Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 2026 жылғы 23 сәуір күнгі сауда қорытындысы бойынша шетел валюталарының бағамы өсті – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сағат 15:30-дағы күндізгі сауда-саттық нәтижесіне сәйкес, АҚШ долларының орташа бағамы 462,87 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткіштен 0,95 теңгеге жоғарылады.
Ресей рублі де өсім көрсетті – оның бағамы 6,18 теңгеге жетіп, 0,03 теңгеге нығайды.
Қытай юанінің бағамы 67,72 теңгені құрап, 0,11 теңгеге артты.
Ал айырбастау пункттеріндегі жағдайға келсек, доллар 462,7–465 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро бағамы 541,9–548 теңге шамасында болса, рубль 6,03–6,16 теңге аралығында құбылып тұр.





