Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖУРНАЛИСТЕР АЛДЫНДА ОБЛЫС ЖЕТІСТІКТЕРІН БАЯНДАДЫ

11.11.2021
ӘЛЕУМЕТ
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖУРНАЛИСТЕР АЛДЫНДА ОБЛЫС ЖЕТІСТІКТЕРІН БАЯНДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар алаңында баспасөз мәжілісін өткізді. Брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Жолдауы аясында Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Сондай-ақ, облыс әкімі журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

— Биыл барша қазақстандықтар үшін айрықша жыл, ел Тәуелсіздігіне 30 жыл! Осы мерейтойлық күнге Алматы облысы жақсы нәтижелермен жетті. Мәселен, жалпы өңірлік өнім көлемі 35 млн.теңгеден 3 трлн.700 млрд.теңгеге дейін ұлғайды. Өнеркәсіп өнімін шығару 9,5 млн.теңгеден 1 трлн.200 млрд.теңгеге дейін өсті, ал ауылшаруашылығының жалпы өнімі биыл 1 трлн.теңгеден асады, — деп бастады сөзін Амандық Ғаббасұлы. Ары қарай облыстың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы баяндалды.

Облыс әкімінің айтуынша, 30 жыл ішінде 14,5 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бюджетке түсімдер 11 млрд.теңгеден 742 млрд.теңгеге дейін өскен. 30 жылда облыс экономикасына 6,5 трлн.теңге инвестиция салынған. Бұл Елбасының тапсырмасына сәйкес қабылданған Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында жүзеге асқан.

Амандық Ғаббасұлы өңірдегі өнеркәсіптерге тоқталып, ауыл тұрғындарының табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

Мәселен, ағымдағы жылы мемлекеттік қолдауға 50 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінген, оның ішінде, 43 млрд.теңге субсидия есебінен болған.

— Облыста ауылшаруашылығы дақылдары алқабы 972 мың гектарға жеткізілді, оның ішінде қант қызылшасы – 16 мың, жүгері – 95 мың, картоп – 40 мың гектардан асты. Біз 2025 жылға дейін қант қызылшасы алқабын 53 мың гектарға дейін ұлғайту есебінен өндіріс көлемін екі миллион тоннаға дейін жеткізу жөнінде ауқымды міндет қойып отырмыз. Ол үшін жалпы өңдеу қуаты жылына 1 млн.100 мың тоннаға дейін баратын Көксу және Ақсу қант зауыттарын жаңғырту жоспарлануда, — деді Амандық Баталов. Сондай-ақ, 2030 жылға қарай суармалы жер көлемін 3 миллион гектарға дейін ұлғайту туралы Елбасы мен Президент Жолдауындағы тапсырмалары аясында облыста 138 мың гектарды қалпына келтіру жоспарлануда.

Соңғы үш жылда айналымға 39 мың гектар бұрын шығып қалған суармалы жер тартылды. Ағымдағы жылы 14 мың гектарды қалпына келтіру үшін 6,3 млрд.теңгеге ирригациялық құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізілуде. Ислам даму банкі есебінен Ескелді және Ақсу аудандарында суару желілерін қайта жаңарту жалғасуда.

Өткен жылмен салыстырғанда мал мен құс саны орта есеппен 2 процентке өсті. Мал қыстауы үшін облыс жем-шөппен толық қамтамасыз етіліп, 5,3 млн.тонна азық дайындалды. Маңғыстау облысының зардап шеккен фермерлеріне гуманитарлық көмек ретінде 54 вагон шөп жіберілді.

Барлығы 117 мал бордақылау алаңы (74,1 мың бас) және 84 сүт-тауар фермасы (26,1 мың бас) жұмыс істейді, соның есебінен ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 72%-ке, сүт зауыттары – 85%-ке жетті.

Агроөнеркәсіп кешенінің қайта өңделген өнімдерінің экспорты 25% өсіп, 97 млн. АҚШ долларын немесе жалпы агроөнеркәсіп кешені экспортының 73%-тін құрады. Жыл соңына қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі алғаш рет бір триллион теңгеден асады.

Осындай жетістіктерді баяндап шыққан облыс әкімі кәсіпкерлік, бағаны тұрақтандыру, қымбатшылықтың алдын алу тақырыптарында да сөз қозғады. Сонымен бірге, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, жұмыспен қамту, тұрғын үй құрылысы, су жүйесі, жылу қазандықтары, автомобиль жолдары бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері айтылды. 

— Экономикадағы тұрақты өсу, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және қабылданған әлеуметтік қолдау шаралары халықтың табыс деңгейін сақтауға, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге (4,8%) мүмкіндік берді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 60 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қамтылды. Әлеуметтік көмекті жалпы сомасы 10,3 млрд.теңгеге 251 мың адам алды, — деді Алматы облысының әкімі.

Өз сөзінде ол үшауысымды мектептердің санын азайту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Бұдан бөлек, «Ауыл — ел бесігі», «Нұрлы жер» секілді мемлекеттік бағдарламалар, денешынықтыру-сауықтыру кешендері, Талдықорғандағы жүзу бассейні, басқа да құрылыс нысандарының жай-күйі айтылды. Облыс әкімі қауіпсіздік шараларын да сөз етті.

— Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,7 млрд.теңге бөлінді. Қосымша 250 бейнебақылау камерасы орнатылды, 154 қызметтік автокөлік сатып алынуда. Тұрғын үймен біріктірілген төрт учаскелік полиция пункті салынды. 16 жаңа өрт сөндіру бекеті құрылды, — деген Амандық Ғаббасұлы жыл соңына дейін барлық міндеттемелер орындалатынын тілге тиек етті.

Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері оффлайн және онлайн форматта сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.