Талдықорған: +34°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Өркендеу мен өрлеу жолында

13.06.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өркендеу мен өрлеу жолында
WhatsAppTelegramFacebook

Текелі ежелден мал мен жанға жайлы, сулы, нулы жер. Кейінгі жылдары қала өндіріспен қуаттанып, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар ашылып, көшелер жөнделіп, заман ағымынан қалмай өркендеу мен өрлеудің жолына түсіп келеді. Бүгінгі таңда қалада құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Арнайы жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын көріп, тұрғындармен кездесті.

Аймақ басшысы әуелі тау сілеміне дейін созылып жатқан Дінмұхамед Қонаев атындағы ең ұзын көшенің құрылыс жұмысын көріп, жол сапасымен танысты. Аталмыш көшенің құрылыс жұмыстары тұрғындардың өтініші бойынша өткен жылдың сәуір айында басталған. Жолдың 19 шақырымы жаңарды. Оның 6 шақырымына күрделі, 13 шақырымына орташа жөндеу жүргізілді. Былтыр қала бойынша 21 көшеге жарықтандыру тіректері орнатылды. Ол тізімде біз тілге тиек еткен көше де бар.
Аралау барысында Бейбіт Өксікбайұлы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің өкілдеріне жол сапасын тексеру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуді тапсырды.

Қоғам белсендісі Елена Моисеева жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарынан хабардар екенін айтып, қаладағы ілкімді іске үнемі қызығушылық танытатынын жеткізді.

– 38 шақырымға созылып жатқан ең негізгі көшені ұзақ жылдан бері тұрғындар жөндеу қажеттігін айтып келді. Халықтың тілегі ескеріліп, өткен жылдан бастап қаламыздың кіреберісінен жаңа көпірге дейінгі бөлігіне күрделі жөндеу, көпірден екінші кордонға дейін орташа жөндеу жүргізілді. Қазір тұрғындар да, күн сайын келетін туристер де риза. Қалада жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, қолайлы жағдай жасалуда, – деді қоғам белсендісі.

Соңғы жылдары облыстағы республикалық маңызы бар жолдар 100 пайыз жөнделді. Қолға алынған жобалардың арқасында жыл соңына қарай облыстық маңызы бар жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 96%-ға жетеді. Биыл жергілікті жолдарды жөндеуге де қомақты қаржы қарастырылды. Бұл – республикадағы жоғары көрсеткіштердің бірі.

Текеліде ауқымды жұмыстар атқарылып, ағайынның жайлы тұрмысы қамтамасыз етілуде. Оған қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында және тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, биыл 30 жаңа автобус аялдамасын орнату жоспарланғаны дәлел. Бұл жұмыстар сәуір айынан басталған. Қала әкімдігінің мәліметінше, автобус аялдамаларын орнатуға арналған 15 алаң дайындалды. Оның ішінде ең ұзын Қонаев көшесі бойында 9 аялдама павильонының жұмысы толық аяқталған. Заманауи аялдамаға тұрғындар дән риза.

– Аялдамалардың сыртқы келбеті көз тартады. Әсіресе, жаңбырда, ыстықта, суықта жолаушыларға қолайлы болатындай жайлы етіп жасалғаны ұнады. Автобус уақыт-уақытымен жүреді. Жол қатынасынан еш қиындық жоқ. Жайлы өмір сүруімізге барлық жағдай жасалған, – дейді текелілік Гүлнар Биғожанова.
Облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, қалада аулаларды көркейту, көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетін жөндеу қолға алынған.

– Облыста көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетін жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Текелі қаласы тұрғындарының өтініші бойынша биыл 15 үйдің шатырына күрделі жөндеу жасалып, 14 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінді, – деп атап өтті әкім.

Бұдан соң облыс әкімі «Алатау» шағынауданындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, мердігер ұйым өкілдерінің есептерін тыңдап, тұрғындармен жүздесті.

– Текелі қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын ауыстырып жатырмыз. Жоспарланған 15 үйдің төртеуінде жұмыс толық аяқталды. Қазіргі таңда тағы 5 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауа райы қолайлы болса, оларды маусым айының соңына дейін аяқтаймыз. Нысандарда 30 жұмысшы еңбек етуде, барлық қажетті арнайы техника бар, – деді учаске бастығы Асхат Сабазов.

Көпқабатты үйлердің сыртқы келбетін жаңарту шараларымен танысқан аймақ басшысы жұмысты сапалы атқаруды тапсырып: «Текелі ылғалды қала. Сондықтан қолданған материал сапалы әрі шыдамды болуы керек. Бұл ескі үйлердің іргесі берік. Тек қасбетін жаңарту жұмыстары дұрыс атқарылса болғаны. Күн суытпай жұмысты аяқтаңыздар», – деді.

Текелі қаласында 2023-2025 жылдар аралығында 21 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жаңартылып, 8 тұрғын үйдің қасбеті жөнделді. Өткен жылы Рудничный ауылындағы 14 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына күрделі жөндеу жүргізілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады.

Әуезов көшесі «Алатау» шағынауданының тұрғыны Татьяна Загуменко 5 жасынан бері осында тұрады. Ол құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер ұйымға алғысын білдірді.

– Үйіміз ескі. Бірақ кезінде іргесі берік салынған. Тек қасбеті қатты ескіріп кеткен еді. Жөнделгеннен кейін ескі үйіміздің жаңа өмірі басталғандай болды. Мердігер ұйым жұмысты өте сапалы атқарды. Біздің өтінішімізді де ескерді. Жалпы, тұрғынның барлығы үйлердің ретке келтіріліп, заманауи келбетке ие болғанына қуанышты, – дейді тұрғын.

Текелі қаласына жасаған сапар барысында облыс әкімі әуелі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Мұнан соң қалалық Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Келелі кездесу барысында аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелердің шешілу барысы жайында баяндады. Сонымен қатар қала көлемінде атқарылуы тиіс міндеттер мен бастамалардың да тінін тарқатты. Ауыл шаруашылығын, жолдарды, ирригацияны, туризмді дамытуға, жер мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ерекше назар аударды.

Аймақ басшысының айтуынша, облыс соңғы жылдары тұрақты даму қарқынын сақтап келеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына Текелі қаласы да елеулі үлес қосып отыр. Дегенмен Бейбіт Өксікбайұлы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді белсенді дамыту, инвестиция тарту, жаңа өндірістер ашу, тұрғын үй құрылысын жандандыру, жолдарды жақсарту және туристік әлеуетті тиімді пайдалану қажет екенін атап өтті.

– Біздің аймақ былтырғы жылды жақсы қорытындылап, негізгі нысаналы межеге қол жеткізді. Агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға былтыр 64 млрд. теңге бағытталса, биыл 64,2 млрд. теңге бөлінді. 2026 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 512 мың гектарға себіліп, егіс көлемі өткен жылға қарағанда 1,1 мың гектарға ұлғайтылды. 2025-2027 жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенінде жалпы құны 94 млрд. теңгеге 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Инвесторлармен бірлесіп Ақсу және Көксу қант зауыттарының өндірістік қуаттарын 2 есеге, яғни 950 мың тоннаға дейін жаңғырту және ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал Текелі қаласы – облыстың өндірістік аймағы. Қалада бірнеше жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған «Steelers», «Grindstone» және «Жеттермо» серіктестіктері биыл жұмысын қайта бастайды. «Текелі энергокешені» серіктестігі бу-газ қондырғысын салу арқылы қосымша 53 МВт электр және жылу энергиясын 90 Гкал-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл заманауи инновация, – деді облыс әкімі.

Бейбіт Өксікбайұлы тұралап қалған жылыжайдың қайта жаңғыртылатынын хабарлап, көпшілікті қуантты. Айтуынша, инвестор қаржы құйып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл соңына қарай алғашқы өнім алынатынын айтқан аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоба-жоспарларды таныстырды.

Өз кезегінде қала әкімі Алмас Әділ атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттерге кеңінен тоқталды. Айтуынша, қаланың өнеркәсіп саласында 36,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, қала экономикасына 40 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған. Биыл 29,7 млрд. теңгеге, 421 жұмыс орнын құрумен 4 инвестициялық жоба іске асырылуда. Өткен жылы халықпен кездесуде қала әкімі зауытты іске қосуға уәде берген. Алайда болат дайындамалары цехын электрмен қамтамасыз ететін трансформатордың істен шығуына және қажетті құрал-жабдықтардың уақытылы келмеуіне байланысты жоба мерзімі шегерілді. Зауыт қараша айында іске қосылады деп жоспарлануда.

Құрылыс – облыс экономикасының басым бағыттарының бірі. Аталмыш сала бойынша өңірде қарқынды жұмыс атқарылуда. Өткен жылы облыста тұрғын үймен 3 807 отбасы қамтылса, биыл 3 мың адамға үй беру жоспарланған. Ал соңғы үш жылда кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы текелілік 183 азамат қоныстойын тойлады. Қала әкімінің айтуынша, биыл Сейфуллин көшесіндегі 60 пәтерлі №31 несиелік тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Жеке инвестордың қаражаты есебінен Сейфуллин көшесіндегі 60 пәтерлі №32 тұрғын үйдің құрылысы шілде айында аяқталады. Жыл соңына дейін республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен 84 тұрғын үй сатып алынады.

Текелі қаласында 22 апатты көпқабатты тұрғын үй болған. Облыс әкімдігінің қолдауы нәтижесінде аталған мәселе толық шешіліп, апатты деп танылған үйдің тұрғындарына 212 пәтер берілді. Ольга Шинкоренко Төле би көшесіндегі №29 апатты үйде 30 жыл өмір сүрген. «Бір үйде 8 пәтер болды. Тұрғын үйіміз әбден тозып, құлап тұрған. Әкімдік тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында «Жеңіс» шағынауданынан 2 бөлмелі пәтер алдық», – деген тұрғын мемлекетке алғысын білдірді.
Ұзақ жылдан бері өзекті болған ауызсу мәселесі де күн санап шешіліп келеді. Бүгінде тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін жаңа ұңғымалар бұрғыланып, су резервуарлары мен сүзгілеу стансысы салынды, магистральды су желілері тартылды. Биыл қала ішінде жалпы ұзындығы 176 шақырым су құбыры желілерін жаңарту жұмыстары басталады.

– Қолданыстағы ұңғымалардан негізгі сүзгі стансысына дейін сумен жабдықтау желілері тартылды. «Қора» сүзгі стансысына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Желілердің тозу деңгейі 86%-ға жетуіне байланысты жүйеде тұрақты апаттық жағдайлар орын алуда. Бұл мәселені шешу мақсатында былтырдан бері магистральдық су құбыры желілерін қайта құру жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінде 25 шақырым су құбыры желілерінің 16 шақырымы монтаждалып, 93 құдық орнатылды. Қазіргі уақытта «Металлург» шағынауданының ауызсу желілерін қайта жаңғырту басталды. «Алатау» шағынауданындағы ауызсу желілерін қайта жаңғырту үшін конкурс нәтижелері анықталуда. «Достық» және «Горняцкий» шағынаудандарындағы ауызсу желілерін қайта жаңғырту келесі жылға жоспарланған. Нәтижесінде 2028-2029 жылдары қаланың 182,9 шақырым су құбыры жаңартылып, 10 310 абонент сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі, – деді қала әкімі Алмас Әділ.

Жалпы, облыс көлемінде 329 елді мекен орталық ауызсу жүйесімен қамтылған. Өткен жылы орталық су жүйесіне 4 ауыл – Алакөл ауданының Қоңыр, Қаратал ауданындағы Ұмтыл, Ақсу ауданындағы Қопалы, Панфилов ауданындағы Жиделі ауылы қосылды. Биыл тағы 10 елді мекенде жұмыс жүруде. Соның ішінде 4 ауылға орталық су жыл соңына дейін, алтауына келер жылы қосылады.

Қаладағы өзекті мәселенің бірі – көгілдір отын. 2023-2025 жылдары қалада 194,2 шақырым газ тарату желілері салынып, 187 көпқабатты тұрғын үйге газ құбыры тартылды. Өткен жылдың желтоқсан айында қалаға табиғи газ толық жеткізілді. Нәтижесінде, 28 мыңға жуық қала тұрғыны табиғи газға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды.

Сейфуллин 7/7 мекенжайынан үйлі болған Кенже Қыстаубаева қаланың инфрақұрылымының жақсарғанын айтты. «Газ қостырғаннан бері үйімізде бірінші жыл қыстадық. Бұл көшеде көпбалалы отбасылар, қарт адамдар да тұрады. Бәріміздің үйіміз қыста жылы, ризамыз. Бұрынғыдай 4-5 тонна көмір жағып, күл шығару жұмысынан құтылдық. Бұған дейін сыртқа шықсақ, үйге міндетті түрде от жағуға бір адам қалдыруға тура келетін. Өйткені жылу батареясы қатып қалса, жарылып кетеді деп қорқатынбыз. Енді қиналмай қалаған жағымызға шығатын болдық. Осы жобаның басы-қасында болған азаматтарға алғысымызды білдіреміз», – дейді тұрғын.

Өткен жылдың желтоқсан айында қалаға табиғи газ толық жеткізілді. Нәтижесінде, 28 мыңға жуық қала тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды.
– Қала халқын табиғи газға қосу қарқынын жеделдету керек. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер де, қажетті құралдар да жеткілікті. Сондықтан аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырамын, – деген облыс әкімі қала басшысына жеке сектор тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Жиында өңірдегі абаттандыру және экология мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді көгалдандыру, саябақтарды жаңарту және жайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Осы орайда өткен жылы Текелі қаласында 10 аула жөндеуден өткізіліп, 27 балалар ойын және спорт алаңы салынды.

ІС ПЕН НӘТИЖЕ

15 үйдің шатыры күрделі жөнделіп, 14 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылды.

10 аула жөндеуден өткізіліп, 27 балалар ойын және спорт алаңы салынды.

Ауруханаға санитарлық автокөлік, плазмалық стерилизатор және стационарлы цифрлық рентген аппараты сатып алынды.

Мәдениет үйіне «ГАЗель» автокөлігі берілді. Қора көшесінде орналасқан мәдени-сауықтыру кешені іске қосылды.

Қалада 22 туристік нысан бар. Ішкі туризм аясында 19,8 мың келушіге 570 млн. теңгеге қызмет көрсетілді.

Экологиялық туризмді дамытуға бағытталған «Серкесай» экопаркінің аумағы бекітілді.

 

Қала әкімі Алмас Әділге шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстарын күшейту, инвесторлар тарту арқылы тоқтап тұрған кәсіп-орындардың жұмысын қайта жандандырып, қолданыстағы өндірістердің ауқымын кеңейту тапсырылды. Сондай-ақ Текелі қаласының табиғи-рекреациялық әлеуеті жоғары екенін ескере отырып, туризм саласын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.

– Текелі қаласы кезең-кезеңімен дамып келеді. Бұл – барлық тұрғынның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі ілгерілетуге толық мүмкіндік бар. Ол үшін жұмыстарды жүйелі түрде жоспарлап, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажет. Жалпы, қала әкімі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында нақты әрі жүйелі шаралар қабылдауы тиіс. Әсіресе туризм саласын жандандыру арқылы қала экономикасының өсімін қамтамасыз ету маңызды, – деді Бейбіт Исабаев.

Кездесу соңында қала тұрғындары өңір басшысына өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Тұрғындардың сауалдары негізінен коорекциялық орталыққа жөндеу жүргізу, жеке ісін бастауға грант алу, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу және басқа да мәселелерге қатысты болды.

Облыс әкімі жұмыс сапарының соңында қала аумағында салынып жатқан жаңа су электр стансысына атбасын бұрып, «Қора ГЭС-2» ЖШС-нің жаңа жобасының іске асырылу барысымен танысты.

– Жаңа стансының қуаттылығы 26 МВт болады. Жобаны іске асыруға 9,1 млрд. теңге жеке инвестиция тартылған. Қазір «Қора-2» ГЭС құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс алаңында жетпістен аса адам жұмыс істеуде. Нысанның дайындығы шамамен 80%. Мұнда 3 көлбеу генератор жұмыс істейтін болады. Биыл бірінші генераторды іске қосамыз. Ал жоба толық көлемде 2027 жылы аяқталады, – деді серіктестік директорының орынбасары Петр Тарасенко.
Жалпы, облыстың белгіленген энергетикалық қуаты 333 МВт, соның 271 МВт жаңартылған энергия көздеріне тиесілі. Бұл ретте өңірде ЖЭК-тің 19 нысаны бар, соның 15-і жалпы қуаты 147 МВт болатын гидроэлектр стансылары. 2 жел, 2 күн электр стансылары жұмыс істейді. Ал 2026-2028 жылдары жасыл энергияның жалпы қуаты 190,7 МВт болатын 10 жаңа нысаны іске қосылады.

«Текелі энергокешені» ЖШС-да болған аймақ басшысы бу-газ қондырғысын жаңғырту және ұлғайту жобасын іске асыру жұмысымен танысты.

– Қазіргі кезде энергокешенде бу-газ қондырғысының құрылысы бойынша жаңғырту жүргізілуде. Бүгінгі күнге екі кезеңі аяқталып, жалпы қуаты 36 МВТ болатын газ турбинасы іске қосылды. Енді үшінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Онда 3 утилизатор қазандығы мен қуаты 17 МВт бу турбинасы қойылады. 2 бу турбинасын жаңасына ауыстырамыз. Осылайша, жалпы алғанда стансының электр беру қуаты 78 МВт және жылу қуаты 65 Гкал/сағ. дейін ұлғаяды, – деді серіктестіктің техникалық директоры Тимур Бижанов.

«Текелі энергокешені» ЖШС – қаланың тұтынушыларын жылумен қамтамасыз ететін жалғыз жылу көзі. Облыс аумағындағы электр энергиясын өндіретін негізгі база. Бұл ретте бу-газ қондырғысын жаңғырту мен ұлғайту бағытындағы іргелі инвестициялық жоба экономикалық өсімге және электр мен жылу энергиясына деген сұраныстың артуына байланысты қолға алынған.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Құтқарушылар бекеті ашылды

Құтқарушылар бекеті ашылды

13.06.2026
Өркендеу мен өрлеу жолында

Өркендеу мен өрлеу жолында

13.06.2026
«Барселона» мен «Реалдың» экс-ойыншысы «Қайратқа» ауысты

«Барселона» мен «Реалдың» экс-ойыншысы «Қайратқа» ауысты

12.06.2026
Жетісуда $215 млн құрайтын заманауи жел электр станциясы салынады

Жетісуда $215 млн құрайтын заманауи жел электр станциясы салынады

12.06.2026
Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

12.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.