Талдықорған: +21°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Табиғи  өнім, тәтті тосап
WhatsAppTelegramFacebook

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей, екі қолға бір сайман ұстап, маңдайды шып-шып терлетпей байығанды сіздің де, біздің де көз көрген жоқ. Есесіне тынымсыз тірлігімен тындырымды іс қылғанның жағасы жайлауда болатынын аңғарып жүрміз. Ондай адамдар аз. Саусақпен санарлық жандардың қатарында Светлана Мұқашева бар. Пендеуи тұрмысында нәті нәзік болғанына қарамай, ерлерге бергісіз еңбек етіп, бүгінде талайлар үлгі қылар жанға айналған кейіпкеріміз «Жетісуда жасалған» айдарына түрткі.

Жалғызбасты Светлана Мұқашеваны мақтап, төрге оздыру немесе адамның «періштесі» жасау ойда жоқ. Қалай бар солай суреттеп, оның болмысын ашып көрсетудеміз. Ал осынша мақтап, әуелеткен кейіпкер не істепті дейтініңіз тағы тұр. Біздің нысанамыздағы жан тосап қайнатады. Сол да сөз болып па? Әйел біткен қыстық азық үшін жаз-күз банкі жауып, жеміс-жидек сақтайды демеңіз. Светлана Төлеуқызы бір үйлік тосап даярламайды, тонналап өнім өндіреді. Онысы тек облыс көлемінде емес, ел көлемінде сұранысқа ие.

Ерге бергісіз еңбек иесі Сарқан ауданына қарасты Қойлық ауылында тұрады. Кіндігі туған жерге байланған кәсіпкер осы елді мекенде 10 гектардан астам аумақты игілігіне пайдалануда. Ауыл іргесінде өзі тұратын үйдің маңайындағы жердің әр тұтамын тиісінше игеруде. Өзінің айтуынша, үй маңында бұрын 8 гектардай алма, 6 гектардай алмұрт жайқалып өскен. Бірақ табиғаттың кейде өз заңы болады. Бірнеше жыл бұрын баққа бактериалды күйік тиген.

– Көп жұрт жетістікке жеткен жанның еңсерген биік белестерін санайды. Аңғарады. Көреді. Сол биіктікке жетер жолдағы қиындықтарын ескермейді. Бұл пенденің бір болмысы. Осыдан бірнеше жыл бұрын гектарлаған баққа қатерлі дерт келді. Онымен күресте алмұрт бағынан айырылдық. Ал 3 мыңға жуық алма ағашынан 300-дей түпті ғана аман алып қалдық. 3 гектарға жуық таңқурайдың жартысына жуығы жойылды. Беларусь ғалымдары жылқы қиынан бактериалды күйікті тоқтататын дәрмек шығарыпты. Соның нәтижесінде жеміс алқабының азғантай бөлігін аман алып қалдық. Қазір бұрынғы көлемді қалыпқа келтіруге жұмыс істеудеміз, – дейді кәсіпкер.

Заманның озық технологиясын игеруде Светлана Мұқашева қалыс қалып жатқан жоқ. Бақта тамшылатып суару әдісін қолданады. Үй маңында 2 су мұнарасы тұр. Бірі – 150 метрден, екіншісі 250 метрден су тартады. Тіршілік нәрі үлкен қоймаға құйылып, 6 шақырым құбырмен баққа жіберіледі. Осынша ауқымды тірлікті жаны нәзік кейіпкеріміз жалғыз атқарып отырған жоқ. Қойлық ауылының 3 тұрғыны жәрдемші. Олар тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар Светлана Төлеуқызының нұсқауымен бақтағы барлық жұмысты атқарады. Бақ ішіндегі жұмыстар үшін алынған 2 трактор мен өзге де қосымша жұмыстарға негізделген техникаларды сол үшеуі тізгіндейді. Бақтағы ағаштар мен бұталар гүлдеп, жеміс салғаннан бастап, өнім піскенге дейінгі бар ауыртпашылық кейіпкеріміз бен 3 көмекшісінің мойнында.

Алғашында кәсіпкер бақтағы өнімді шикізат күйінде саудаға шығарып отырған. Өзінің айтуынша, сол уақытта шаруашылықтың бар табысы жылына 1 млн. теңгені құрапты. Содан шикізатты терең өңдеуді ойластыра бастайды. Әуелі жемісті құрғатып сатпақ болады. Жетісудың әрбір пұшпағы жеміс ағашына толып тұр. Демек алма мен алмұрттың қағынан түсер табыс көп бола қоймасы да белгілі. Ақыры тосап қайнатуды көздейді. Бақтағы бос аумақтарға қарақат, таңқурай, құлпынай, қарлыған сынды жемісті өсімдіктерді отырғызады. Көп жұмысты еңсеріп, оның өнімін өңдеуге келгенде біршама қиындықтарға тап болады. Бірақ қайсар жанға қиындық кедергі емес. Аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Кенжетай Тазабековамен кеңеседі. Ақылман кісі дереу «Бір ауыл – бір өнім» жобасына құжат тапсыруға сілтейді. Іскер кісі атаулы бастама бойынша 5 млн. теңге грант жеңіп алып, ойдағы жоспарын іске асырады. Бүгінде сарқандық кәсіпкер 7 түрлі тосап қайнатып, алма мен алмұрттан қақ жасап жүр. Жылына шамамен 1 тоннаға жуық өнім өндіреді. 1 саны ауызбен айтқанға аз көрінер, ал оны игерудегі тауқыметті айтыңыз.

– Қарақат, таңқурай, құлпынай, қарлыған тез бұзылатын жемістер қатарынан. Таңертең терілген өнімді ертеңге дейін сақтау мүмкін емес. Оны уақытында өңдеп отыру қажет. Ал біздегі бақ көлемі тұрақты өңдеуге келгенде аз өнім береді. Содан Қойлық ауылында жеміс егушілерден өнім жинап аламыз. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында алған қаражатқа өңдеу жабдықтарын алдық. Осы құралдардың көмегімен шикізат дайын өнімге айналады. Біз өңделген жемістерді шағын консервілік банкілерге саламыз. Себебі ол өнімдерді әдетте қонақүйлер, қоғамдық асханалар, туристік ұйымдар сатып алады. Жетісу – алманың отаны. Дегенмен біз жасаған алма мен алмұрттың қағы да сұранысқа ие, – дейді кәсіпкер.

2013 жылы басталған кәсіпкерлік қазір көптің сұранысын қанағаттандырып отыр деуге толық негіз бар. Себебі «Мұқашева» жеке кәсіпкерлігінің ең ірі тұтынушысы «Алматықалабезендіру» мекемесі ай сайын 100 келі тосап тұтынады. Табиғи һәм таза өнім әрдайым сұраныста болуы тиіс. Бірақ Светлана Мұқашева қазіргі балалардың құнарсыз һәм зияны мол дүкен сөресіндегі өнімдерге құмар екенін айтып қынжылады.

– Қарап отырсам, қазіргі балалардың жейтін тағамдарында қоспа көп. Ең алдымен соларға табиғи таза өнімдер берсем екен деген оймен осы істі бастап кеттім. Жеміс-жидектерден джем, компот дайындадым. Бірте-бірте ауылдастарымнан тапсырыстар түсе бастады. 2013 жылы жеке кәсіпкерлігімді ашып, өз учаскемде өнім өсіріп, оны өңдеумен шұғылдандым. Кәсібім алма, таңқурай, қаражидек, мүкжидек сынды бау-бақша дақылдарын өсіруден басталды. Бәрін өзіміз егеміз, өзіміз өсіреміз, өзіміз өңдейміз. Қазір білесіздер, нарықта тағамға неше түрлі қоспа қосылады, ал біздікі түгелдей табиғи, экологиялық таза өнім, – дейді кейіпкеріміз.

Қазір ірі сауда орындарына бас сұқсаңыз, мұздатылған жеміс-жидекке көз түседі. Солардың қатарында Қазақстанда өңделгені аз. Көбі Еуропа мен Ресейден келеді. Кейіпкеріміздің де «ай-қабы» сол, түгін тартса майы шығатын, жеміс атаулыға қолайлы өңірде бұл бағыттағы жұмыс кемшін. Өзінің де қолы байлаулы. Себебі жеміс сақтайтын қойма мен үлкен тоңазытқыш жоқ. Кейіпкеріміз алдағы уақытта өңдеудің осы әдісін де жолға қоймақ.

Светлана Мұқашева жай кәсіпкер емес, Сарқан ауданы үлгі тұтар тұлға. Осындай іскерлігімен қатар аудандық мәслихаттың депутаты, халықтың қалаулысы. Мұндағы мақсаты аудан төңірегінде кәсіп бастауға ұмтылған, кәсіптен несібе теріп жүрген жандарға қолдау білдіру. Одан бөлек қайырымдылықты да ту еткен. Жыл сайын ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған жандардың балаларына оқу құрал-жабдықтарын алуға жәрдемдесіп, «Мектепке жол» акциясына үлес қосады. Оны ауылдық округ әкімі Әсет Садуақасов сөз етті.

– Светлана Төлеуқызы талайға үлгі кісі. «Туған жерге туыңды тік» дегенді айқын дәлелдеп жүр. Ауылымызда 3 шақырым көшеге тас төсеуге қаржы бөлді. Одан бөлек мектепке жиі қаржылай жәрдемдесіп тұрады, – дейді округ әкімі.

Ал кейіпкерімізбен қатар кәсіп бастаған Юлия Фисюкова Светлана Мұқашева маңайындағыларға үнемі қамқорлық көрсететінін алға тартты. Айтуынша, емдік сабын дайындаушының өнімін алғаш көпшілікке таныстырған Светлана Төлеуқызы екен.

Тірлік бастау туралы сөз қозғағанмен көзін таппай жүргендерге үлгі кәсіпкеріміз нәтінің нәзіктігіне қарамай ерге бергісіз еңбек етіп жүрген қайсар жан. «Жетісуда жасалған» айдарының кейіпкеріне біз де сәттілік тілейміз.

Дастанбек САДЫҚ

 

Қатысты жаңалықтар

Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026
Жазғы туризм қалай жанданады?

Жазғы туризм қалай жанданады?

13.06.2026
Басты байлық – денсаулық

Басты байлық – денсаулық

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.