Талдықорған: +25°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу тарихын сөйлеткен

25.04.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісу тарихын сөйлеткен

www.zhusan.pro Zhenis Iskabay

WhatsAppTelegramFacebook

Биыл облыстық «Жетісу» газетінде 27 жыл еңбек еткен танымал фотожурналист, «Фотоөнер» қайраткері Нұрманбет ҚИЗАТҰЛЫНЫҢ туғанына 85 жыл толып отыр. Зейнеткерлік демалысқа шықса да «суретті сөйлетуді» үнемі ойлап тұратын, шығармашылық идеяларын жастарға айтуға жалықпайтын данагөй қарттың қоржыны тарихи шежіреге толы.

Нұрманбет Қизатұлы 1941 жылдың 25 қаңтарында Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Еңбек жолы 1960 жылдары Жамбыл, Іле аудандық газеттерінде фототілші қызметінен басталып, кейінгі саналы ғұмыры облыстық «Жетісу» газетінде жалғасын тапты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің баспасөз орталығында да жемісті еңбек етті. Мәселен, Абай атындағы ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы 2021 жылы ағаның ұзақ жыл бойы түсірген еңбектерін топтастырып, «Жан шуақ» фотоальбомын шығарып берген. Фотожинақта тамылжыған Табиғат-Ана, тағдыры тағылымды адам ғұмыры, бүлдіршіннің күлкісі, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өмірінің бір сәті, өнер саңлағының ойлы болмысы, бәрі-бәрі ерекше ептілікпен, қағылез кірпияздықпен санада жаңғырды.
ҚР Мәдениет қайраткері Марат Тоқашбаев: «Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңы. «Жетісу» газетінде қызмет етіп жүрген кезіміз. Бірде Қапшағай қаласынан қалыңдау пакет келді. Ашып қарасақ өңкей өндірістік суреттер. Бұл өзі газет үшін үнемі жетпей жататын дүние. Секретариатта бірге істейтін Рахымжан Өтегенов, Әскер Исақов, бәріміз қуанып кеттік. Әр фотоның артында желімделген тілдей қағазға еңбек адамның аты-жөні, жұмыс орны, сіңірген еңбегі баяндалған мәтіні тұр. Соңында «Суретті түсірген Н. Қизатов» деп авторы көрсетілген суреттер қандай! Ол кезде Қазақстанға танымал Рысқали Дүйсенғалиев, Бек Тілекметов, Қуандық Боқаев, Нұрғожа Жұбанов сияқты он шақты ғана фотожурналист болатын. Содан кейін секретариат сөресіндегі папкілердің қатарына енді сыртына «Н. Қизатов» деген жазуы бар папкі қосылды. Өзі де редакцияға жиі келіп тұратын болды. Араға бірнеше жыл салып «Жетісу» газетінің құрамына қабылданды. Нұрекең өзінің кәсібилігімен, газет талабын мүлткісіз орындайтын іскерлігімен әйгілі фотошеберлер қатарына тез-ақ қосылды», – деп жазады жазбасында.

Фототілші жарты ғасырға жуық еңбегінде туған өлкесін зерттеп, оның болмысын терең сезініп, фототуындылары арқылы ел рухын айшықтады. Ол ұлт тұлғаларын дәріптеп, рухани мұраны байытқан, мансаптан гөрі халық мүддесін жоғары қойған азамат. Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, 2015 жылы патриоттық фотосуреттері үшін Бауыржан Момышұлы атындағы төсбелгімен марапатталған. Оның әрбір туындысы – дәуір мен халық рухын бейнелейтін тірі шежіре.

Нұрманбет Қизатұлы қазақ фотожурналистикасының дамуы жолында аянбай еңбек етіп келеді. Сондықтан 2016 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы ағамызды «Фото-өнер қайраткері» медалімен марапаттады.

Ізденіс пен жауапты шығармашылық жолы – тек фотожурналистиканың дамуына қосылған үлес қана емес, сонымен қатар, Жетісу өңірінің тарихын көзбен көріп, келешек ұрпаққа жеткізудің айрықша үлгісі. Оның объективі арқылы қатталған әрбір сәт – уақыттың үнсіз шежіресі, өңірдің мәдениеті мен тыныс-тіршілігінің айқын айғағы. Фотографияның құдіреті де осында. Ол сөзбен айтып жеткізу қиын шындықты бір сәтте-ақ бейнелей алады.

Ардагер фототілшінің еңбегі Жетісудың тарихи жадын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Оның туындылары тек көркем дүние емес, деректік құндылығы жоғары мұра ретінде бағаланады. Бүгінгі күннің бейнесін дәл түсіріп, ертеңгі тарихқа айналдыру – фотографияның өзектілігін айқындайтын басты фактор. Осы тұрғыдан алғанда оның шығармашылығы уақыт пен кеңістікті жалғап жатқан алтын көпір іспетті.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің доцент міндетін атқарушы,
Философия докторы (PhD)
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.