Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН ӘҢГІМЕЛЕСТІ

11.02.2022
ӘЛЕУМЕТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН ӘҢГІМЕЛЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн СЭВИДЖБЕН онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі тұрақтылық, екі жақты әріптестікті нығайту, облысқа инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс басшысы Қаңтар оқиғасынан кейін аймақтағы жағдайды оңалтуда атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Тұрғындардың Мемлекет басшысының бейбіт өмірді орнықтыру, экономикалық реформаларды жүзеге асыру бастамаларына қолдау білдіріп отырғанын сөз етті.

Бас консул Кэролайн Сэвидж Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Кездесуге уақыт бөлгені үшін Қанат Бозымбаевқа ризашылығын жеткізді. Алматы облысында қандай салада іскерлік байланысты дамытып, қолдау білдіре алатындарын сұрады.

Облыстың инвестициялық әлеуетін қысқаша баяндап өткен әкім «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының потенциалына, Қытаймен шекарадағы экспорттық және импорттық операциялар ашықтығының маңыздылығына тоқталды.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық әлеуметтік-экономикалық реформалары транспаренттік, ашықтық, әділдік негізінде іске асырылады. Шағын және орта бизнесті жан-жақты дамыту, сол арқылы жұмыссыздықты азайтып, халықтың табысын арттыру да — Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі. Бұл істе сіздердің қолдауларыңыз дер кезіндегі көрсетілген маңызды шара деп есептеймін. Туризм саласына, соның ішінде, тау кластеріне, Алакөл, Балқаш көлдеріндегі жағалау туризміне, ұлттық парктер базасындағы экологиялық туризмге қаржы салудың болашағы зор. Бұл ретте тау кластерін дамыту жөнінде арнайы бағдарламамыз бар. Біз америкалық инвесторларды осы сегментте көргіміз келеді. Кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайларды өз көзіңізбен көріп, танысу үшін сізді «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына шақырамын, — деді Қанат Бозымбаев.

Бас консул өзара әріптестікті алдағы уақытта одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

27.04.2026
Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

27.04.2026
«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

27.04.2026
Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

27.04.2026
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.