Талдықорған: +21°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚОНАЕВТЫҢ «АЛТЫН БАЛАЛАРЫ». АТА-АНА АРМАНЫ. ӘЛЕМІ БӨЛЕК ОРТАЛЫҚ

20.07.2022
ӘЛЕУМЕТ
ҚОНАЕВТЫҢ "АЛТЫН БАЛАЛАРЫ". АТА-АНА АРМАНЫ. ӘЛЕМІ БӨЛЕК ОРТАЛЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Бала мен бақыт — егіз ұғым. Ата-ананың қамқорлығына бөленіп, шат-шадыман қуанған ұл-қыздың күлкісі әлемді нұрландырады. Біздің қоғамда жеткіншектердің тең дәрежеде өмір сүріп, ойнап-күлуіне барлық жағдай жасалған. Балабақша, мектеп, мамандық таңдау бойынша білім алуына шектеу жоқ.

Қонаев қаласындағы «Алтын бала» қоғамдық қоры жаратылысы ерекше балаларды қоғамға бейімдейді. Әлеуметтік көмек көрсетеді. Сөйлеу, ойын жеткізу, қағаз-қаламды пайдалану, ойнау, билеуді үйретеді. «Даун синдромы» бар балалар мұнда жүріп-тұру, сурет салу, қимыл-қозғалысты реттеу, басқалармен қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Ашылғанына 4 жыл болған орталықтың көмегімен көптеген бала толыққанды өмір сүруге қол жеткізді.

Орталық жетекшісі Бибігүл Ахметова ерекше балалар мұнда алғаш келгенде жан-жағына жатырқап қарап, ортаны бөтенсіп, үйіне кеткісі келіп, бағынғысы келмей, қиғылық салатынын, ренжитіндігін айтады.

«Біздің тәжірибелі мамандар келген балаларды көпшілік ортада өзін ұстауға, сұрақ қоя білуге, сұраққа жауап қайтаруға бейімдейді. Біраз күнде олар ашыла бастайды. Әр балаға мүмкіншілігіне қарай  жұмыс істеу бағдарламасы әзірленеді. Ата-аналар да балалардың жүзінде күлкі үйірілгенін көріп, қуанып алғыстарын жаудырып жатады. Кешке үйіне қайтқысы келмейтін кездер де болады», – дейді орталық жетекшісі.

Мекемеде логопед, дефектолог, психолог, музыка кабинеті, 5 мұғалім, 2 тәрбиеші, 2 күтуші бар. Барлығы өз істерін жақсы біледі. Келген балалардың оқуға бейімделуі, денсаулығын түзеуі үшін барын салып еңбектенеді.

Бибігүл Нұрғалиқызы балалардың ерекшелігі, жетістігін айтып қуанып  отырады. Мысалы, Нұрлан Жұмағали деген бала келгенде ас ішуге қиналатын. Ойын жеткізе алмайтын. Қазір өзіне керектіні сұрап, қолы-басын жуып, басқалармен тең тұрып, жүреді. Ата-аналар да бізбен бірлесіп жұмыс істеуге ынталы.

«Орталықта үйреткенді үйге барғанда да жалғастыру керек. Бала білгенін ұмытып қалмауы тиіс. Жан-жақты дамыта берген дұрыс. Біздің балалар өз деңгейіне қарай буындап оқу, санауды үйренеді. Бастауыш сыныпты аяқтап, орта мектепті бітіргендері де бар. Диагнозы бір болғанымен балалар мінез-құлқы, болмысы, ерекшелігіне қарай әртүрлі деңгейде дамиды. Ата-ана мен ортаның көмегі көбірек болса, дамуы да жақсы болады», – деген Бибігүл Нұрғалиқызы ерекше балалар үшін инклюзивті мектеп болса деген ойын да айтып қалды.

Бұл көп ата-ананың арманы. Тіпті, болмаса Даун синдромы бар балаларға арналған арнайы сынып ашылса да көмек болары анық. Себебі, Даун синдромымен сырқаттанатын балалар денсаулығы жақсы балалармен тең оқып кете алмайды, қиналады. Сондықтан олардың шамасын ескеріп арнайы оқытатын жүйе құрылғаны жөн.

Бибігүл жары Ерлан екеуі сырқат балаларға білім беретін, тәрбиелейтін жаңа орталық ашу қамында. Жаңа ғимарат тұрғызып жатыр. Онда «даун синдромы» ғана емес, аутист балаларға да әлеуметтік көмек көрсетілмек. Орталықтың ішіне керек-жарақты алып беруге көмек көрсетілсе деген өтінішін де жасырған жоқ. Әр бала бақытты болуға лайық. Жаны жомарт адамдар ерекше балалардың ойнап-күліп, көппен бірдей өмір сүруіне қолқабыс етеді деген сенімдеміз.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

28.04.2026
Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

28.04.2026
Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

28.04.2026
Текті жырдың тұйғыны

Текті жырдың тұйғыны

28.04.2026
Жас таланттар тоғысқан алаң

Жас таланттар тоғысқан алаң

28.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.