Талдықорған: +24°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚАТАРЫҢМЕН БІРГЕ КҮЛІП, БІРГЕ ЖҮР

22.01.2021
ӘЛЕУМЕТ
ҚАТАРЫҢМЕН БІРГЕ КҮЛІП, БІРГЕ ЖҮР
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақта «Ойды ой қозғайды» деген мағыналы мәтел бар. Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің «whatsApp» желісі арқылы тараған «Ең керемет жас» деген сұхбатын тыңдап отырып, өзім куә болған бір жағдай есіме түсті. 
1990 жылдың жазы… Киров ауданы Алғабас ауылының байырғы тұрғыны, досым Ізімбайдың әкесі болып келетін Ибраимов Рахметолланы жерлеу рәсіміне қатыстым. Марқұм болған ағамыз Ұлы Отан соғысының ардагері, зейнетке шыққанша ұстаздық етіп, абыройлы болған жан еді. Жерлеуге қатысу үшін зират басына келген жұрт қарасының молдығы ақсақалдың сыйлы азамат болғанының дәлелі іспеттес. Жиналғандардың дені шәкірттері болған ауыл адамдары, мектеп мұғалімдері, құда-жекжат, балаларының дос-жарандары. Мәйіт ақымға түскен соң ұстаған күрекке әрқайсысымыз: «Ал, аға, жатқан жерің жайлы болсын, іші балаларың оқыған Құранмен нұрлансын» деп, бір-бір уыстан топырақ салып, жерлеу рәсімінің аяқталуын тосып тұрғанымызда бір қарттың моладан молаға жүгіріп, әрбірінің қоршауына басын ұрып, өз басын өзі тоқпақтап, дауыстап жылап жүргенін көрдік. Әлгі адамға әрқайсымыз басу айтып, зират басындағы оғаш қылығын зорға тоқтаттық.
– Ақсақал, досыңыз қайтып тірілмейді, жақсы ғұмыр сүріпті, кемпірінің артында қалып барып, қайтыс болды демесеңіз, балаларының алдында өтті. Бәріміз де бұл өмірге қонақпыз, түбі біз де сол жаққа барамыз, деп ділмарсыдық. Сонда барып білдім, бұл Өксікбай деген ақсақалдың жасы 91-ден асыпты. Кемпірі әлдеқашан бақилық болған, балаларының қолында тұрады екен. Күтімінің де жақсы екендігі үстіне киген киімі мен түр-сипатынан білініп тұрды.
– Қайтыс болған замандастарымның бәріне топырақ салып едім! Енді менің қатарым жоқ, мен өлгенде кім топырақ салады? Неге қалдым? Мен енді кімге керекпін? Мына Рахаң сияқты құдай мені неге алмайды, не жазығым бар менің? – деп, Жаратушымызды жазғырып, өксіп-өксіп жылады  бейбақ.
Содан бері отыз жылдан асты. Дәл осы оқиғаны көрген кезімде мен қырықтан қылшылдап жаңа ғана асқан едім. Біздер, енді,  міне, жетпісіңізді еңсеріп тастап, 73 деген тағы бір мүшелден астық. Қатарымыз сирей бастағанда барып  әр жастың қадірін тереңірек біле бастағандаймыз. Оның үстіне өткен тышқан жылы Қытайдан келген тәжвирус деген індет айналамызды әжептәуір сиретіп тастады. Есеңгіреп қалдық десек те болады. Өз басым ет жақын төрт-бес достан айырылдым. Әрқайсысы да мен үшін жүзіктің көзінен өтетіндердің нағыз өздері еді. Әсіресе, кардиология ауруханасында ем алып жатқанымда, бала кезден бірге өскен досым Зәкірдің дүниеден озғаны туралы жеткен жаманат хабар қабырғамды сөгіп жібергені рас. Өкіріп жылап, бүкіл аурухананы басына көтергенімді байқамаппын. Жанымдағы емделушілер мен дәрігерлер сабыр айтып тоқтатты. Содан бір-екі күн өткенде, сол жерде жатып, Серқожа мен Бақыттың мезгілсіз қайтыс болғандарын естіп күйіндім. Бұлардың бәрі де бақуатты, өсіп-өнген, балаларының қамқорлығында, кәлималары ауыздарынан түспеген иманды жандар еді. Доқтыр да, жинаған мол мал-мүліктері де, ешқайсысы да  жандарын ажалдан арашалап алып қала алмады. «Ее, дүние-жалған деген осы да!» деп түйдім. Бүгінгі жабырқау көңіл-күйімді хакім Абай атамыздың:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек …
Басқан із көрген қызық артта қалар,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек, – деген өлең жолдарымен басып, ғұлама ақынымыз пәлсапасының тереңдігіне тағы бір мәрте көз жеткіздім.
Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: жасың мейлі жетпіске, сексенге келсін, ең бастысы, адам көзі тірісінде балаларының жамандығын көрмегені бақытты кәріліктің бір үлкен көрсеткіші деп білемін. Өз аяғымен үйіне кіріп-шығып, өзін күте алса, құдай қосқан жары аман болып, сонымен қауқылдасып отырып шай іше алатын болса, соған шүкіршілік етуіміз – ол да бір үлкен бақыт. Сонымен қатар, өзіңмен сырлас қатарыңмен жүзбе-жүз амандасып, бірге ойнап-күліп өткізген күндер өміріңнің баға жетпес кезеңі екен! Қадіріңді біліп, әңгімеңді тыңдап, қабағыңа қарайтын, өткен-кеткенді айтып, сұхбаттасатын құрдастарыңның көп болғаны абзал дегім келеді кейінгі ұрпаққа.
«…Ажал маған жоламайтын сияқты,
Сол құрдастар жер бетінде жүргенде» деп жырлапты лирик ақын Тұманбай Молдағалиев ағамыз. Бұған менің алып-қосарым жоқ.

Әбдісамат МЫЛТЫҚБАЕВ, 
зейнеткер, 
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Облыстық  аурухана аумағында  көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылуда

Облыстық аурухана аумағында көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылуда

25.04.2026
Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

25.04.2026
«Жетісу» Бангкоктағы алғашқы жаттығуын өткізді

«Жетісу» Бангкоктағы алғашқы жаттығуын өткізді

25.04.2026
Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

25.04.2026
«Қойтас» эко-саябаққа айналады

«Қойтас» эко-саябаққа айналады

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.