Талдықорған: +12°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АЛАКӨЛ: ӘКІМДЕР НЕ ДЕП ЕСЕП БЕРДІ?

16 қаңтар 2019
ӘЛЕУМЕТ
АЛАКӨЛ: ӘКІМДЕР НЕ ДЕП ЕСЕП БЕРДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаевтың есептік сапары Қарабұлақ ауылынан бастау алды. Халық алдындағы биылғы есептің бір ерекшілігі, округ орталықтары ғана емес, олардың құрамындағы өзге де елді мекендер қамтылмақ.

Есептік кездесуде Жанама ауылдық округінің әкімі Тұрысбек Байзақов 2018 жылы атқарылған істі қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Өткен жылы аталмыш ауылда дәрігерлік пункт салынып, қолданысқа берілген. Ауылға ауызсу тартылғанымен тіркелген 199 аула толық қамтылмаған. Бұл тұрғындардың өз кінәларынан орын алған. Себебі, бұрындары қолмен қазылып орнатылған құдық суын ішіп отырғандықтары себепті құбыр тартудан бас тартқандар бар. Сондай-ақ, Қарабұлақта жол жөндеу жұмысы жақсарып, Абай көшесінің жолы жаңғыртылған. Аудан басшысы округ әкіміне сын-ескертпелер айтып, ағымдағы жылы барлық түйткілді мәселелерді шешуді міндеттеді. Халықпен ақылдаса келіп ауыл тірлігін жандандыруды, береке-бірлік пен ырыс-ынтымақты сақтауды, елді мекен ішіндегі барлық кемшілікті тұрғындармен бірге реттеуді тапсырды.

Келесі кезекте аудан әкімі Ырғайты ауылдық округіне қарасты Ақши ауылына табан тіреді. Туризм саласын дамытуда өте жоғары әлеуетке ие елді мекеннің тұрғындары есептік кездесуге көп жиналды. Сөз алған округ әкімі Дәуренбек Мұқабаев өткен жылғы жетістіктер мен доңыз жылы атқарылар жұмыстарын пысықтады. Туризм саласының қайнаған қазаны Ақши ауылы барлық тұрғынға шапағатын тигізуде. Өткен жылы бір миллионнан аса мейман қабылданды. Жағалауда түрлі демалыс орындары бой көтеріп, ауыл жылдан-жылға көркейіп келеді. Жұмыс орындары да көптеп ашылуда. Былтыр аталмыш елді мекеннің кіреберіс көшесіндегі үйлердің қоршаулары тұрғызылып, жол жөндеу ісі де назардан тыс қалмады. Көл бойында тәулігіне 400-ден аса адамды қабылдайтын көпсалалы «Көктем Гранд Ресорт» қонақүйі ашылды. Жаңа теміржол бекеті де өз қызметін бастады. Көшелер жарықтандырылды.

Өткен жылдың басты жаңалығы — Ақши ауылына Елбасы Н.Назарбаевтың табан тіреуі. Ұлт Көшбасшысы өз сапарында ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, аталған елді мекендегі жұмысты бағдарлап қайтты.

Қос кездесуде де аудан әкімі Әлібек Жақанбаев өткен жылы тоқсан жылдығын дүрілдетіп өткерген айдынды Алакөлде жыл бойы атқарылған жұмыстар хақында есеп беріп, әр салада атқарылған істер жайында айтты. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы жоспармен таныстырды.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 13:30
Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Бүгін, 13:02
Діни тәрбие дәстүрге жат па?

Діни тәрбие дәстүрге жат па?

Бүгін, 12:59
Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

Бүгін, 12:38
Air Astana ұшақтарында жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесі іске қосылды

Air Astana ұшақтарында жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесі іске қосылды

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.