Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділдікті ту еткен

04.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әділдікті ту еткен
WhatsAppTelegramFacebook

Адам баласының шыққан тегі, өскен жері мен ортасы азамат болып қалыптасуына көп әсер ететіні баршамызға белгілі. Қасиетті Қаратал өңірі Ескелді, Балпық би аталарымыздың табанының ізі қалған тарихи мекен. Санасаң саусақ жетпейтін әулиелердің, би-шешендердің алдына бір мақсат, бір мүдде қойғаны және оның нәтижелі болғаны сол заманнан жақсы көрініс табатын. Әрбір жырасы мен жазығы ел тарихын жіпке тізген маржандай етіп көрсетіп тұр.

Студент болып 1990 жылы Талдықорған қаласына келгеннен бастап Тұрсын Әбдуалиев ағамыздың есімін жиі еститін болдық. Сол кездері егемендігімізді еншілеп, тәуелсіздігімізді тұғырлы етеміз деп ұлт болып ұйысқанымыз баршамызға аян. Ынтымақ, бірлікке басымдық беріліп, көптеген істің басы қайырылды. Сол кезеңдерде рулық санадан гөрі ұлттық түсінікке мән беріліп, ортақ мақсатты азаматтар бір шоғырланған кез болатын. Қазақ халқының тарихынан сызылып қалған батыр бабаларымызды түгендеп, би-шешендерімізді таразылап, тарихтың сахнасына шығардық. Қаракерей Қабанбай батыр атамыздан бастап, Ескелді, Балпық, Қадырғали Жалайыр, Жәлменде, Пышан, ақын Сара, Бақтыбай, Ілияс секілді ұлт жанашырларының еңбектерін зерттеп, зерделеп, газет беттерінде толассыз мақалалар жариялап, мерейтойлары ұйымдастырылып, ескерткіштері орнатылды. Осындай игі шаралардың басы-қасында жүру маңдайымызға бұйырды. Ұтқанымыз көп. Кей сәттерде үлкендер отырған орында пікірталастар жиі болып тұратын. Ол кезде пікірі, айтары бар азаматтардың айбыны асқақ көрінетін.

Бұқаралық ақпарат құралдары санаулы кезеңде облыстық «Жерұйық» газеті ақиқаттың айбалтасы, ақылдың алтын ордасы іспетті еді. Талдықорған қаласын орауға жететіндей таралымы мол, беделі де мықты. Орындарынан тұрған сәтте тау көтерілгендей болатын асыл ағаларымыздың орны бөлек екендігін енді біліп жатырмыз. Сол кездерде қолына қалам ұстаған жандардың береке-бірлігінің өзі қазір таңдай қақтыратын. Тұрсын Әбдуәлиев, Қанат Асқаров, Камал Абдрахманов, Кемел Құсайынов, Жамау Бұхарбаев, Болат Бисұлтанов, Әбен Дәуренбековтердің әрқайсысы Жетісу жерінің үлкен мақтанышы ретінде қалыптасты. Сырттарынан көре қалғанда қатарластарымыз бір-бірімізге білгенімізше таныстырып, әрбір сөзін бақылап та жүретін едік. Ұлттық намыс дегенде алдына жан салмайтын алып тұлғалардың көбі бүгінде бақилық. Талдықорған қаласының ұлттық рухын қалыптастырған осы тұлғалар екенін бүгінгі ұрпақ ұмытпауы керек. Суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын эпостағы ерліктерді көзімізге көрсеткен де осы ағалар деп айтуға толық негіз бар. Бес саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылып, биліктің де бетін бері қаратып, ойларымен санасатын жағдайға әкелді. Қалам ұстаған қолдарымен-ақ облыс әкімін тақтан тайдырғанын бүкіл ел біледі.

Әділдікті ту еткен, ақиқатты тақ еткен, абыройды бақ еткен сол қайраткерлердің ішінде Тұрсын ағамыз кешегі бидің сарқыны екенін, шешеннің шекпенін көргенін дәлелдеп кетті. Биліктен үлкен сый алмаса да халықтың жүрегінен орын алды. Бірнеше жыл облыстық «Жерұйық» газетін басқарды. Ол жөнінде әріптестерінің де айтары мол. Мінберде сөйлегенде тілі мірдің оғындай жүйрік, сексеуілдің шоғындай өткір болатын. Әрбір істің нақты ақиқатын біліп барып, шайқасқа түсетінін талай байқадық. Талдықорған қаласында қазақ мектептерінің ашылуы жолында да аянып қалған жоқ. Егемендігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жолында еселі еңбек еткен жандардың бірі және бірегейі деп Тұрсын ағамызды ұялмай айтамыз.

1993 жылы салт-дәстүрді көрсетіп, жастарға үлгі ету мақсатында комсомолдық форум өтіп, сол форум аясында менің үйлену тойымды облыс әкімі Сағынбек Тұрсыновтың қолдауымен бүгінгі мемлекет және қоғам қайраткері Ләззат Сүлейменова апамыз тізгіндеп еді. Сол тойда Тұрсын ағамыз бата беріп, Тұрлыхан Кәрім ағамыз «Қыз қашты Ойбай, Қыз қашты» деген сықағын оқыған болатын. Адамның адамшылығы өзінен кішілермен қарым-қатынасынан байқалатыны белгілі. Кездескен жиын тойларда қалжыңдары да өте әдемі еді.

Бірде әлдебір тойды дуылдатып басқарып жатсам Тұрсын ағам отыр. Жаз айы. Шашын тықырлап алдырып тастаған. Жанында Рәш апам бар. Беті қызарыңқырап, дауыстап сөйлеп, қайта-қайта сөзге араласып, менің сөздеріме қалжың сөздерімен іліге бастады.

Бір сәтте орынынан атып тұрып:
– Тұрсын деген тоқырбас,
Тойда тыныш отырмас, – деп қойып қалды.
Сонымен оның қарымтасын былай қайтардым:
– Жұмыста жүрген жоқсыз ғой,
Асабамен ақылдас, – дедім. Ел ду күлкіге қарық болды… Тойдың жеңіл өтуі, халықтың еркін отыруы үшін Тұрсын ағам маған осылай көмекші болды.

«Өмірге келгенде бір адамның орнын толтыру үшін емес, мың адам орныңды толтыра алмайтындай өмір сүр» деген қағида осындайда айтылса керек. Маңайына шуағын шашып, «Інім» деп құшағын ашып жүретін ағалар да қалмай, ақ көңілдің алатауы аласарып барады. Әріптестерінің де ел алдында абыройын өсіріп, айтулы шараларының басы-қасында жүретін серке секілді сергек мінезі есімізден шыға қойған жоқ. Ағамыздың рухы шат, иманы жолдас болсын!

Төлеужан ҒҰМАРОВ,
ҚР мәдениет саласының үздігі

Қатысты жаңалықтар

Мектептерде ChatGPT пен басқа ЖИ құралдарын қолдану ережесі жарияланды

Жастарға жаңа мүмкіндік

04.08.2026
Әділдікті ту еткен

Әділдікті ту еткен

04.08.2026
Шекара шебінде өткен шаралар

Жауынгерлік дайындық пысықталды

04.08.2026
Қыстың қамын жаз ойла

Қыстың қамын жаз ойла

04.08.2026
Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

04.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.