Талдықорған: +22°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АҚСУ АУДАНЫНДА ЕКІ МЕКТЕП ЖАҢАРТЫЛАДЫ — ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ

08.04.2022
ӘЛЕУМЕТ
АҚСУ АУДАНЫНДА ЕКІ МЕКТЕП ЖАҢАРТЫЛАДЫ - ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ

Газет қашанда бұқара халықтың арқасүйері, сенімді серігі. Қиындыққа тап болған адамдар көбінесе газетке келіп, мұң-зарын айтып жатады. Түйіні қиын мәселелерінің шешімін табуына көмек сұрайды.

Жақында Ақсу ауданының бір топ азаматы редакциямызға елдің сәлемін жеткізе келіпті. Олардың айтуынша, Көшкентал ауылындағы мектеп сонау 1958 жылы салынған. Содан бері оқу ғимараты күрделі жөндеу жұмысын көрмеген. Еденнің тақтайлары сынып, опырылып жатыр. Кейбір кабинеттер мен спорт залының төбесі құлап тұр. Терезелері қырық жамау. Денешынықтыру сабағы өтпейді. Себебі, залдың төбесі құлап, балалар зақым келмеу үшін есігі құлыпталып тасталған.

Екінші мектеп Көлтабан ауылында. Ондағы мектеп сонау 1978 жылы салынған. Басында жұмысшылар жатақханасы ретінде жобаланған мектеп барак типінде тұрғызылған. Мұнда спорт залы атымен жоқ. Асхана ашу да мүмкін емес. Мынадай заман көші алға жылжып бара жатқанда балаларды талапқа сай келмейтін мектептерде оқытудың өзі ұят нәрсе екені анық. Сондай-ақ, астық алқаптарына су каналдарының тартылмағаны да ауыл халқына қиындық тудырған. Редакция ұжымы ақсулықтардың әңгімесін тыңдағаннан кейін облыстық мәслихаттың хатшысы Жанболат Жөргенбаевқа хабарласып, ақсақалдардың өтініш-тілегін тыңдап көрсеңіз деген ұсыныс білдірді.  Жанболат Әкебайұлы мән-жайды естісімен, ауданнан келген делегацияны тыңдауға дайын екенін айтты.

Нәтижесінде, Ақсу жұрты қабылдаудан шаруаларының шешімін тапқанына шаттанып шықты. Мәслихат хатшысы облыстық құрылыс басқармасы және  экономика, бюджетті жоспарлау басқармасының басшыларын шақырып, ұсыныс бергеннен кейін бюджеттен қаржы бөлдіру шараларын бірден қолға алған.

— Ақсу ауданынан келген тұрғындарды облыстық мәслихаттың депутаттары және басқарма басшыларымен бірге қабылдадық. Атап айтсақ, Көшкентал және Көлтабан ауылының тұрғындары мектептердің ескіргенін айтып, жаңа білім шаңырағы салынса деген өтініштерін айта келіпті. Сол жерде мәслихаттың тұрақты комиссиясында облыстық құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өкілдерімен қаржыландыру мәселелері қаралды. Тозығы жеткен Көшкентал ауылындағы мектепке оқу жылының соңына дейін қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2024 жылға жоспарланған жаңа мектеп құрылысының қаржысын келесі жылға ауыстыру үшін өтінім беруге құрылыс басқармасына тапсырылды. Ал Көлтабан ауылындағы мектеп 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламада 2023 жылға қарастырылғанын айтып, мәселені бақылауға алдым, – деді мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев.

Мәслихат қабылдауында Көлтабан ауылының тұрғындары карьерлердің қазылуына байланысты жол бұзылып,  егістік алқаптарын суару қиындық туғызғанын да жеткізген еді. Бұл орайда су жүйесі сұрақтары бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары Б.Үстенов пен А.Сүлейменовке қажетті талдау жұмыстарын жүргізіп, аталған мәселе бойынша тұрғындармен кездесу өткізу тапсырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында халық қалаулылары елдің әлеуметтік жағдайына баса назар аударып, сайлаушылармен тығыз қарым-қатынаста болуы керектігі жайлы айтқан еді. Облыстық мәслихаттың хатшысы Жанболат Жөргенбаевтың аудан ақсақалдарын қабылдап, мектеп салу, егіндікке арналған канал қаздыру, жол, тағы басқа мәселелердің шешімін табуына ықпал ететініне бірден кіріскеніне елмен бірге біз де қуандық. Жанболат Әкебайұлы қабылдауға келген ақсулықтарға су мәселесі шешілісімен қант қызылшасы алқабын кеңейтуді де міндеттеді.

Облыстық мәслихат хатшысының жылы қабылдауы мен нақты шешім шығаруы ақсулықтардың ризашылығын тудырды. «Халық сұраса, хан түйесін сояды» – деген. Бұл іс барлық деңгейдегі депутаттарға үлгі болса, кәне!

Гүлжан ТҰРСЫН

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.06.2025
Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

17.06.2025
Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

17.06.2025
Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

17.06.2025
Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.