Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Тезек төре есімі берілді

11 желтоқсан 2017
ӘЛЕУМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзектегі жаңа көшенің біріне Тезек төренің аты берілді. Бұл жайдарман жаңалықты күреңбелдіктердің тарихтан тағылым алып, бабаларға жасаған құрметі деп бағаладық.

Тезек төре Абылай ханның ұлдарының бірі, Ұлы жүз елін басқарған Әділден тарайтын Нұралы сұлтанның баласы. Өз кезінде Тезек төремен Ресей және Қытай елдері секілді алпауыт империялар санасып отырған. Көрші қырғыз елінің де ішкі, сыртқы оқиғаларына белсенді араласқан тұлға. Жетісу жерінде Ұлы жүздің аға сұлтаны бола отырып, ел үшін аянбай еңбек етіп, тарих сахнасында өшпестей із қалдырды. Атақты Сүйінбай, Түбек, Бақтыбай, Құлмамбет, тағы да басқа ақындарды барынша қолдаған, өзі де суырыпсалма ақын, күйші ретінде қазақ әдебиетінде айтарлықтай орын еншілеген.
Салтанатты жиында аудан әкімі Бағдат Әлиев көше атауының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында беріліп отырғанын айта келіп:
– Тезек төре сонау Семейден бастап, Ыстықкөлге дейінгі елді басқарған үлкен саясаткер. Сол себепті өткен жылдан бері ұлы тұлғаның атына көше атауын берсек деген ұсыныс білдірдік. Сол ұсынысымыз облыстық ономастика комиссиясының шешімімен мақұлданып, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай көше атауын беріп отырмыз, – деді ол.
Келесі сөз Тезек төренің ұрпағы Азамат Ақылбековке берілді. Ағамыз өлкетанушы, жазушы ретінде де танымал. 
– Тезек төре туралы өте көп айтуға болады. Ол кісі туралы мәліметтер орыс ғалымдары мен зерттеушілері Семенов-Тянь-Шанский, Пантусов, Гейнстің, Перемышльский, қазақ ғалымдары Ш. Уәлиханов, Әлкей Марғұлан, С. Мұқанов және басқа тарихшылардың еңбектерінде кездеседі. Менің «Тезек төре», «Тезек төреге қатысты жыр-айтыстар антологиясы» атты екі кітабым жарық көрді. Ал ауыз әдебиеті нұсқасында ол кісі туралы деректер өте мол, – деп қорытты ойын.
Осыдан кейін аудан басшысы Бағдат Әлиев пен Кербұлақ ауданы мәслихатының хатшысы Бөкен Қабиұлы  бірінші үйге «Тезек төре көшесі» деп жазылған тақтайшаны ілді. Талдықорғаннан арнайы келген Рысалды әже шашу шашып, жұрттың қуанышын еселей түсті.
Осы тұста шараға қатысқандар Тезек төре есімінің Астана, Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларындағы көшелерге де берілуі керек екенін ұсыныс етті. Көпшілік те бұл ұсыныстың орындаларына сенім білдіріп тарады.  

Саят Бақтыбай,
ЖМУ-дің 3-курс білімгері.
Кербұлақ ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.