Талдықорған: +29°C
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ӨМІРДІҢ МӘНІ — БАЛА НЕМЕСЕ ЖЫЛУЛЫҚ ПЕН ҚАМҚОРЛЫҚ ОРДАСЫ

02.12.2024
ӘЛЕУМЕТ
ӨМІРДІҢ МӘНІ - БАЛА НЕМЕСЕ ЖЫЛУЛЫҚ ПЕН ҚАМҚОРЛЫҚ ОРДАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Статистикалық  мәліметтерге зер салсақ, жыл сайын  жүздеген бала ата-анасынан айырылып, бөбектер үйіне орналастырылады. Бұл еліміз үшін маңызды әрі өзекті мәселе. Балалардың осындай  қиын жағдайға түсуі олардың болашағына, психологиялық  жағдайына  әсер ететіні сөзсіз. Олай болса бөбектер үйінің рөлі тек балаларға көмек көрсету ғана емес, олардың өмірге бейімделуіне де  ықпал етеді.


Талдықорған қаласындағы «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мекемесі  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, некесіз туған жас аналардың балаларын, сондай-ақ,  психикалық және физикалық дамуында кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту және оларға медициналық көмек көрсетеді.  Отыз бес жылдан аса  тарихы бар мекеменің жай-күйімен  танысуды жөн көріп  бөбектер үйіне ат ізін салып, тыныс-тіршілігін бағамдап қайттық. 

Алғашқыда «Талдықорған қаласындағы №3 балалар үйі» мемлекеттік мекемесі болып ашылған мекеме  ғимараты 1989 жылы  типтік жоба бойынша, 100 балаға лайықталып,  санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып салынды. Ал 1999, 2003, 2010, 2019 жылдарда мекеме атауы бірнеше мәрте өзгеріп, 2022 жылдан   «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыс- тық мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болды. Бөбектер үйінің құрылтайшысы және меншік иесі «Жетісу» облысының әкімдігі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Бөбектер үйінің директоры  Аида Утемұратованың  бұл  қызметке келгеніне үш айдың жүзі ғана  болыпты. Сондықтан мекеменің  тынысы туралы заңгер болып қызмет ететін Назым Дәулетбақова айтып берді. 

Әр бала – бір әлем

Он бес жылдан аса уақыт бөбектер үйінде  еңбек етіп келетін заңгердің сөзінше, мекеме ә деп ашылғаннан туғаннан 4  жасқа дейінгі балаларды қабылдап, штаттық кестеге сай балаларға білікті медициналық көмек көрсету және педагогикалық білім беру үшін қажетті жағдай жасайды.

–  Қазақстан Республикасы бойынша жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін ұйымдардың 3 сатысы бар. Оның бірі – туғаннан   4 жасқа дейінгі балалар медицинаның  қарауына (бізде  дені сау және дамуында кемістігі бар балалар);  4-18 жасқа дейінгі  дені сау, психикалық және эмоционалдық жағынан дамыған балалар  білім беру саласына; ал дене бітімі бойынша аурулары бар балалар әлеуметтік қорғау саласының қарауына бекітілген.  Бөбектер үйіндегі балалар  әлеуметтік мәртебесіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған (ата-ана құқынан айырылған, шектелген, анасы сотталған), сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға  тап болған аналардың балалары (олар балаларынан бас тартпай, уақытша  бөбектер үйіне тапсырады) бір жыл көлемінде  бөбектер үйінде тәрбиеленеді. Бұндай аналар біздің мекемемен   арнайы келісім орнатып,  арасында баласымен келіп, жолығып, көрісіп тұрады. Бір жыл ішінде өзінің әлеуметтік жағдайын  тұрақтандырып, баласын алып кете алады. Ал егер алып кете алмайтындай   болса, бұл мәселе сот арқылы реттеледі. 

2018 жылы заңнамаларға  өзгерістер енгізіліп, бөбектер үйінен арнайы күндізгі  оңалту  бөлімі ашылды. Бұл бөлім  балалардың жалпы жағдайын жақсарту, олардың психологиялық және әлеуметтік дамуындағы қиындықтарды жеңуге көмектесу мақсатында жұмыс істейді. Оңалту тобына  ата-анасы бар  2-4 жас аралығындағы   балалар келеді. Бөлімнің өзгелерден айырмасы, мекеме медициналық болғандықтан, баланың денсаулығына  басты  мән беріліп, сол жағынан көмек көрсетіледі.  Бүгінгі күні 45 бала бар. 

Бөбектер үйі ашылғаннан  қазірге  дейін 2791 бала мекеме арқылы өтті.  Бүгінгі күні  әлеуметтік мәртебесіне қарай бөлінетін топтардағы бала саны әртүрлі. Мекеме құрылымында бірнеше топ бар. Атап айтсам,  дені сау балаларға арналған – туғаннан бастап 1,5 жасқа дейінгі 10 балаға; 1,5 жастан бастап 2 жасқа дейінгі 13 балаға; 2 жастан бастап 4 жасқа дейінгі  15 балаға арналған топ; өмірлік  қиын жағдайға тап болған  – туғаннан бастап 1,5 жасқа дейінгі  10 балаға, бір жастан бастап 2 жасқа дейінгі  10 балаға; 2 жастан бастап 4 жасқа дейінгі 15 балаға арналған топ. Сонымен қатар   саны 10 баладан  аспайтын, ауруларын емдеуге немесе түзеуге болатын науқас балаларға арналған топ; түзеуге келмейтін туа біткен күрделі даму ақауы бар, саны 8-ден  аспайтын балаларға арналған топ бар, – дейді Назым Дәулетбақова. 

Айтуынша,  осыдан 10 жыл бұрын  перзентханада бас тартқан аналардың  балалары   көп түсетін болса, кейінгі жылдарда көрсеткіш саны азайған. Ал соңғы уақытта   жылына кемінде 3-4 баладан аспайды және бұл балаларды  көбіне асырап алады екен. 

– Баланы асырап алушылар  арнайы портал арқылы, база бойынша  кіреді. Қамқоршылық және қорғаншылық органдары осы базаға балалар санын тіркейді, осылайша  Қазақстанның әр өңірінен  бала асырап алғысы келетін ата-аналар көріп, өз ниеттерін  білдіреді. Бәрі электронды түрде жүзеге асады. 

Бізде еңбек ете­тін әр маман өз қыз- метінде әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып  жұмыс істейді. Басшымыз әр кезде мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлерге «Осы балалардың анасы да, әкесі де өздеріңіз. Сондықтан бар мейірім, ықыластарыңызды  төгіп, оларды сүйіспеншілікке бөлеңіздер» деп құлақтандырып отырады. Қазіргі таңда мекемеде 85 адам жұмыс істейді. Олардың әрқайсысының атқарар   міндеті бар. Мәселен,  топтық қызметкерлер бойынша 1 тәрбиеші, 1  бала күтушісі,  науқас  балаларға арналған топта негізінен медициналық  білімі бар қызметкер және бала күтушісі жұмыс істейді,  – дейді ол. 

«Менің «мамам» келді…»

Өз сөзінде Назым Дәулетбақова бөбектер үйіндегі әр қызметкер  қолы қалт етсе әр баланы құшағына алып, оларды еркелетіп, өбектеуге дайын екенін айтты. 
– Бала – өмірдің жалғасы, мәні мен сәні ғой. Біз әр баланың басқан қадамына, сыңғыр күлкісіне  көңіл бөле отырып балалардың өмірін өзгертіп қана қоймай, оларды алға  жетелейміз, – деген заңгер  бөбектер үйінде баланың өміріне  қатысты шаралар  салт-дәстүрге сай атқарылатынын  айтты. Мәселен, жаңа туған нәрестені  қырқынан шығарса, тәй-тәй басқан бөбектер үшін «тұсаукесер»  ырымы жасалады. Сондай-ақ,  қызметкерлердің  білімін  жетілдіруде   арнайы оқытушылар шақыр- тылып, психологиялық тұрғыда тренингтер де  өткізіліп тұрады. 

Оның сөзінше, бөбектер үйіне балалар түрлі жағдайда түсетіндіктен,   алғашқы мезетте олардың көзінде «мен қайдамын?» деген түсінбеушілік көзқарас  болады.  Дегенмен,  үйінде сезінбеген жылылықты  көрген соң тез ұмытып кетеді.  Асырап алуға келген ата-аналармен жүздескендегі  баланың жанары  бір сәтте өзгеріп сала беретінін айтқан Назым Дәулетбаққызы  баланың көңіл түкпіріндегі «менің «мамам» келді ғой» деген қуанышын да   көздерінен байқайсың дейді.  Бұл да бала психологиясына тән құбылыс қой.  

– Бала асырап аламын деушілердің қатары өте көп. Олардың басым бөлігі жаңа туған сәбиді  алғылары келеді. Ал   қазіргі таңда  мұндай балалар саны  көп емес.  Бала асырап алсам  дегендер   білім саласындағы қамқоршылық және қорғаншылық бөліміне барып,  шаруасын реттей алады. Қандай құжат, базаға қалай тіркелу сынды жолдардың бәрін сол жердегі қызметкерлер түсіндіріп айтады. Біздің  міндет баланы бағып-қағу. Сонымен қатар  асырап алушылар  келгенде баламен арадағы қарым-қатынастың қалай өрбігені туралы мәлімет береміз. Асырап алғандардың ішінде қайта қайтарылған   бір ғана жағдай орын алды,  – деп ағынан жарылды маман. 

 Бөбектер үйінің ғимараты  15 жылдан  бері күрделі жөндеуден өтпеген. Заңгердің  айтуынша,   күрделі жөндеу жұмысы  келер жылдың жоспарына енгізіліпті.

Алдағы уақытта мекемеде  балабақшадағы  тәріздес  арнайы топ ашылу көзделуде. Топқа балабақшаға баласын беруге жағдайы келмейтін жағызбасты аналар  мен көпбалалы  отбасылардың балаларын  алады. Қазіргі таңда топты ашу туралы жұмыс жүргізілуде.  Бәрі  дайын болғанда арнайы хабарландыру арқылы балалар  қабылданады. 

– Кейде балалар үйлеріне қатысты қоғамдық пікірлер теріс болып жатады. Олар мекеменің балаларға дұрыс тәрбие бермейтінін,  құқықтарының бұзылуына жол берілетінін айтады. Бірақ мүлде олай емес. Біз әр бала үшін жауаптымыз. Олардың  мейірімге   бөленіп өсуіне барымызды саламыз.  
Өз  басым мекемеге кездейсоқ келген адаммын. Бастапқыда көп дүниені  түсінбейтінмін, қазір басқа жұмысқа ауысайын  десем кете алмаймын.  Бір нәрсе жібермей тұрғандай  сезімде боламын. Негізі,  бала асырап алуға келетін ата-аналардың басым бөлігі біздің жұмысымызға разылығын білдіріп, алғыстарын жаудырып жатады,  – дейді  ол. 

Әлем балалармен әдемі 

Бөбектер үйіндегі балалардың денсау- лығына жауапты және олардың физикалық, психологиялық дамуына ерекше назар аударатын балалар дәрігері  Ғалия  Шахабаеваның бұл  мекемеде жұмыс істегеніне 30 жыл болыпты. 

– 1994 жылдан бері еңбек етіп келемін.  Мен келгенде  мекеме директоры  Сәуле Қанашқызы  еді. Ол тұста   дәрігерлік штатта үш  адам: невропатолог және  2 педиатр болды. Ал бала саны 110 болатын, – деп бастады әңгімесін Ғалия Қамышқызы. – Сол жылдардағы бастан өткен қиындықты айтып тауыса алмаспын. Балаларға тамақ таба алмай қалған кездер болды. Ботқа жасау үшін сүт бар, бірақ жарма жоқ деген сықылды. Сол кезде «Сәттілік» дүкені ғана қол ұшын беріп, болысатын еді. Жарық жиі өшетін кездері 110 балаға тамақ беру  мұң болатын. Қазіргідей бір орында отыру деген жоқ, аяғымыз  аяққа тимей, зыр жүгіріп жүретінбіз. Бір жасқа дейінгі балалар жан-жақтан шуылдағанда естен тануға аз-ақ қалатын едік. Бұл қиындық 1996 жылға дейін созылды ғой. Жазда өзіміз бақша егіп, көкөністер отырғызатынбыз. Ол кездері  қазіргідей дайын сүт қоспасы болған жоқ. «Малюткадан» талай бала диатез болды. Ботқа әзірлейтін   жарманың да түрі аз еді. Балалар ауырып  қалса дәрі жетпейтін. Бір бала ауырса болды, бәріне жұғады. Әріптестерім – Ғалия Нығметжанова, Любовь Александровнамен  бірге  аулада өсіп тұрған құс шиесін (черемуха) теріп, оны кептіріп, балаларға компот қайнатып, түрлі  шөптерді жинап, жөтелге қарсы қоспа дайындайтын едік.  Бұл да бір дәурен болды ғой.  Сол жылдарда тастанды бала  саны да көп болды. Перзентханадан ай сайын  кемінде 3 баладан алып келетін.  Қорапқа, сөмкеге салып мекеменің алдына тастап кететіндер, тіпті қоқыс жәшіктеріне, құрылыс алаңына   тастайтын дерек  жиі орын алды. Біз балаларды қабылдау-  ға үлгермей жататынбыз. 2010 жылға дейін осындай оқиғалар жиі көрініс тапты. 

Бала  – бауыр етің ғой. Мен көбіне ұл балаларды жақсы көрдім.  Сосын жиі  ауырып қалатындардың  жанынан бір елі шықпайтынмын. Шыны керек, ол кездері бөбектер үйінен бала асырап аламын дейтіндерге жол ашық еді. Қазіргідей база деген жоқ. Баланың көптігінен  қарап жүріп, дүкеннен  зат алғандай таңдап алатын-ды. Бұрын ата-ана баланы таңдаса, қазір бала ата-ананы таңдайтын болды. 

Сөзімде айтқандай, қазір тастанды балалардың саны күрт азайды. Бұған қуану керек. Қазір перзентханадан  жылына 4 баладан артық түспейді. Ал бұрын ше? Әсіресе, наурыз бен сәуір айында кемінде 10-12 бала түсетін. Осы түскен балалармен жаңа  бір топ ашылатын. Әр топта 12-15 баладан болды.  Таңнан кешке дейін жүріп алатын айлығымыз  да өте аз еді. Сол үшін   перзентханаға  кезекшілік жұмысқа баратынмын. Шаршамайтын едік. 

Әр сәбиді  өз баламыздай  көреміз. Олар ауырып  қалса, жанымыз шығып кете жаздайды. Бірде үш бірдей бала   ауруханаға түсті. Сол кезде  жансақтау бөлімінде  жанында болдым. Ондағылардың: «Бұлар бәрібір адам болмайды ғой, несіне сонша әуреленіп, тыраштанасың» дегенін есту де оңай болған жоқ.  Ол кездері ультрадыбыстық зерттеу деген болмады. Туылғаннан  бастап жүрегі ауыратын балалар саны көп болды. Солардың дертімен көп арпалыстық қой.  Аяқ-қолы жоқ  балалар да  4 жасқа дейін біздің қарауымыз- да болатын.  Барлық баланы бөлмей, күтім  жасауға күшімізді аяғанымыз жоқ, – деген балалар дәрігері әңгіме желісінде асырап алынған балаларды қимай қалатын сәттер де болатынын айтты.

Бөбектер үйінен асырап алған балалардың ата-анасы  олардың  қандай болғандарын  көрсету үшін тәрбиешілеріне суреттерін жіберіп тұрады.  
– Мен жұмысқа орналасқан кезден бері  бөбектер үйінде болған балалардың  жасы қазір  30-дан асты. Жақында ғана бір баламыз іздеп келіпті. Тағы бір асырап алған қызымыз тұрмысқа шығып, баласын босанды. Мұндағы әр баланың өмірі біз үшін қымбат. Кейде қалада ұшырасып қалатын сәттер де болады. Алайда біз оларды танымағандай кейіп танытамыз, кейде бір-бірімізбен көзбен амандасатын сәттер де болады. Өздері келіп сөйлессе ғана сөйлесеміз. Бірде мынадай жағдай болды. Мен жақсы танитын  бір адам: «Ана пәленше, сен  жұмыс істейтін жерден бала асырап алыпты ғой» дейді. Мен «білмеймін» дей салдым. Құпиялылық  та жұмысымыздың басты қаруы болып табылады, – дейді Ғалия  Қамышқызы. 

Өз сөзінде ол  бала  асырап  аламын дейтін ата-аналардың арасында   қуыршақ секілді  көретіндер де болады дейді. Асырап алып, қайтып әкелген бір ғана оқиға болыпты, алайда оның өзін іле-шала  басқалар асырап алған.   

«Бөбектер үйіндегі  өмір өзінше бір әлем ғой»  деген  Ғалия  Шахабаева  алты жыл бұрын зейнеткерлікке шықса да уақытын балалармен өткізетін  әдемі  әлемнен алыстағысы келмейтінін айтты. Әрі қазір балалар дәрігері деген тапшы. Ал өз ісін жетік білетін маманнан кім қол үзіп қалғысы келеді дейсің?!

Ғалымдардың зерттеуінше сәби туғаннан 6 жасқа дейінгі аралықта оларға ерекше қамқорлық көрсетілуі тиіс. Өйткені дәл осы аралықта бала тұлға болып қалыптасады. Бөбектер үйіндегі қызметкерлер өз міндеттерін ғана атқарып қоймайды, ондағы балаларға ана орнына ана болады. Оны бағып-қағып, тұлға болып қалыптасуына зор үлес қосады десек қателеспейміз.  Жылы орын, таза төсек, ата-ана мейірімі мен аялы алақанын бере алмағанымен, олардың  орнын басуға тырысқан мекеме қызметкерлерінің еңбегі ерен-ақ.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады

25.08.2026
Сарыөзекте заманауи кітапхана ашылды

Сарыөзекте заманауи кітапхана ашылды

25.08.2026
Пышақпен қаруланған азамат ұсталды

Пышақпен қаруланған азамат ұсталды

25.08.2026
Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туысыңызды қалай табуға болады?

Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туысыңызды қалай табуға болады?

25.08.2026
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?

Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?

25.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.