Талдықорған: +25°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ БАР — ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ

02.05.2022
ӘЛЕУМЕТ
БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ БАР - ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ

Тыныштық пен бейбітшіліктің белгісі саналатын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Талдықорған тұрғындары «Жастар» мәдени-демалыс саябағына жиналды. Жұртшылықты мерекемен құттықтай келген Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ саябақта өтіп жатқан түрлі шараларды тамашалады.

Салауатты өмір салтын ұстанған жандар спорттық жарыстар: қолкүрес, арқан тартыс, күрес, асық ату, гір көтеруден сынға түссе, гимнастика және басқа да спорт түрлерінен бүлдіршіндер жаттығу үлгілерін көрсетті. Ұлттық тағам, қолөнер туындылары, музыкалық аспаптар қойылған этномәдени бірлестіктердің көрмелерінен келген қонақтар кәдесый сатып алуға мүмкіндік алды.

Жетісулықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаған Қанат Алдабергенұлы: «Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық ұлттар үшін бұл мерекенің маңызы өте жоғары. Бейбітшілік, тыныштықта күн кешіп, бала-шағамыз аман-есен өсе берсін. Елдің жағдайын жақсарту үшін еңбек ете берейік», – деп, этнос өкілдерімен естелік суретке түсті.

Ыстық ықыласын ақтарған «Арзу» ән-би ансамблінің әншісі Шахинам Құрбанова 60 жылдық тарихы бар ансамблінде өнер көрсетіп жүргенін мақтаныш етті. Керемет көңіл-күй сыйлаған осындай ауқымды шара ұйымдастырушыларына алғыс айтты.

Салтанаты мен сәні келіскен жиында немерелерін жетектеп жүрген ата-әже, ұл-қыздарын қыдыртқан ата-ана, құрбы-құрдастарымен қалжыңдасқан қыз-жігіттер назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, кәсіптік білім бағдары бойынша бос орындар жәрмеңкесі, оқу орындарының Ашық есік күні ұйымдастырылды.  Мерекелік шара түнге дейін жалғасып, кешкілік облыстағы өнер ұжымдары концерт қойды.

Алматы облысының әкімі 1 мамыр — Бірлік күніне орай БАҚ арқылы да өз лебізін білдірді. «Құрметті жерлестер! 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні баянды болсын! Бірлік бар жерде береке, әділдік және өркендеу бар. Кешегі ата-бабамыздан қалған қарапайым осы сөздің мәні бүгінгі күні де өте өзекті. Елім деген әр азамат ел бірлігінен артық, ел бірлігінен қымбат ештеңе жоқ екенін соңғы жағдайлардан кейін және түсінгендей.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құру саясатының негізгі өзегі де ел бірлігін нығайтып, әділдікті үстем ету. Қазақстанда, соның ішінде, Жетісу өлкесінде тұратын этнос өкілдері қазақ халқының ұлттық құндылықтарын басты діңгек ете отырып, этномәдениеттерін дамытып келеді. Халқымыз «Ынтымақ түбі — игілік» деген. Бірлік пен достыққа, өркендеу мен өсуге бастайтын осындай игі байланыстарды одан әрі дамыта беруге баршамыз атсалысатын боламыз.

Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс, ашық аспан, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін! Еліміз аман, жеріміз бүтін, заманымыз тыныш болсын!» — деді ол құттықтауында.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.