Талдықорған: +27°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Майлышаттан майданға дейін
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ даласынан қан майданға аттанып, туған топырағына қайта оралмаған боздақ аз болмады. Солардың бірі – Жетісу жерінің перзенті, аға лейтенант Қали Мұхамадиев. Оның ғұмыры шекара қызметімен шыңдалып, сұрапыл соғыс даласында үзілді.

Қали Мұхамадиев 1912 жылы Лепсі уезіне қарасты Майлышат ауылында дүниеге келген. Жастайынан білімге құштар болып өскен ол Қапал педагогикалық училищесін тамамдап, ауыл мектептерінде ұстаздық қызмет атқарды. Герасимовка мен Лепсі өңіріндегі оқу орындарында орыс тілінен сабақ беріп, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосты. Ел басына күн туған шақта майдан даласына аттанды.

1934 жылы Қали Мұхамадиев әскер қатарына шақырылып, НКВД-ның шекара әскеріне қабылданды. Ол Түрікмен жеріндегі 46-шы Ашхабад шекара отрядында қызмет етті. Бұл әскери құрам шекара күзетіндегі тәртібі мен жауынгерлік даярлығы жоғары бөлімдердің бірі саналды. Кейін кіші лейтенанттар курсын аяқтап, офицерлік құрамға өтті. 1941 жылы Мәскеу бағытындағы қорғанысты күшейту үшін НКВД құрамынан арнайы атқыштар дивизиялары жасақталды. Солардың қатарына алынған Қали Мұхамадиев 247-ші атқыштар дивизиясы бөлімінде жеке взвод командирі болды. Дивизия Мәскеу әскери округіндегі Муром қаласында құрылып, қысқа мерзім ішінде ұрысқа әзірленді. Құрамында мыңдаған шекарашы мен запастағы сарбаздың міндеті – Мәскеуге қарай ұмтылған жау әскерінің жолын кесу еді.

1941 жылғы қазанда дивизия Смоленск облысындағы Сычевка бағытында кескілескен шайқасқа кірді. Бұл кезең немістің «Тайфун» операциясының ең қауіпті тұсы болатын. Жау танк дивизиялары Мәскеуге жетуді көздеп, кеңес қорғанысын бұзып өтуге тырысты. 7 қазанда Сычев ауданы маңында ауыр ұрыс басталды. Немістің бронетанк бөлімдері қорғаныс шебін жаншып өтті. Жаяу әскерлер танкілерге қарсы граната мен жанғыш қоспа толтырылған бөтелкелер қолданды. Қорғаныс шебі бірнеше мәрте шайқалды. Соған қарамастан 247-ші дивизия қарсы шабуылға шығып, жауды кейін шегіндірді. Алайда 10 қазанда неміс армиясы қайта жойқын соққы беріп, жүздеген жауынгер қаза тауып, талай сарбаз хабарсыз кетті. Сол сұрапыл күндерде Қали Мұхамадиев те майдан даласында ерлікпен қаза тапты.

Қали Мұхамадиевтің тағдыры ұзақ жылдар бойы туған-туыстары үшін беймәлім болып келді. Соғыстан кейінгі ауыр кезеңде оның қайда жерленгені беймәлім болған. Алайда жақындары төрт-бес жыл бойы мұрағаттар мен әскери деректерді үздіксіз іздестіріп, жауынгердің соңғы тағдырын анықтауға күш салды.

Іздестіру нәтижесінде Қали Мұхамадиевтің Польша жерін азат ету жолындағы шайқастардың бірінде жау оғынан ауыр жараланып, қаза тапқаны белгілі болды. Ол майдан даласында ерлікпен көз жұмып, Польшадағы Ольштын қаласындағы интернационалист жауынгерлер зиратына жерленген.

Кейін туған-туыстары Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан Қали Мұхамадиевтің мәңгілік тыныс тапқан жеріне арнайы барып, басына құлпытас орнатты (суретте). Қали Мұхамадиевтің тағдыры – сол кезеңдегі мыңдаған қазақ жауынгерінің тағдыры. Олар Мәскеу түбіндегі қорғаныс шебінде жанын қиып, елге қауіп төнген шақта анттарына адал болды. Бүгінде аға лейтенант Қали Мұхамадиевтің есімі ел жадында майдан даласында мерт болған ерлердің символындай сақталып келеді.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026
Сарғайған  сурет сыры

Сарғайған сурет сыры

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.