Қазіргі таңда елімізде инклюзивті білім беру қарқынды дамып келеді. Оқуда қиындықтары бар әр баланы білімге тарту, қоғамға кіріктіру мақсатында инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда. Өйткені, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың басқа оқушылар сынды білім алуға, қоғаммен тығыз байланыста өмір сүруге тең құқығы бар.
Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін арттырып, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру аса маңызды. Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуды қамтамасыз ететін сабақ жоспарларын әзірлеу және инклюзивті білім беру ортасын жобалау дағдыларын дамыту мақсатында «БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ САБАҚ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ» бойынша үш апталық курс өтті. Курсты Педагогикалық шеберлік орталығының тәуелсіз тренері, №28 IT мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Бағдат Джамбаева жүргізді.
Курсқа облысымыздың әр аудан, қалаларынан бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Мұғалімдерді шыңдауда Бағдат Әділғазықызының сіңіріп жатқан еңбегі зор. Осыған орай курс тыңдаушыларының дәріскерге айтар алғысы зор.
Ләззат Қасымбайқызы,
№14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші
Талдықорған қаласы
Жетісу облысы





