Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Білім алуға ЗОР мүмкіндік

12 наурыз 2018
ӘЛЕУМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Бес бастаманың ішіндегі тағы бір өзектісі– мемлекеттік гранттардың санын арттыру және білімгерлерді жатақханамен қамту мәселесі. Иә, аталмыш сала бойынша да атқарылар іс ауқымды. Елбасының шешімімен 2018-2019 жылы бөлінетін қосымша гранттар білім саласына елеулі серпін беретіні анық. Оқу оқып, ізденемін деген жастарға қолдау, білімге, жатақханаға деген қолжетімділік бойынша жария етілген жақсы жаңалық жалпыға ортақ жағымды іс. 

Бұған дейін  еліміз бойынша мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына 54 мың грант бөлініп келген. Ендігі кезекте Елбасы бастамасымен аталмыш тегін оқу жүйесі 20 мың грантпен толықтырылмақ. Ал өңірімізде облыс әкімінің грантымен жергілікті бюджет есебінен 438 білімгер тәлім алса, енді бұл көрсеткіш  100 грант көлемінде көбеймек. Бұл үлкен жетістік, үлкен мүмкіндік. Болашаққа деген ұмтылысы биік әр бала үшін жоғары деңгейдегі қолдау, асқақ арманның орындалуына ашылған даңғыл жол. Көзделіп отырған көрсеткіштердің осы сәттен бастап іске асары да анық. Себебі, Елбасы жоғары білім алудың қолжетімділігі мен оқу сапасын арттыру үшін бірқатар шараларды ұсынып, нақты шешімі болуын талап етті. Бағдарламаның мақсаты бойынша гранттың басым бөлігі техникалық, инженерлік, ақпараттық-технологиялық мамандықтарға бөлінбек. Осы арқылы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада сұранысқа ие болатын білімі мен білігі жоғары маман даярлау мүмкіндігі пайда болмақ. Ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жастарға деген қамқорлықтың көрінісі осы. Елбасы сөзіндегідей орта мектеп түлектерін жоғары біліммен қамту, олардың оқу жүйесіне назар аударып, сапасын көтеру  әлемдік тренд. Сондай-ақ, Президент білімгерлердің стандартқа сай сапалы білім алуымен қатар олардың тұратын жеріне жағдай жасау мәселесін де қарастырған. Бұл да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған болатын. Кез келген оқу орнының білімгерді жатақханамен қамтуы кенжелеп келгені бәрімізге белгілі.  Енді бұл тақырып та жоғары деңгейде шешімін таппақ. Осы орайда Елбасы ұсынған жекеменшік серіктестігі қағидасымен Студенттер үйін салуды бастау мәселесі өте ұтқыр да ұтымды ой екендігі анық. Жақсылық жаршысы болған жаңалықтың ерекшелігі 2022 жылдың соңына дейін кемінде 75 мың орынды жаңа жатақхана салынбақ. Осынау ойымен бөліскен Елбасы жатақхана тапшылығын шешуді нақты тапсырып өтті. Ендігі кезекте «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірге берекелі іске бастамашы болайық. 

Мықтыбек РАХЫМБЕКОВ,
Талдықорған заң колледжінің директоры

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.