Талдықорған: +20°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ауылдан ұзап шықпағанның ақылы ауласынан аспайды

11.01.2025
КҮЛТӨБЕ
Ауылдан ұзап шықпағанның ақылы ауласынан аспайды
WhatsAppTelegramFacebook

Атың барда ел таны желіп жүріп. Америкалық әлеуметтанушы Маршал Маклюэн қазақ болса, дәл осы сөзді айнытпай айтқан болар еді. Маршал мырзаңыз кезінде «Ғаламдық ауыл» (global village) терминін ойлап тауып, ғылыми айналымға енгізгені есте. «Ғаламдық ауыл» тұжырымдамасы бойынша заманауи технологиялар арқасында адамдар бүгінде ғаламның қай қиырында болса да жедел байланысып, қажетті ақпаратпен сол заматта алмаса алады. 


«Ғаламдық ауылдың» арқасында қанша жерден жер шалғай болса да көңіл бірге, шет мемлекетте болсаң да мыңдаған шақырым шалғай тұрған адамыңды жақын жерден хабарласқандай сезесің. Осылайша «Ғаламдық ауыл» елдер арасындағы саяси шегараларды жойды. Шегара сызығы тек адамдар санасында ғана. Санамыздағы шегараны жойған абзал.

Бұл ретте Президент «Ana tili» газетінде маңыз берген мәселенің бірі – жастардың шетелге шығуына қатысты. Мемлекет басшысы жастардың кәсіби біліктілігін көтеру немесе көбірек табыс табу үшін шетелге шығуы қалыпты нәрсе деп ойлайтынын ашып айтты.

Өз сөзінде: «Олар үйреншікті мекенін тастап, өмірін күрт өзгертуден қорықпауы керек. Тіршілікке бейім, ширақ болуы тиіс. Қарым-қабілетің қай жерде қажетке жараса, сонда баруға тырысқан жөн. Баратын жерің ірі шаһар, басқа өңір, тіпті басқа ел болуы да мүмкін. Қазақта: «Жүргенге жөргем ілігеді, жатқанға жан жуымайды» деген бар», – деген Мемлекет басшысы ойын: «Азаматтарымыз шетелде жүрсе де халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеп, еліміздің абырой-беделін арттыруға атсалысып, Отанына пайдасын тигізе алады. Қазақстан деген брендті әлемге таныту да маңызды миссияның бірі. Дегенмен шетелге шығу «Барсакелмеске» кету деген сөз емес. Ұл-қыздарымыздың жаңа технологияларды меңгеріп, тәжірибе жинақтап, Қазақстанға оралғаны жөн. Елімізде білікті мамандардың аяғын жерге тигізбей, қағып әкететін салалар көп. Үкіметтің міндеті – олардың өз Отанында табысты еңбек етуіне жағдай жасау», – деп мәселенің мәнін ұғындырды.

Расында, жастардың шет мемлекеттерге барып жұмыс істеуі бүкіл әлемде қалыпты құбылыс. Сөзіміз жалаң болмас үшін сан айғақ келтірейін. Мәселен, дамыған алпауыт мемлекет дейтін АҚШ-тың 7 миллиондай азаматы шетелде тұрады. Екінші бір алпауыт Қытайдың 10 миллиондай азаматы шет мемлекеттерде тіршілік кешіп жатыр. Расында да «ғаламдық ауыл» жағдайында әркімнің қай жерде өмір сүрем десе өз еркі. Ол еркіне өзге біреу шектеу қоя алмайды.

Қайткенде де бір нәрсе анық. Шет мемлекетке түбегейлі кетуге шешім қабылдайтындар некен-саяқ. Әлемдік миграция статистикасында ондайлардың үлесі жалпы мигранттар санының 5 пайызына да жетпейді. Мәселен, шетелге 100 мың адам кетсе соның ары кетсе 5 мыңы ғана шетелде біржола қалып қоюы мүмкін. Қалғаны жағдайын жасап, жаңа технологиялар, жаңа білімді игеріп, түптің түбінде еліне оралады. Сол себептен де өз басым Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан жастардың шетелге шығуынан қорықпауымыз керек деген ұстанымын толық құптаймын. 

Қазақтың тағы бір ұлағатты сөзі бар: «есің барда елің тап» деген. Ендеше ел-жер кезіп, танымын арттырған жастар қалай болғанда да кіндік қаны тамған атамекеніне түптің түбінде оралады. Оған тек білігін арттыру үшін уақыт қана керек. Ең бастысы, «ауылынан аттап шықпағанның ақылы ауласынан аспайды» дейтін қазақы пайымды ескеру керек. Жас кезде бәрін көру керек дейтін менің ұстанымым да толықтай Президенттің «Ana tili» газетінде айтқан нақты пікірімен толық үндес. Шетелде қалып қойғанның өзінде Қазақстанмен байланысты арттыратын жұмыстарда жүргендерді талай естіп-көріп жүрміз. Қалай болғанда да бұл қазіргі жастар туған жер, атамекенінен басыбүтін ажырап қалады дегенді білдірмейді.

Қанат Әуесбай,
ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы, филология 
ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» стипендиясы 
стипендиаттары қауымдастығының кеңес мүшесі

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.