Талдықорған: +28°C
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЗДЕГЕН КАДРДЫ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛДЫРМАҚ

02.10.2018
ӘЛЕУМЕТ
ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЗДЕГЕН КАДРДЫ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛДЫРМАҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл мәселе Жаркент қаласында Панфилов ауданының ірі және орта кәсіпкерлік субъектілері мен шетелдік жұмыс күшін тартушы мекеме басшыларымен өткен «дөңгелек үстелде» көтерілді. Аталмыш жиынға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Жақсыбаева мен ішкі еңбек рыногын қорғау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің қызметкерлері Г.Еңсебаева мен Г.Мусинова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Жақыбай және халықты  жұмыспен қамту орталығының директоры К.Аширжанов қатысты.

Кездесу барысында еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны жөніндегі жол картасына қол қоюмен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту жөні түсіндірілді.  Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған Б. Жақсыбаева технологиялық жаңғырту мен экономиканы цифрландыру пайдасына жасалатын құрылымдық өзгерістер қызметкерлерді мәжбүрлі жұмыстан босатуға алып келетінін айтып өтті. Сондай-ақ, бұл дәстүрлі салаларға тән (ауылшаруашылығы, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі) екенін атап өтті. Өңіріміз аграрлы-индустриалды аймақ болып табылатындықтан, жұмыстан босатылатын еңбек ресурстарын келешегі бар салаларға таныстыру керектігін де әңгімеледі.

«Индустрия 4.0» элементтерін енгізуге байланысты жұмыстан жаппай босатылуға жол бермеу мақсатында Жетісуда 500-ден астам жұмыскері бар 18 ірі кәсіпорынмен Жол картасына қол қою белгіленген. Аталған кәсіпорындарда 13171 адам жұмыс істейді. Биыл 1 қыркүйекте жаңғырту мен цифрландыру жұмыстарын жүргізу күтілетін 16 ірі кәсіпорынның басшыларымен Жол картасына қол қойылған. Аталмыш орындарда 11866 адам жұмыс істеп,  кәсіпорындардың қамтылуы 90 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге, «Жол картасы – компанияның қызметкерлерін қолдауға және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған әрекеттерді үйлестіру үшін қарастырылған. Әлеуметтік басқарма басшысының орынбасары Жол картасы жұмыстан босатылу жағдайында қысқартылатын қызметкерлерді бос жұмыс орындарына ауыстыруды (компания ішінде), жаңа кәсіптерге қайта оқытуды, ұқсас кәсіпорындарға орналастыруды, кәсіптік бағдар жүргізуді қоса алғанда жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыруға ықпал етуді, ерікті қоныс аударуға жәрдемдесуді, кәсіпкерлікке ынталандыруды, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруды қарастыратынын жеткізді. Сөз соңында жиынға қатысқан кәсіпорындарды Жол картасына қол қоюға шақырып,  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан істерге тоқталып, қызметте электрондық еңбек биржасы және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс істеу неғұрлым тиімді екенін  түсіндірді.

Кездесу барысында Г. Еңсебаева мен Г. Мусинова шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ, корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына» және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес реттелетініне тоқталды. Бүгінгі күні шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алу үшін құжаттар электрондық түрде «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры»  ақпараттық жүйесі арқылы қабылдануда.

Осы мазмұндағы кездесу Ұйғыр ауданының жеке кәсіпкерлік субъектілері өкілдерімен де өтті. Басқарма қызметкерлері кездесулер барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, қорытындысында сындарлы диалог жүргізілді. Шара соңында қатысушы мекемелерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы жадынамалар таратылды.

Құралбек СӘБИТОВ

Панфилов, Ұйғыр аудандары 

Қатысты жаңалықтар

Рәміздер рухы – Конституция күші

Рәміздер рухы – Конституция күші

13.07.2026
Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

13.07.2026
Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

13.07.2026
10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

13.07.2026
Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

13.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.