Талдықорған: +12°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АЛАКӨЛ АУДАНЫ: ОН ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

3 мамыр 2019
ӘЛЕУМЕТ
АЛАКӨЛ АУДАНЫ: ОН ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданында айтулы жаңалық орын алды. Жақсылыққа жаны құмар кәсіпкерлердің арқасында бес отбасы баспаналы болып, ошақ оттары маздай түсті. Айта кетсек, Екпінді ауылдық округінде орналасқан «Майқынов Е» шаруа қожалығының басшысы Ермек Майқынов «Күміс алқа» иегері, көпбалалы ана Қарақат Сартбаеваға 7 бөлмелі үйді сыйға тартты. Бұған дейін жеті қарыс та жері болмаған ана тосынсыйдан көзіне жас алып, алғысын жаудырды.

Дәл осындай қуанышқа Ақжар ауылдық округі, Қоңыр ауылының тұрғыны, аз қамтылған отбасы Старченколар да кенелді. Бұл қуаныштың дәнекері болып отырған азамат — облыстық мәслихат депутаты, «Қабанбай жолаушы» ЖШС басшысы Қанат Қожабеков. Сонымен бірге, «Достық тазарту» ЖШС директоры Ш.Жақсыбаев Қызылащы ауылының тұрғындары, ІІ және ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар Ерлан Есімбеков пен Самал Оразбековаға төрт бөлмелі баспана алып берді. Бұдан бөлек, тағы да екі отбасы жеке үйлерінің кілтін қолына алып, атымтай азаматтардың ықпалымен армандарына қанат бітірді.

Аудандық мешіт жамағаттары «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық шарасы аясында Қабанбай ауылындағы жалғызбасты ана Светлана Мұхаметқызына үш бөлмелі баспананың кілтін табыстады. Аудандық мешіттің бас имамы Әнет Омарханұлының ұйытқы болуымен қаржы жиналған еді. Алты баласын бауырына басқан ана осы уақытқа дейін жалдамалы үйде тұрып келген. Енді қабанбайлық алты бала өз үйлерінде асыр салып ойнайтын болды. Қайырымды жандар балғындарға велосипед, киім-кешек, азық-түлік және тағы да басқа тұрмысқа қажетті заттарды алып берді.

– Дәл қазіргі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Кеше ғана үй тұрмақ, жеке қора да болмаған еді, енді бүгін үш бөлмелі хан сарайындай баспанаға ие болдым. Көмек қолын созып, демеушілік еткен барша жұртшылыққа алғысымды білдіремін. Алты баланың бақытына себепкер болған сіздерге Алланың шапағаты жауа түссін. Аман болыңыздар, – деп көпбалалы ана ақжарма тілегін ақтарды.

Қабанбай ауылдық округінің әкімі Қайрат Қабдолдаев үйдің құжаттарын реттеуді өз жауапкершілігіне алып, алдағы уақытта бұл отбасына барынша көмек қолын созатындықтарын айтты. Сонымен қатар, Үшарал қаласының шығыс беткейінде бой көтерген көпқабатты тұрғын үйден тағы да төрт отбасы баспаналы болды. Бұл бақытқа көпбалалы, ерекше күтімді қажет ететін азаматтар, жетім балалар мен толық емес отбасылар кенелді. Жылы да, жайлы үйге қоныстанған олар баспана алуға ұйытқы болған аудан әкімі Әлібек Жақанбаевқа шексіз ризашылықтарын жеткізді.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Алакөл ауданы

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Өмір өзгертер туындылар

Өмір өзгертер туындылар

Бүгін, 13:30
Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Бүгін, 12:13
Мұрадан – Гарвардқа!

Мұрадан – Гарвардқа!

Бүгін, 11:34
Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Бүгін, 11:30
Желегі жасыл Жаркент

Желегі жасыл Жаркент

Бүгін, 10:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.