Талдықорған: +25°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ПӘТЕР ЖАЛДАҒАННАН ИПОТЕКА ТӨЛЕГЕН ЖАҚСЫ. «ОТБАСЫ БАНКТІҢ» ТИІМДІЛІГІ

22.05.2022
ӘЛЕУМЕТ
ПӘТЕР ЖАЛДАҒАННАН ИПОТЕКА ТӨЛЕГЕН ЖАҚСЫ. "ОТБАСЫ БАНКТІҢ" ТИІМДІЛІГІ

Баспана – бүгінгі күннің басты мәселесі. Әр қазақ үйлі болғысы келеді, көңілінің жайланғанын қалайды. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз арманына қол жеткізіп жатқандар аз емес. Бүгін сол туралы әңгімелесек.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асырады. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Отбасы банк» арқылы 82 252 қазақстандық баспаналы болған.

– Отбасы банкіндегі депозиттерді біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтыру мүмкіндігі – еліміздің жас азаматтарын қолдаудың тиімді құралы. Осылайша, жұмыс істеп жүрген жастар баспанаға тезірек ақша жинай алады. Артынша жинақ шотының мерзімін ескере отырып, «Отбасы банкінен» жылдық 3,5 пайыздан 5 пайызға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй несиесін алуға болады. Бүгінгі таңда бұл сіздің өмір сүру жағдайыңызды жақсартудың ең қолжетімді құралы, өйткені мұндай несие бойынша төлемдер отбасылық бюджет еңсере алатындай көлемде, ал артық төлем мөлшері ең төменгі, – деп түсіндірді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы былтыр үй алған Талдықорған тұрғыны Эльвира Тулақбаева:

– Бағдарлама туралы ести сала, бірден іске кірістім. Өзім пәтер тауып, несие алуға барлық құжаттарды жинадым. Тұрғын үй бағасының 10 пайызын құрайтын бастапқы жарнаны жинауға туған-туыстарым көмектесті. Ал несиені банк берді, – дейді.

«Қазақстан тұрақты даму қоры» АҚ баспасөз қызметі елімізде «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру әлі де жалғасып жатқанын айтты. Жалпы аталған бағдарлама арқылы баспанасы жоқ, басқа ипотекалық несиесі жоқ, еңбек пен кәсіпкерлік қызметтен ресми түрде расталған кез келген ел азаматы үй алуына болады.

Талдықорғанның жаңа шағынаудандарының бірінен баспаналы болған жас маман Саят Дүйсебаев:

– Баспана бағасы жыл сайын қымбаттауына байланысты бюджеттік немесе мемлекеттік қызметкерлерге үй алуға қажетті соманы жинау қиынға түседі. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы осы мәселені шешуге арналған. Үйдің толық сомасынан 20 пайыз төлейсіз, 7 пайызбен 25 жылға алуға мүмкіндік бар. Жас мамандарға өте тиімді дер едім. Пәтер жалдағаннан, өз пәтеріңізде тұрып банкке ипотека төлеген жақсы. Мемлекеттік қызметкерлер кезегінде тұрып, тұрғын үй шаруашылығынан алсаңыз, пәтер бағасы тиімді. Жалпы тұрғын үй кезегінде тұрғаныма шамамен 7 жылдай болды. Бірақ дәл осы кезекпен пәтер аламын деп ойламадым. Өйткені, мемлекет есебінен салынған тұрғын үйдің саны аз, ал оны алатындар қарасы көп. Бұл бағдарлама шыққанына көп уақыт болды, бірқ тек жаңа үйден алуға арналған бағдарлама болғандықтан, көп үміттенген жоқ едім, – дейді.

Биыл наурыздан бастап Қазақстанның электронды үкімет порталында жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекке тұру қызметі іске қосылды. Енді кез келген қазақстандық 10 сотық жерді алуға eGov порталы арқылы өтініш бере алады. Осыған дейін жер телімін алу үшін жергілікті әкімдіктерге жүгінетін және кезекте тұрғандар тізімі сол жерде сақталатын.

Осы тақырып турасында Сенаттың кезекті отырысынан кейін тілшілерге сұхбат берген спикер Мәулен Әшімбаев:

– Жыл сайын коммуникацияны тартуға тиісті қаражат бөлініп жатыр, бұл жұмыстар жалғаса береді. Сондықтан кезең-кезеңімен әкімдіктер, Үкімет аталған мәселелерді шешіп, біздің азаматтар қажетті жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысына алады деп санаймын, – деген еді.

Бүгінде әр қазақтың баспаналы болуына түрлі жобалар дайындалып, бағдарламалар жұмыс істеп жатыр. Тек мамандармен кеңесе отырып, өзіңізге ыңғайлысын таңдауыңыз керек.

Серік ҚАНТАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.