Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Мектеп директоры мен мұғалімін жұмысқа қабылдау шарты өзгермек

05.01.2025
ӘЛЕУМЕТ
Мектеп директоры мен мұғалімін жұмысқа қабылдау шарты өзгермек

Оқу-ағарту министрі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы бірлескен бұйрығымен мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерін тағайындау және қызметтен босату ережелерінің жаңа редакциясы бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ережеге сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын тағайындау немесе қызметке қабылдау жұмыс берушінің шешімімен Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағы негізінде тағайындау немесе конкурс арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші басшыны тағайындау тәртібі

Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын жұмысқа қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару арқылы жүзеге асады. Егер қабылдау конкурс арқылы жүргізілсе, оған негіз конкурс комиссиясының оң қорытындысы.

Мектеп директоры лауазымына үміткер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • Еңбек кодексінің 32-бабының 1-тармағында көзделген құжаттар;
  • Белгілі бір вакантты лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

Конкурс кезеңдері:

  1. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы немесе әлеуметтік желідегі аккаунтында конкурс туралы хабарландыру жариялау;
  2. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден құжаттарды қабылдау;
  3. Құжаттарды біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру;
  4. Конкурс комиссиясының үміткерлермен сұхбат жүргізуі.

Қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
  • Кадр есебі бойынша жеке парақ және фотосурет;
  • Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат көшірмесі;
  • Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
  • Денсаулық жағдайы туралы 075/у үлгісіндегі анықтама;
  • Психикалық және наркологиялық есепте тұрмауы туралы анықтама;
  • Сертификаттау туралы куәлік;
  • KazTest сертификаты (B1 деңгейінен төмен емес);
  • Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
  • Түйіндеме;
  • Біліктілік санатын беру немесе растау куәлігі.

Сертификаттау талаптары:

Үміткерлерді сертификаттау білім саласындағы Уәкілетті орган анықтайтын ұйым арқылы ақылы түрде жүргізіледі. Сертификаттау электронды форматта өтеді және 180 минут ішінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы бойынша 48 тест сұрағына жауап беру қажет. Өту деңгейі – 50%. Сертификаттың жарамдылық мерзімі – 1 жыл.

Конкурс нәтижесі бойынша бірінші басшы 5 жыл мерзімге тағайындалады.

Мұғалімдерді қабылдау тәртібі

Педагогтарды жұмысқа қабылдау “Ұлттық деректер қоры” ақпараттық жүйесіндегі “Педагогтарды жұмысқа қабылдау” модулі арқылы жүзеге асырылады. Егер мұндай жүйе болмаса, құжаттар қағаз жүзінде қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар:

  • Конкурсқа қатысуға өтініш;
  • Жеке куәлік немесе электрондық құжат;
  • Кадр есебі бойынша жеке парақ;
  • Білім туралы құжат көшірмесі;
  • Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі (бар болса);
  • Денсаулық туралы 075/у үлгісіндегі анықтама;
  • Психикалық және наркологиялық есепте тұрмауы туралы анықтама;
  • Сертификат немесе біліктілік санаты туралы куәлік;
  • Ағылшын тілі мұғалімдері үшін қосымша сертификаттар (IELTS, TOEFL немесе CELTA);
  • Бағалау парағы;
  • Ұсыным хат.

Конкурсты ұйымдастыру кезеңдері:

  1. Конкурс туралы хабарландыру жариялау;
  2. Конкурс комиссиясын құру және күнін белгілеу;
  3. Құжаттарды қабылдау және қарау;
  4. Үміткерлерді бағалау және сұхбат өткізу.

Бұл ережелер 2025 жылғы 7 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.