Талдықорған: +22°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
ЖАНСАРАЙ
«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?
WhatsAppTelegramFacebook

«Ата, сұрапыл соғыста сыналып, шыңдалған мықты солдат қандай болады?». Бұл менің жыл сайын 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында мектепте соғыс ардагерлерімен өткізілетін кездесуден кейін үйге келіп, өз атама қоятын сұрағым еді.

Атам 1980 жылы осы мереке қарсаңында сырқаттанып жатып қалған еді. Кеуде тұсындағы соғыс салған жараның орнын сау қолымен сипап отыратын әдеті болатын. Бірде атам: «Балам, ойлы сұрақ қойғаныңа қарағанда, командирім Иван Бережнойдың: «Солдат должен быть не только храбрым, смелым но и умелым и смекалистым» деген сөзінің мағынасын түсініп алатын уақытың келді», – деп айтқан мына әңгімесі есімде.

«Білесің, соғыста снайпер және пулеметші болғанмын. Бірде жаңа шеп құрып, окоп қазып, орналасып жатқанымызда, тексеріп келген командиріміз оң қапталдағы, бізден 50-60 метр жердегі төбешікті нұсқап, сол жерден алдын ала тағы бір пулемет орнын қазуға бұйрық берді. «Егер жау шабуылы басталып, күші басым болып бара жатса, менің бұйрығымды күтпестен сол жаққа позиция ауыстырасыңдар» деді. Кейін белгілі болғандай, бұл оның пулемет есебін аман сақтап қалу үшін ойластырған тапқырлығы еді.

Қиян-кескі ұрыс басталғанда жан-жақтан анталаған неміс танкілері біздің шебімізді бірнеше жерден бұзып өтуге әрекет жасап бақты. Көмекші жауынгер Василий Сидоренко екеуміз пулеметімізді жер бауырлай сүйреп, төмпешіктің жанында дайындап қойған орнымызға жете бергенде жанымызға суылдап келіп, әлде миномет, әлде зеңбірек снярады қара топыраққа жартылай шаншыла құлады. Біз шұңқыр түбіне жата қалдық, бірақ жарылыс естілмеді. Сәлден соң оның жарылмай қалғаны белгілі болды.

Пулемет лентасын түзеп жатқан Васяның «Слева танк» деген жан дауысы шықты. Екеумізде бір бума ғана граната бар еді. Мен дереу каска мен шинелімді шешіп, пулеметшіге ұқсатып орналастырдым да Васяға төмпешіктің ар жағына аунап кет деп белгі бердім. Ондағы ойым, кішкене тесіктен сығалайтын танк жүргізушісінің біздің орын ауыстырып кеткенімізді байқамай қалсын дегенім еді. Ол кете салысымен мен жанымдағы басқа шұңқырға жасырынып, танкті күттім. Сырты айқұш-ұйқыш боялған, әлдебір суреттер салынған, сұры жаман танк пулемет позициясына ышқына жақындап, жарылмай қалған снарядтың тұсына келгенде жалғыз гранатамды сол жерге дәл лақтырдым да жата қалдым. Жарылыстың күшті болғаны сондай, неміс танкісінің айналмалы башнясы жұлынып түсіп, өзі еңіс жаққа қарай аударыла құлап, өртке оранды. Тапқырлығымыздың арқасында осындай ерлікке қол жеткіздік. Сол шайқастан кейін біздің замполит танк экипажының басқалардан ерекше қауіпті, аса айлакер, қатерлі болғаны туралы, олардың көзін біздің жойғанымызды жоғары бағалаған болатын. Міне, осындай тапқырлығым мен ерлігім үшін маған «Қызыл Жұлдыз» ордені берілген еді», – деп ата әңгімесін аяқтады.

Атамыз Алтай Ақылбеков соғыстан мүгедек болып оралғанына қарамастан «Доланалы» ұжымшарын басқарып, ұзақ жылдар еңбек етті. Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. Уақыт өте келе Доланалы ауылының орталық көшесіне Алтай Ақылбековтың есімі берілді. Майдангер атамыз ешқашанда ұмытылмайды. Біз асыл ерлерге мәңгі қарыздармыз.

Бағдат АҚЫЛБЕКОВ,
немересі

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.