Талдықорған: +18°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
КҮНДЕРЕК
Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Қызық. Алақандай дүниеге бүкіл өміріміз байланып қалғандай. Онсыз бір ісің де алға баспайды. Қарапайым дүкенге барғанның өзінде ақшаны сонымен төлейміз. Ал үйде, не жұмыста ұмытып кетсең өмірдің мәні азайғандай күй кешеміз. Қуаттағышының өзінен айырылмай үйде де, түз де қасымызға алып жүреміз. Әрине, пайдасын айтып тауыса алмаспыз. Оны күнгей десең, теріскейіне үңіліп көрдік пе?

Мысалы, телефон арқылы такси шақырамыз. Неше түрлі тағамға да тапсырыс береміз. Ғаламтордан не іздесең, жарнамадан да сол нәрсе шығып тұрады. Енді мынаған мән беріңізші, смартфон сіздің қызығушылығыңызды жадына түйді, қай жерге көп баратыңызды біледі. Қандай тағамды, қай жерден алатыныңызға дейін жаттаған. Демек сіздің жеке деректеріңіз басқа біреудің қолына оңай түсті деуге болады. Алаяқтардан келетін сансыз қоңырау, хат, оңай ақша, тез баю сынды әрекеттер сол телефон арқылы қолға түскен. Әйтпесе, телефон нөміріңізді соларға беріп, «маған хабарлас» деген сіз емес.

Қазіргі таңда әлемде миллиондаған адам телефон және интернет алаяқтарының құрбанына айналуда. Виртуалды кеңістіктегі қылмыс жай ғана ақша ұрлау шеңберінен шығып, адам өмірін қиятын қатыгез қару деңгейіне жетті. Күн сайын тіркеліп жатқан адам шошырлық оқиғалар қоғамды оятуы тиіс үлкен дабыл. Мәселен, Алматы қаласында бір азамат телефон арқылы хабарласқан жалған банк қызметкерлерінің алдауына түсіп, 4,3 миллион теңге көлемінде несие рәсімдегеннен кейін суицид жасады. Қылмыскерлер оның жеке деректерін ұрлап, қосымша бірнеше несие рәсімдеп үлгерген. Осындай ауыр қайғыдан кейін марқұмның жұмыссыз анасы сол қарызды төлеуге мәжбүр болып отыр. Астана қаласында да небәрі 21 жастағы бойжеткен алаяқтардың қысымына шыдамай, өз-өзіне қол жұмсады, оған қоса аталған қайғылы оқиға оның сыныптастары арасында тіркелген үшінші өлім екен.

Қоғам белсендісі Қуат Домбай алаяқтықтың ұлттық індетке айналғаны туралы:

«Иә, жақында Украинамен бірлесіп телефон алаяқтық орталықтардың бірін жойғаны туралы ақпарат жарияланды (қоңыраулардың басым бөлігі сол жақтан келеді). Бірақ мен бұл қылмыстың азайғанын көріп тұрған жоқпын. Керісінше, жыл сайын бұл құбылыс ұлттық деңгейдегі індетке айналып барады. Арамызда осы алаяқтарға алданып, ақшасынан айырылған таныстар қаншама?», – деді.

Оның пікірінше, жекелеген банктер мен құқық қорғау органдарының шаралары қазіргі ауқымдағы қылмыспен күресуге жеткіліксіз. Сондықтан арнайы ведомствоаралық жедел топ құру қажеттілігі туындады. Аталмыш топқа Интерпол, ұялы байланыс операторлары және нейропсихологтарды тарта отырып, жүйелі әрі жан-жақты күрес жүргізу аса маңызды. Зейнеткерлердің жылдар бойы жинаған 40 мың доллар қаражатын тартып алған оқиғалар күн сайын тіркелуде.

Қазақстандық және әлемдік статистика

Қазақстанда киберқылмыстар саны бір жыл ішінде екі есеге жуық өсті. Жыл басынан бері келтірілген шығын көлемі 16,4 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 30 есе асып түсті. Осыншама қаражат қарапайым азаматтардың қалтасынан ұрланды. Қылмыскерлердің шабуылдары тоқтаусыз жүріп жатыр. Әлемдік деңгейде де қаржы саласындағы кибершабуылдар үлкен экономикалық зардаптар әкелуде. Мәселен, Сингапурде ұсталған хакерлердің құрылғыларынан Қазақстанның құпия құжаттары, оның ішінде Сыртқы істер министрлігінің хаттары табылған. Осындай жаһандық қауіптермен күресу мақсатында Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы халықаралық конвенциясына қол қойып, шетелдік әріптестермен бірлесе жұмыс істеуді күшейтуде.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» компаниясы жыл басынан бері шетелден шалынған 2 миллионнан астам жалған қоңырауды бұғаттаған. Дегенмен, WhatsApp және Telegram сияқты мессенджерлер арқылы жасалатын шабуылдар әлі де толастамай тұр. Операторлардың қорғаныс жүйелері қаншалықты мықты болғанымен, қылмыскерлер халыққа тікелей шығудың жаңа жолдарын үнемі тауып отырады.

Алаяқтардың ішкі асханасы

Алаяқтық колл-орталықтардың ішкі асханасы туралы бұрынғы қызметкерлердің естеліктері адам шошырлық. Кеңсе ішінде қатты музыка ойнап тұрады, ал қызметкерлер тұтынушыларды алдау үшін барын салады. Жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлерді полиграфтан (өтірік детекторынан) өткізеді, олардың құқық қорғау органдарымен байланысы жоқтығын тексереді. Жұмыс күні алдауды дәріптейтін голливудтық фильмдердегідей ұрандармен басталады. Олар күніне жүздеген адамға хабарласып, арнайы дайындалған психологиялық скрипттермен жұмыс істейді. Клиенттің ақшасы жоқ болған жағдайда, оны микронесие алуға мәжбүрлейді, таныстарынан қарыз сұрауға үгіттейді. Ең сұмдығы, ауыр дертке шалдыққан адамдардың өзін аямай, соңғы тиынын тартып алуға тырысады. Мәселен, өкпе дертіне шалдыққан қарияны алдау кезінде қылмыскерлер ешқандай аяушылық танытпай, оның еміне жинаған соңғы қаражатын ұрлауға әрекеттенген.

Әрбір ірі соманы қолды қылған сәтте орталықта арнайы қоңырау соғылып, барлығы қол шапалақтайтын дәстүр қалыптасқан. Яғни, арғы жақтағы қарапайым зейнеткердің немесе жас студенттің өмірі талқандалып жатқан сәтте, қылмыскерлер кеңседе мереке ұйымдастырады. Қызметкерлермен коммерциялық құпияны жарияламау туралы келісім жасалып, ереже бұзылған жағдайда 100 мың доллар көлемінде айыппұл салынатыны ескертіледі. Орталықтың ішкі қауіпсіздік жүйесі өте қатаң. Ғимарат іші толықтай бейнебақылауда болады, ал құқық қорғау органдары келген жағдайда серверлерді бір сәтте өшіріп тастайтын арнайы жүйелер орнатылған.

Психологиялық құрсау: Эмоциямен ойнау

Алаяқтар қалайша адамдарды өздеріне сендіреді? Психологтардың түсіндіруінше, қаскөйлер құрбандарының эмоциясымен өте шебер ойнайды. Олар қорқыныш, ұят, кінә немесе ашкөздік сезімдерін ояту арқылы адамның рационалды ойлау қабілетін толығымен бұғаттайды. Жәбірленуші қатты эмоциялық күйзеліске түскен кезде, саналы түрде шешім қабылдай алмай қалады. Қылмыскерлер «қауіпсіз шот», «ФСБ», «Ұлттық банк», «ішкі істер органдары», «Орталық банктің бірыңғай есепшоты» сияқты ресми терминдерді қолданып, маңыздылық елесін тудырады. Сонымен бірге, олар құрбанды «эмоциялық инеден» шығармау үшін «ойлануға уақыт жоқ» деп қысым көрсете береді. Сондықтан кез келген күдікті қоңырау кезінде бірден үзіліс жасап, тұтқаны қоя салу – ең дұрыс шешім.

Психолог Мөлдір Мақсатқызы:

«Алаяқтарды «екінші психолог» деп шатастыруға болмайды. Адам бойындағы негізгі сезім түрлері: таңғалу, қуану, қорқу. Ал алаяқтар негізгі сезімдерді адамда қалай ояту керегін және оны басқаруды біледі. Мұның әдіс-тәсілін толықтай меңгереді», – деп алаяқтардың адам сезімін қалай басқаратыны туралы пікір білдірді.

Сонымен қатар ол:

«Адамда интуиция болады, яғни іштей күдік туындайды, санасына белгі береді. Алаяқтар болса бұл адамды шынымен жақсылық ойлап тұрғанына сендіреді. «Сен қомақты қаржы ұтып алдың» немесе «Сенің атыңнан несие алғалы жатыр, мен саған көмектесемін» деп жоғарыда айтқан негізгі сезімдерін оятады. Мұндай сөзді естіген соң адамдар да сене бастайды, иланады. Кейбірі интуициясына сеніп, «керемет ұсыныстан» бас тартады. Ал келесілері интуицияны ысырып қойып, алаяқтың айтқанын істейді», – деді.

Халықты алаяқтардан сақтандыру жолы жайлы:

«Адам құлақпен естіп, көзбен көрген нәрсеге сенеді. Сондықтан құзырлы орган өкілдері, алаяқтықпен күресетін департамент басшылары халық алдында жиі сөйлеп, мәліметтер ұсынып отырса деймін. Тіпті көшеде баннерлер ілінуі қажет. Мұның барлығы адамдарға бейсаналы түрде әсер етеді. (…) Сондықтан адамдар құлақ асатын, аудиториясы көп блогерлер де осы туралы деректерді жиі айтып отырса, атқарылған жұмыстың нәтижесі болады. Халықты жаппай құлақтандырмай тұрып, алаяқтықпен күресуден ешқандай қорытынды болмайды».

Интернет алаяқтары өз қылмыстарын жасыру үшін қарапайым азаматтарды заңсыз істерге тартады. Ондай делдалдарды «дропперлер» деп атайды. Егер сіздің шотыңызға бейтаныс ақша түсіп, оны басқа жаққа аударуды сұраса, сіз қылмыстық тізбекке іліктіңіз деген сөз. Қаскөйлер жастар мен студенттерге «оңай табыс» ұсынып, олардың банк шоттарын басқарады. Салдарынан алданған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Оған қоса ұрланған ақшаны өз қалтасынан қайтаруға мәжбүр болады. Қазақстанда осындай делдалдардан 20 миллион теңгеден астам қаражат сот арқылы өндіріліп алынған нақты мысалдар бар. Алматыда 45 миллион теңге, Маңғыстауда 133 миллион теңге ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған топтар ұсталған.

Жасанды интеллект және корпоративтік қауіптер

Жалғыз азаматтар ғана емес, ірі компаниялар да шабуылдардан көз ашпай отыр. Қазіргі кезде ұйымдарға жасалатын шабуылдар күрделене түсті. Қаскөйлер тікелей бас кеңсеге емес, қорғанысы әлсіз филиалдарға немесе серіктес компанияларға шабуыл жасап, сол арқылы негізгі жүйеге кіруді көздейді. Яғни, каскадты шабуылдар белең алды. Егер бір кішігірім жеткізуші компания бұзылса, оның салдары үлкен банктердің немесе корпорациялардың тоқтап қалуына әкеледі. Мысалы, Үндістандағы C-Edge Technologies жүйесіне жасалған шабуыл 300-ге жуық шағын банктің жұмысын тоқтатып тастаған. Хактивистер ұрланған деректерді тек сату үшін ғана емес, ұйымдарға қысым көрсетіп, беделіне нұқсан келтіру үшін жариялау әдісін жиі қолдана бастады.

Технологиялардың дамуымен қатар, алаяқтар да жаңа құралдарды меңгеруде. Қазіргі таңда жасанды интеллект қылмыскерлердің ең басты қаруына айналып үлгерді. Олар нейрожелілер арқылы адамдардың дауысын, тіпті бейнесін айнытпай жасайтын дипфейк (deepfake) технологияларын қолдана бастады. Туысыңыздың немесе басшыңыздың дауысымен қоңырау шалып, қаржылай көмек сұраған кезде, шындық пен өтірікті ажырату өте қиынға соғады. Мәселен, шетелде алаяқтар дипфейк технологиясын қолданып, компания қызметкерін басшысының бейнесімен алдап, 25 миллион доллар аудартып алған оқиға тіркелген.

Мемлекет тарапынан да осындай қылмыстарға қарсы үлкен қадамдар жасалуда. Ұлттық деңгейдегі кибершабуылдарға қарсы тұру үшін арнайы орталықтар жұмыс істейді. Оған қоса, банктер, байланыс операторлары және мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін «Антифрод» жүйесі құрылуда. Соған қарамастан, әрбір азаматтың жеке сауаттылығы қорғаныстың ең бірінші шебі болып қала береді.

Қорғаныс қалқаны

Осыншама қауіп-қатерге толы заманда әрбір оқырман цифрлық гигиенаны сақтауды өмірлік дағдыға айналдыруы міндетті. Кибергигиена – ережелер немесе тыйымдар жиынтығы ғана емес, ол адамның деректерін, ақшасын және жантыныштығын қорғайтын әдеттер жүйесі. Цифрлық гигиена ұғымы тек қауіпсіздікті ғана емес, психологиялық саулықты да қамтиды. Интернеттегі үздіксіз ақпарат ағыны, яғни «думскроллинг» (жағымсыз жаңалықтарды тоқтаусыз оқу) адамның жүйке жүйесін тоздырады. Экраннан бөлінетін жарық ұйқы гормоны – мелатониннің бөлінуіне кедергі келтіріп, денсаулыққа зиян тигізеді. Сондықтан экрандық уақытты шектеу, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және фейк жаңалықтарға алданбау – цифрлық кеңістікте аман қалудың маңызды шарттарының бірі.

Төменде келтірілген нақты ұсыныстарды орындау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды қорғай аласыз:

Біріншіден, құпия сөздерді басқаруға ерекше мән беріңіз. Әр түрлі сервистер үшін күрделі әрі әртүрлі құпия сөздерді қолданыңыз. Оларды сақтау үшін арнайы пароль менеджерлерін пайдаланған абзал. Сөздердің орнына мағынасы жоқ, бірақ есте сақтауға оңай ұзын тіркестерді (passphrase) қолдануға болады.

Екіншіден, барлық мессенджерлер мен маңызды қосымшаларда екі факторлы аутентификация орнатыңыз. Қосымша қорғаныс тіркелгіні ұрланудан сақтайды.

Үшіншіден, бір реттік SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз. Егер кімде-кім код сұраса, ол – нағыз алаяқ. Банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан сізден код сұрамайды. Осындай құпия сандарды тек пароль менеджерлерінде сақтаған жөн.

Төртіншіден, бейтаныс сілтемелерге мүлдем өтпеңіз. Тіпті танысыңыздан келген хабарламаның өзі қауіпті болуы ықтимал, себебі оның аккаунты бұзылуы мүмкін. Ақпаратты басқа байланыс арнасы арқылы нақтылап алған дұрыс.

Бесіншіден, QR-кодтарды тек мессенджердің немесе ресми қосымшаның ішкі функциясы арқылы сканерлеңіз. Бөтен сканерлерді пайдаланбаңыз, себебі олар зиянды сайттарға бағыттауы мүмкін.

Алтыншыдан, қоғамдық Wi-Fi желілері арқылы банк қосымшаларына кіруден аулақ болыңыз. Ашық желілер деректерді ұрлауға өте ыңғайлы орта болып есептеледі.

Жетіншіден, экран бұғатталып тұрған кезде хабарламалардың алдын ала қарап шығу (превью) функциясын өшіріп тастаңыз. Онда банктерден келетін құпия кодтар немесе жеке ақпараттар көрініп тұруы мүмкін.

Сегізіншіден, хат алмасу кезінде «бір реттік» немесе өздігінен өшетін хабарламалар функциясын белсенді қолданыңыз. Құпия ақпаратты, мекенжайларды немесе құжаттарды жібергенде, олардың мәңгі сақталуына жол бермеңіз. Оған қоса, өте жеке сипаттағы суреттерді (нюдс) ешқашан желі арқылы жібермеу керек, себебі олар шантаж құралына айналуы мүмкін.

Тоғызыншыдан, желідегі профиліңіздің көріну аясын шектеңіз. Суретіңізді және желіге кірген уақытыңызды тек контактілер тізіміндегі адамдар ғана көретіндей етіп баптаңыз. Алаяқтарға артық ақпарат бермеген жөн.

Оныншыдан, бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларға күдікпен қарап, кез келген түсініксіз жағдайда сөйлесуді тоқтатыңыз да, блоктау функциясын белсенді түрде қолданыңыз. Бұғаттау – спамерлерден құтылудың ең тиімді тәсілі.

Цифрлық қауіпсіздік – қазіргі заманның ауадай қажеттілігі. Қарапайым қағидаларды елемеу қаржылай шығынға ғана емес, орны толмас қайғыға, тіпті адам өліміне әкеліп соқтыруы ықтимал. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін қорғау үшін цифрлық сауаттылықты арттыру – кезек күттірмейтін басты міндет. Алаяқтардың торына түспеудің ең мықты қаруы – ақпараттану, сабыр сақтау және әрбір қадамды саналы түрде жасау. Виртуалды әлемдегі сақтық шынайы өмірдегі амандықтың кепілі екенін естен шығармаған абзал.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.