Талдықорған: +29°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БҮЛІНГЕН «АЛТЫН ОРДА» МЕН «АПОРТ» ІСІ БОЙЫНША АРНАЙЫ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛҒАН

20.02.2022
ӘЛЕУМЕТ
БҮЛІНГЕН "АЛТЫН ОРДА" МЕН "АПОРТ" ІСІ БОЙЫНША АРНАЙЫ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

«Қасіретті қаңтар» деп ат беріп, айдар тағылған оқиғалар кезінде Алматы қаласымен бірге алып мегаполиске жақын орналасқан аудандар да зардап шеккені белгілі. Әсіресе, Қарасай ауданының қалаға қапталдас «Алтын орда» көтерме сауда орталығы мен «Апорт» сауда, ойын-сауық кешені бейбіт шерудің берекесін кетірген бұзақылардың тонауына ұшырады. Бүгінге анықталған мәлімет бойынша бұл күндері ауданға қарасты 106 шағын және орта бизнес нысаны мен 3 жанар-жағармай құю стансылары бүлінген.

Біз айтып отырған екі нысан Алматыны былай қойып, бүкіл Қазақстанға кеңінен танымал десек, артық айтқандық бола қоймас. «Алтын ордада» елімізге келетін көкөніс пен азық-түлік тауарларының негізгі бөлігі саудаға салынады. Ал, «Апорт» болса Орта Азияда теңдесі жоқ бассейндері бар, қала жұртшылығы мен жақын аудандардың халқы отбасымен тынығатын алып кешен. Елдегі тәртіпсіздіктерді пайдаланған ашкөз адамдар осы екі нысанға шабуыл жасауының себебі де осында жатса керек.

Бүлік басылғаннан кейін бүлінген дүниелерді қалпына келтіру жұмыстары басталғаны белгілі. Бұл жолы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен жаңадан жасақталған Үкімет мәселенің маңыздылығын сезіне отырып, шұғыл шешімдер қабылдады. Қалпына келтіру шараларын реттейтін тиісті құжаттар жасалып, жергілікті жерлерде арнайы комиссиялар құрылып, жұмысты бастап жіберді.

Бұл жерде, ең алдымен, зардап шеккен нысандарды анықтап алу маңызды. Яғни, бизнес нысандарының зардап шеккендігі жайында құқық қорғау органдары мен комиссия келіп түскен арыз бойынша залалдың мөлшерін анықтап, соңынан тәртіп бойынша шығын өтелетін болады. Қолды болған мүлік сақтандыру мекемелеріне тіркелмеген жағдайда өтемақы мемлекет бюджетінен немесе «Күшіміз – бірлікте!», «Жаңа Алатау» қоғамдық қорлары арқылы жүзеге асырылмақшы.

– Барлық жұмыс бекітілген тәртіп бойынша арнайы құрылған облыстық комиссияның бақылауымен жүзеге асырылады, – дейді Қарасай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғазиз Малдыбаев. – Алайда «Алтын орда» көтерме сауда орталығы мен «Апорт» ойын-сауық кешені бүлінген дүниелерін өз күштерімен қалпына келтіріп, бүгіндері толыққанды жұмыс жасауға көшкен. Қазір осы нысандарда орналасқан шағын және орта бизнес нысандарына келтірілген залалдың мөлшері анықталуда.

Халықтың бейбіт шеруін өз мақсаттарына пайдаланып, тәртіпсіздіктер кезінде бүлінгеннен бүлдіргі алғандарды ақтап алар себеп жоқ екені белгілі. Ал енді осындай жағдайда табыс тауып қалсам деген ниеті түзу емес кәсіпкерлердің болуы да мүмкін. Біз Ғазиз Кенжекенұлынан осы жайлы да анықтап сұраған едік.

– Мұндай оқиғалардың орын алуы мүмкін екені белгілі. Мысалы, кейбір деректерге қарағанда бұзақылық басталғанда өз тауарларын басқа жаққа алып кеткен кәсіпкерлер болғаны жайлы мәліметтер келіп түсуде. Немесе болмаған тауарларын болды деп көрсететін адамдар табылып қалуы да ғажап емес. Алайда мұның бәрін анықтап алу онша қиынға соға қоймайды. Сондықтан мемлекет пен қоғамдық қорлардың қаржысы қолды болады деп күдіктенуге себеп жоқ. Тіпті, зардап шеккеніне қарамастан өзгеге алақан жаймай, бүлінген дүниелерін өз күштерімен жөндеп, азаматтық танытып жатқан жандардың бар екені қуантады, — дейді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Иә, халқымыздың қашанда қиындықта бір-біріне көмек қолын ұсынып, тығырыққа тірелгенде көп болып жол табатын қасиеті бар емес пе?! Бұл жолы да ел басына түскен ауыртпалықты жұмыла көтеріп, ауызбірлік танытады деп сенеміз.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.