Талдықорған: +23°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ КҮРТ ӨСУІ МҮМКІН БЕ? БРИФИНГ

27.01.2022
ӘЛЕУМЕТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ КҮРТ ӨСУІ МҮМКІН БЕ? БРИФИНГ
WhatsAppTelegramFacebook

“Jetіsý media” ақпарат алаңында Алматы облысындағы азық-түлік қауіпсіздігі және азық-түлікпен қамтамасыз ету жайында брифинг өтті. Онда ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Коюмчан ОМАРОВ, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының сауданы дамыту және баға мониторингі бөлімінің басшысы Айгүл ИДРИСОВА, «Жетісу «ӘКК» ӨДИ» АҚ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры Бахтияр СЕМБЕКОВ бүгінгі таңдағы азық-түлік қоры мен бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылған шараларды түсіндіріп берді.

Олардың айтуынша, облыста күнделікті қажетті азық-түлік бойынша 2-3 айға, ал кейбір тауарлар бойынша 6-8 айға жететін азық-түлік қоры бар. Ал әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру  Үкімет және облыстық әкімдік тарапынан тұрақты бақылауға алынған. Бұл мақсатта бірқатар жұмыс атқарылуда.  Бүгінгі таңда осы мақсатта бюджеттен 5,7 млрд. теңге, оның ішінде тұрақтандыру қорына тауарлар сатып алуға 1,1 млрд. теңге және жеңілдікпен несиелендіруге 4,6 млрд. теңге бөлінген.

Ағымдағы күнге тұрақтандыру қорында 385 млн.теңге сомасына 1 330 тонна көлемінде қор бар, оның ішінде ұн, күнбағыс майы, қант, күріш, кеспе сияқты тауарлар жеткілікті. Қосымша 800 тонна әлеуметтік маңызды азық-түлік сатып алынатын болады. Тұрақтандыру қорының өнімі «Тоймарт» желісінде «әлеуметтік маңызды өнім» деген арнайы жазумен, «Жерұйық» коммуналдық базарында аптасына үш рет және қаланың екі шағын маркетінде, сондай-ақ, ауылшаруашылығы жәрмеңкелерінде сатылады. Мекенжайлар бойынша ақпарат корпорация сайтында және әлеуметтік желілерде бар.

Қазіргі уақытта жеке инвестициялар есебінен шамамен 10 нүктеден тұратын сауда павильоны желісін салу бойынша жоба әзірленуде. Құрылысқа арналған жер учаскелері мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтуде. Алдағы уақытта аталмыш сауда нүктелерін барлық ауданда ашу жоспарланған.

Бағаны тұрақтандыру бойынша бөлінген қаражаттың 3 млрд.теңгесі игерілген. 20 субъектіге, оның ішінде Ақсу қант зауыты, «Когер» және «Сарыбұлақ» құс фабрикасы, «Ләззат-2016» сүт зауыты, «Сардар» нан комбинаты және 8 сауда субъектісіне, оның ішінде «Тоймарт» желісі сияқты 12 ірі тауар өндірушілерге жылдық 0,01%-бен жеңілдетілген несие берілген. Бүгінде несие алған кәсіпкерлік субъектісінде 4800 тонна өнім, оның ішінде картоп, сәбіз, пияз, ұн бар. Сондай-ақ, тәулігіне жарты миллионға жуық жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары, сүт зауыты, сондай-ақ, тәулігіне 15000-нан астам әлеуметтік нан пісіретін наубайхана жұмыс істеуде. Сонымен қатар, айналым кестесі бойынша тауар өндірушілерге 8000 тоннадан астам әлеуметтік маңызды өнім  өндіру үшін жалпы сомасы 1,6 млрд.теңгеге қосымша несие бөлінетін болады. Осылайша, әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің 16 түрі бойынша қор қалыптастырылды.

Бұл ретте елімізде болған соңғы оқиғаларға байланысты бағаны тұрақтандыру аясында тұрақтандыру қоры мен айналым кестесін пайдалану есебінен кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Осыған орай, бағаның күрт көтерілуінің алдын алу үшін «Magnum», «Smаll» және «Тоймарт» сынды ірі сауда желілерінде күнделікті мониторинг жүргізіледі. Осы желілердің басшылығымен өткен жылғы желтоқсан деңгейінде бағаларды бекіту туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. Қазір жұмыртқа, нан, күріш, күнбағыс майының бағасы 5-7 пайызға төмендеді.

Аудан орталықтарында да тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік тауарлар бағасының өсуі тіркелген жағдайда тұрақтандыру қорынан және тауар өндірушілерден жеткізуді ұйымдастыру бойынша жедел шаралар қабылданады. Тауарларды жеткізу бойынша барлық өтінім жедел қол режимінде өңделеді. Сонымен қатар, тиісті мекемелер тауар өндіруші және кәсіпкерлермен бағаны тұрақтандыру мәселесіне қатысу туралы келісімге келіп, жеңілдікті несие беру мәселесі пысықталуда. Сонымен қатар, «Magnum» және «Small» желілеріне өз өнімдерін жеткізетін бірқатар сауда компаниялары мен әлеуметтік маңызды азық-түлік өндірушілері ынтымақтастыққа дайын екендерін мәлімдеді.

Бір сөзбен айтқанда, аймақта азық-түлік қоры жеткілікті және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру ісі ойдағыдай жүргізілуде.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық рейтингтен тыс қалған ЖОО қаржыландырусыз қалуы мүмкін

Ұлттық рейтингтен тыс қалған ЖОО қаржыландырусыз қалуы мүмкін

27.04.2026
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026
Талдықорғанда байланыс әскерлері офицерлерінің жиыны өтті

Талдықорғанда байланыс әскерлері офицерлерінің жиыны өтті

27.04.2026
Жол қауіпсіздігі күшейді: Жетісуда жаңа бақылау жүйелері орнатылды

Жол қауіпсіздігі күшейді: Жетісуда жаңа бақылау жүйелері орнатылды

27.04.2026
Жетісуда экологиялық акция барысында 1,5 мың тонна қоқыс жиналды

Жетісуда экологиялық акция барысында 1,5 мың тонна қоқыс жиналды

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.