Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Отырысқа қатысу үшін Тәуелсіздік сарайына Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян келді.
Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, интеграциялық үдерістердің өзекті мәселелері мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттар талқыланады.





