Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚАПШАҒАЙДЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ. САЯЖАЙЛАРҒА ЖАҢА СТАТУС БЕРІЛЕДІ

20.04.2022
ӘЛЕУМЕТ
ҚАПШАҒАЙДЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ. САЯЖАЙЛАРҒА ЖАҢА СТАТУС БЕРІЛЕДІ

Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, Жетісу жерінің дамуына қажетті салаларға жұмсалатын қаржының есебі тыңдалды. Отырыста бір тақырып – облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 14 желтоқсандағы «Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №12-59 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Онда болашақ облыс орталығы Қапшағайдың Бас жоспарын жасау үшін, сондай-ақ, Алматы маңындағы саяжайларға ауыл статусын беру үшін қанша қаражат бөлінетіні де айтылды.

Тақырыпқа орай баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Бақытгүл Төлебекованың айтуынша, облыстық мәслихаттың шешімімен барлығы 13 бағытқа жұмсалатын қаржыға өзгеріс енгізіліп отыр. Олардың ішінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер тобына 1 043 миллион теңге бөлу жоспарланса, «Қорғаныс» тобына жататын төтенше жағдай саласындағы аумақтық органның материалдық-техникалық базасын нығайтуға 379,3 миллион теңге бөлу көзделіп отыр. Ал, «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік» функционалдық тобына жататын ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 648 миллион теңге бөлу жоспарлануда.

Одан бөлек, білім саласына жоспарланған шығындарға қосымша 7,1 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Бұл қаржы негізінен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» іске асыру бойынша қадағаланып, мектептерге жүргізілетін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, білім беру нысандарына турникеттер орнату мен мамандандырылған күзет енгізуге, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп формасын алуға, ыстық тамақ пен жазғы демалысты ұйымдастыру үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорына, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, баға өсуіне байланысты мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне тамақ өнімдерін сатып алуға, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңа мамандықтар ашуға, 1000 жұмыссыз азаматтың үш айлық қысқа мерзімді курстардан өтуіне, Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Талдықорған қаласының оқушыларына тегін тасымалдауды ұйымдастыруға, жылыту маусымына дайындыққа, коммуналдық қызметтерге жұмсалады.

Одан бөлек, «Денсаулық сақтау» функционалдық тобының ағымдағы шығындарына қосымша 1,4 миллиард теңге бөлу көзделген. Бұл қаржы негізінен орфандық аурулар бойынша дәрілік заттар, «А» гепатитіне қарсы вакцина сатып алуға, денсаулық сақтау нысандарын ағымдағы жөндеу мен 62 нысанды бейімдеуге, Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының ғимаратын блокті-модульдық қондырғы орнату арқылы газбен жылытуға ауыстыруға, Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасына компьютерлік томографтың қосалқы бөлшектерін сатып алуға, әскерге шақырылушыларға флюорографиялық зерттеулер жүргізу үшін жылжымалы цифрлық рентген кешенін сатып алуға, басқа да шығындарға жұмсалады. Сондай-ақ, «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» функционалдық топтарының шығындарына қосымша қаржы бөлу жоспарланған. Қосымша қаржы бөлу «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік», «Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану», «Ауыл, орман, су шаруашылығы және жер қатынастары», «Сәулет және құрылыс қызметі», «Көлік және коммуникация» сынды функционалдық топтарға да қарастырылған.

– 11-ші функционалдық топ бойынша қарастырылған 837 миллион теңге Бас жоспар және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуге жұмсалады. Бұл соманың 230 миллион теңгесі Қапшағай қаласына жұмсалады, – деген Бақытгүл Әкімқызы шығындардың көзделген мақсатын түсіндіріп өтті. – Қапшағай қаласының облыс орталығына айналуы керектігін өздеріңіз жақсы білесіздер. Ол жерде Бас жоспарды жобалау жаңадан жүргізілсе, қалған сома Алматы қаласының маңындағы Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарындағы саяжайлық массивтердің жақсаруына жұмсалады. Жалпы, облыстағы 705 саяжайда 206 мың халық тұрады. Соларға ауылдық елді мекен статусын беру үшін Бас жоспар дайындау қажет болып тұр. Осыған орай облыс әкімінің арнайы тапсырмасы бар.

Республика бойынша қолға алынып жатқан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 2022 жылы 36 елді мекенде 41 жобаны жүзеге асыру үшін 17,1 миллиард теңге бюджетке бекітілген болатын. Биылғы «Қаңтар оқиғасынан» кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаға сәйкес республикалық бюджеттен 2,2-2,6 миллиард теңге қосымша бөлінеді. Ал, 4,4 миллиард теңге былтырдан қалған жобаларды қайтадан жүзеге асыруға жұмсалады.

Қоғамдық кеңес мүшелері өздерін толғандырған мәселелерге жұмсалатын қаржының мөлшерін сұрастырып, кейбір бағыттардың ішіндегі нақты нысандарға қанша қаржы қарастырылғанын анықтады. Атап айтқанда, ауылшаруашылық саласына бөлінетін субсидия, егістіктерді суару жүйелерін қалпына келтіру, автожолдардың сапасын жақсарту, кәсіптік оқу орындарында мемлекет қаржысына оқыған мамандарды жұмыспен қамту, мүгедектерге арналған пандустар мен спорттық-сауықтыру орталықтарын және ауылдық округтерде спорт кешендерін салу, таза ауызсумен қамтамасыз ету, соғыс ардагерлері мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру сынды аса маңызды бағыттарды қаржыландырудың қалай жүретінін облыстық басқармалардың басшылары мен мамандары таныстырды.

Бас-аяғы екі сағатқа созылған кеңес отырысында бюджет жоспарлау саласына қатысты өзекті мәселелер қатары облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың аудандар мен қалаларды аралауына байланысты толыға түсетіні айтылды. Себебі, жергілікті жұртшылықтың талап-тілегін тыңдау заман талабынан туындап отыр.

Кеңес отырысының соңында дауыс берген Қоғамдық кеңес мүшелері Қаулыны бірауыздан қолдап, бюджетке енгізілген өзгерістерді бекітті.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.