірімнің санасына түтінмен сыналап еніп кеткелі қашан?! Вейп саудасына тиым салынса да өнімнің осы түрін әлем желіде саудалаушылар көбеймесе азайған жоқ. Дүкен сөресінен түскен соң, онлайн сауданың өрісі тіпті кеңейді. Қызыл­ды-жасылды жарнаманың өзі көзді арбайды. Мәселен, Telegram әлеуметтік желісінде вейп сатумен айналысатындардың көптеп кездесетініне көзіміз жетті. «Бақсақ бақа екен» демекші, онлайн сауда еліміздің кез келген қаласында бар. Құны 5-6 мың теңгеден басталып 20 мыңға дейін жетеді. Тапсырыс берушіге тегін жеткізу қызметі де қарастырылған. Яғни үйден аттап шықпай-ақ құмарыңызды қандыра аласыз.  Түтінді тығылып тартып, көптің көзіне түскісі келе бермейтін жасөспірге де керегі осы емес пе?

Шынымды айтсам, мені ең бірінші қызықтырғаны вейптің тәтті дәмі болды. Достарым қасымда шегіп тұрғанда, жеміс бағында тұрған сияқты сезінетінмін. Маған манго мен таңқурай араласқан дәмі қатты ұнады. Темекі сияқты аузыңнан жағымсыз иіс шықпайды, киіміңе де сіңбейді. Басында жай ғана тәтті бу шығаратын ойыншық сияқты көрінген. Бірақ уақыт өте келе, сол тәтті дәмді сезбесем, мазам қаша бастайтынын байқадым, – дейді 17 жасар Айсұлтан. (есімі өзгертілген)

Әлем бойынша вейп қолданушылардың саны 80 миллионнан асып жығылады. Бұл дегеніміз тұтас бірнеше мемлекеттің халқына тең көрсеткіш. Өкінішке қарай, бұл үрдіс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. 15 жастағы жасөспірімнің әрбір бесіншісі (20%-дан астамы) өмірінде кем дегенде бір рет вейп қолданып көрген. Ал, 13 пен 15 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 10-12%-ы электронды темекіні ай сайын тұрақты түрде тұтынады. Бұл көрсеткіш жыл өткен сайын 2-3 есеге өсуде. Қыздар арасында вейп қолдану көрсеткіші дәстүрлі темекіге қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл хош иістер мен эстетикалық сыртқы пішіннің әсері. Мына қызықты қараңыз, вейп қолданатын жастардың 40%-ы уақыт өте келе кәдімгі темекіге ауысады немесе екеуін қатар пайдалана бастайды екен.

Сонымен, өскелең ұрпақ неліктен санаға салмақ түсіруге құмар? Бұл сұрақтың жауабын іздеп жастар арасында сауалнама да жүргіздік. 15 жасөспірімнің жауабы бүгінгі қоғамның айнасы іспетті. Оның 8-і қазіргі уақытта вейпті тұрақты қолданатынын ашық айтса, 5-і бұрын қолданып көргенін жеткізді. Демек, 15 адамның 13-і осы көк түтінмен таныс. Тек 2 жасөспірім ғана бұл дерттен іргесін аулақ салған. 60 пайызы жай ғана балалық қызығушылықтың құрбаны болса, қалған 30 пайызы жанындағы достарының әсерінен, ортадан қалмау үшін қолға алған. Біздің таңқалдырған тың дүние бұл емес. Сауалнамаға қатысқандардың тең жартысы тәтті түтіннің денсаулыққа зиян екенін жақсы білетін болып шықты. Біле тұра ағат қадам жасайды. Бұл нені білдіреді? Бұл ақпараттың аздығы емес, психологиялық тәуелділіктің тереңге жайылғанының белгісі.

Жастар қауіпті біле тұра, сол қауіптің қызығынан шыға алмай отыр. Көк түтін тек өкпені ғана емес, сананы да улап жатқандай… Ұлттың болашағы көк түтінге тұншықпасын десек, ұл-қыздарымызды электронды темекіден аулақ ұстағанымыз жөн.

Мақпал ӘДІЛХАНҚЫЗЫ 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда ерлік сабағы өтті

Талдықорғанда ерлік сабағы өтті

18.04.2026
«Таза Қазақстан»: «Қызылтас–Тасбақа» шатқалында экологиялық акция өтті

«Таза Қазақстан»: «Қызылтас–Тасбақа» шатқалында экологиялық акция өтті

18.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенді

Шаңырақ шаттығы еселенді

18.04.2026
Рух пен өнер тоғысқан мекен

Рух пен өнер тоғысқан мекен

18.04.2026
Қаламгердің биік белесі

Қаламгердің биік белесі

18.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.