Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АТҚАРҒАН ІС АУҚЫМДЫ

09.12.2021
ӘЛЕУМЕТ
АТҚАРҒАН ІС АУҚЫМДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ғасырлар бойы тағдыр тауқыметін тартып, шапқыншылықтың неше атасын көрген халқымыз өткен ғасырдың ішінде жер бетінен жойылып кетудің алдында тұрды. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, ақ пен қызылдың қақтығысы, большевиктердің аяусыз қырғын салуы Ұлы Даланы мекен еткен Қазақ елінің даму жолында кездескен зор сынаққа жатады. Ауыртпалық пен қиындық ширатқан халқымыздың бетке ұстар тұлғалары мен айтулы азаматтары азаттық жолында шәһит кешті, жан қиды. Ақсақалды аталар мен ақжаулықты аналар аңсаған Тәуелсіз ел болу арманы КСРО атты алпауыт мемлекеттің құлауымен орындалды. Содан бері әлемдік саясаттан орын алған мемлекетіміз бар мен жоқтың парқын айырып, тәуелсіз елдер қатарында күн кешіп келеді.

 

Жаратушы берген нығметтің бастысы – Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістігіміз бен алған асуымыз аз емес. Сондықтан тоқсаныншы жылдардың тоқырауындағы қиындықты ұмытуға қақымыз жоқ. Жаңа қадам басқан мемлекеттің құрылымдық жүйесінің қалыптасуы жолында аянбай еңбек еткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажыры мен қайраты бүгінгі күніміздің жарқын болуы үшін жұмсалғанын айта кетуіміз керек. Арнайы тоқталар болсақ, салалық министрліктердің құрылуы, Қарулы Күштердің жаңадан жасақталуы, ішкі және сыртқы саясатта көрініс табуы тиіс талаптар мен шарттарды дайындау сынды аса маңызды жұмыстарды бүгінгі күннің белесінен бағалар болсақ оның астарында төгілген тер мен қауырт жұмыстар жатқанын айыру қиын емес. Конституциялық кеңес, қос палаталы Парламент, Жоғарғы Сот, Бас Прокуратура, барлық деңгейдегі мәслихаттардың қалыптасу жолы да соның айғағы, соның дәлелі.
Алғашында нарықтық экономиканы дамытуға көңіл бөлген еліміздің басты мақсаты әл-ауқатты арттыру болғандығы өмір шындығы. Сол тұста кең-байтақ Қазақстан Республикасының әрбір аймағында көтерілген келелі мәселелерді талқылау, көкейкесті тақырыптардың шешімін табу сынды аса маңызды міндеттерді аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттардың депутаттары атқарып, халық пен жергілікті билік арасындағы алтын көпір қызметін атқарды. Құрылғанына былтыр 25 жыл толған барлық деңгейдегі мәслихаттар еліміздің дамуында үлкен рөл атқарды. Себебі, жергілікті халықтың ішінен шыққан депутаттар сол өңірдің даму кезеңін және тұрғындардың қажеттілігі мен сұранысын жетік біліп, түйткілді мәселені оңай шешудің жолдарын табуға ұмтылады.
Биыл жыл басында ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға Жетісу жерінің азаматтары белсенді қатысып, 360 депутаттық мандатты қолдады. Олар әр партияның өкілі саналады. Атап айтқанда 304 депутат «Nur Otan» партиясының атынан халық қалаулысы атанса, «Ауыл» партиясынан 32, «Ақжол» партиясынан 7, Қазақстан Халықтық партиясынан 15, «Адал» партиясынан 2 адам мәслихаттан орын алды. Облыстық мәслихаттағы 45 депутаттың 37-і «Nur Otan» партиясының, төртеуі «Ауыл» партиясының, төртеуі Қазақстан Халықтық партиясының атынан сөз сөйлеп, халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп жүр. Осынша депутаттың 14-і әйел болса, 8 депутат 35 жасқа толмаған. Міне, осы көрсеткіштер еліміздегі демократиялық қадамдарды танытса керек. Әсіресе, Жетісу жеріндегі жариялылық пен ашықтықтан хабар береді.
Қазіргідей қым-қуыт заманда кез келген саланың жұмысын білікті маман, білімді қызметкер жандандыратыны белгілі. Бұл ең алдымен жұмыс сапасына әсер ететіні анық. Сондықтан Алматы облысындағы барлық деңгейлі мәслихаттардың депутаттары негізінен қоғамның тамырын тап басып танитындығымен, заманауи білімді меңгергендігімен, әрбір саланың қиындығы мен жетістігін жетік білетіндігімен ерекшеленеді.
Жыл басынан облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес 10 сессия өткізіліп, онда бағдарлама бекіту, бюджет мәселелерін талқылау,  жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестікті нығайту, мемлекеттік аудит, автомобиль жолдары, жастар саясаты, денсаулық сақтау, тұрақты комиссиялар құру, комиссиялардың, қоғамдық кеңестің дербес құрамдарын бекіту сынды аса маңызды мәселелер қаралды. Енді жыл соңына дейін Жетісудағы туризмнің дамуы, облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуы, тұрмыстық қалдықты басқару жөніндегі бағдарламаның барысы, жер ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйі секілді мәселелер қаралады. Қайырымдылық жасауды әдетке айналдырған депутаттар әлеуметтік желілерді меңгеріп, әр тоқсан сайын «Депутатқа сауал қой» атты онлайн кездесу, өңірдегі белгілі тұлғаларымен кездесу ұйымдастырады. Осының бәрі қоғам мен халық арасындағы байланысты нығайтуға арналып отыр.
Жалпы, облыстық мәслихатта 6 тұрақты комиссия жұмыс істейді. Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы және құрылыс мәселелері, ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері, экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіліктер мен этика мәселелері, индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті, туризм мен спортты қолдау мәселелері, денсаулық сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелері, дін, тіл, этносаралық қатынастар, ішкі және жастар саясаты мәселелері бойынша комиссиялар жыл басынан бері 12 отырыс өткізіп, 24 шешімнің қабылдануына ықпал етті. Сайлаушылармен тікелей эфир арқылы және басқа да түрде өткен кездесулерде сауал жолдап, өңірдегі түрлі мәселелерді көтеруге септігін тигізіп отыратын облыстық мәслихат депутаттары көтерген 44 мәселені шешу бойынша жергілікті атқарушы органдарда жұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол, қоғамдық көлік мәселелері шешілуде. Оның қатарында шалғайдағы елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымдар, нысандар салу мәселелері бар.
Тұрғындардың жай-күйі мен мұң-мұқтажын өз аузынан естіп, түйінді мәселені шешудің жолдарын қарастыратын депутаттар «Nur Otan», «Қазақстанның халық партиясы», «Ауыл», «Ақжол», «Адал» партияларының аудандық, қалалық және облыстық қоғамдық қабылдау кабинеттерінде жұртшылықты тұрақты қабылдап отырады. Атап айтқанда барлық деңгейдегі мәслихаттың 360 депутаты 693 адам көтерген мәселенің 391-нің оңтайлы шешілуіне ықпал етті. Қалған 302 мәселе бойынша тиісті түсініктеме беріліп, бақылауға алынды. Негізгі міндет – ел-жұрттың мұң-мұқтажын билік назарына жеткізу, сол арқылы мәселенің шешілуін қамтамасыз ету болғандықтан халық қалаулылары үнемі тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы мәмілені бекітіп келеді.
Қазақ халқының басты ұлттық құндылығының бірі – даналық. Бұған терең мағына беретін, бірауыз сөзбен елдің дауын, ердің құнын шешкен халқымыздың мақал-мәтелдері дәлел. Соның бірінде: «Адамгершілікке арналған үш сауап бар: шөлге құдық қазған бір сауап, өзенге көпір салған бір сауап, жолға ағаш еккен бір сауап» делінеді. Рас сөз. Обал мен сауапты айыра білген депутаттарымыз мұқтаждарға қайырымдылық жасаудан танған емес. Биыл жыл басынан депутаттардың қатысуымен 3003 адамға 87 миллион 578 мың 500 теңгенің қайырымдылық қызметі көрсетілді.
Қазіргідей ақпараттық тасқын белең алған кезеңде «Фейсбук», «Инстаграм», «Телеграм», «Уатсап» сынды әлеуметтік желілерде парақша ашып, жүргізуді меңгерген халық қалаулылары атқарған жұмыстарының нәтижесін жариялап, көпшілікті құлағдар етіп отырады. Облыстық мәслихаттың www.almoblmaslihat.gov.kz атты ресми сайты іске қосылған. Онда барлық деңгейдегі мәслихаттардың жұмысы, депутаттардың атқарған игілікті істері ұдайы жарияланып тұрады. Шалғай ауылдардың тұрғындары халық қалаулылары көтерген бастамалар мен жаңалықтарды мерзімді баспасөз арқылы біліп отыратыны белгілі. Осы орайда облыстық және аудан, қалалық мәслихаттардың аппараты республикалық, облыстық, аудандық, қалалық газеттермен бірлесе жұмыс атқарып, мәслихат жұмысы бойынша мақалалар жариялап келеді. Ондай басылымдардың қатарында облыстық «Jetisý» және «Огни Алатау» газеттері бар.
Сөзіміздің басында еліміздің өркендеу жолының оңайлықпен қалыптаспағанын айттық. Мемлекеттің тұрақтылығын сақтау, тыныштығы мен бейбітшілігін көздің қарашығындай қорғау Қазақстан Республикасының әрбір азаматының бұлжымас міндеті, бұзбайтын парызы. Ендеше елдігіміздің, мемлекеттігіміздің тірлігі баянды, Туымыз биік, Елтаңбамыз жарық, Гимніміз асқақ болсын!

Жанболат Жөргенбаев,
облыстық мәслихат хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.